Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет32/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
70
оның даму логикасын негіздеуге қолданылатын ғылыми пәнді педагоги-
ка ғылымы пәнінің логикалық құрылымы және оның даму үдерісін ашу 
аясындағы негізгі ұғым болып табылады. Педагогикалық теорияның маз-
мұны жағынан түрліше жалпы логикалық құрылымын табу бір пе да го-
гикалық теорияның идеялары мен әдістерін басқа салаға көшіру, яғни 
олардың жаңа педагогикалық теорияны құрудағы әдістемелік нұсқау ре-
тінде пайдаланылуы үшін мүмкіндік ашады. Бұдан аталмыш ұғымның 
қол данылу саласы педагогтің ғылыми ойлауымен шектелетіні, соған сәй-
кес оның танымдық әрекеті логикалық ережелермен анықталатыны кө-
рі неді. Логика – педагог-зерттеушінің педагогикалық болмысты қайта 
құ рудың жолдары мен тәсілдерін жобалаудағы практикалық әрекетін 
анықтайтын өзара байланысты идеялардың жиынтығы. Ғалым-педагогтің 
зерттеушілік ізденістерінің негізгі сатыларының жүйелілігі және оның 
нақтылы қадамдары да педагогикалық зерттеудің логикасы деп аталады. 
«Педагогикалық талдау логикасы» ұғымы кейде «педагогикалық зерттеу 
әдіснамасы» ұғымымен теңдестіріледі. Алайда логика әдіснамамен теңдес 
емес, өйткені осы заманғы педагогтің ғылыми әрекеті формалды логиканың 
ережелеріне қайшы келуі де мүмкін, алайда, бұл ретте, өз әдіснамасы 
болмақ. Аталмыш жағдаят педагогика әдіснамасының мәнін түсінуде өте 
маңызды. Педагогика ғылымының дамуы ғылыми жүйе құрылымының бір 
ғана логикалық сұлбасының шеңберінен шығатындығын көрсетеді. Бұл рет-
те, сөзсіз, педагогикалық зерттеуде ненің ақиқат екендігі жөніндегі түсінік 
өзгереді. Жаңа ғылыми-педагогикалық жүйенің пайда болуында, мысалы, 
театр педагогикасында немесе музей педагогикасында осылай болады. Бұл 
үдеріс педагогикалық құбылыстарды және үдерістерді, сондай-ақ олардың 
даму жолдары мен тәсілдерін талдауда, себептік-салдарлық байланыстарын 
ашуда тек қана ұтымды әдістерді пайдаланудың мүмкіндігі мен тиімділігі 
байқалады.
Педагог-зерттеушілер үшін әдіснамалық бағдар ретінде педагогикалық 
үдеріс субъектілерінің психологиялық дамуы, басқару не кибернетика 
заңдары жұмыс істеуі мүмкін. Осындай мән-мағынасында «заң» ұғымы 
объективті қолданыстағы тұрақты, қажетті, елеулі байланыстарды білдіреді, 
сондықтан заңды орындау ғылыми-зерттеу немесе педагогтардың жобалау-
қайта құру әрекетінің басты шарты болып табылады. 
Әдіснамалық тұғырлар мега-, макро-, микро- сияқты сатылы үлгісі ар-
қы лы ұсынылады. Мегаәдіснамалық тұғыр (жаратылыстанулық-ғылы ми-
лық және гуманитарлық); макроәдіснамалық (мәдени, синергетикалық, 
ин новациялық, экологиялық); микроәдіснамалық (тұлғалық, жүйелілік, 
әре кеттік және т.б.). Бұл ұсынылып отырған жіктеу құрылымы шартты 
түр де екенін ескерткен жөн. Әдіснамалық білім мен жаңа әдіснамалық құ-
рылымдарды қалыптастыратын басқа әдістер де бар. 


71
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Педагогика тек жаңа фактілермен толықтырылатын жағдайда ғана 
да ми алады. Оларды жинақтау мен түсіндіруде теориялық қағидалардың 
жи ын тығына тәуелді зерттеудің ғылыми-негіздемелік әдістері керек. Оны 
ғы лым тануда «әдіснама» деп атайды. Әдіснама белгілі бір зерттеудің маз-
мұ нында, оның материалында, авторлық ойдың дамуында болады. Ғылым-
ның алға жылжуы оның әдіснамалық бағытына да байланысты болмақ. 
Әдіснама зерттеуді ұйымдастыруда оның нысаны мен пәнінің ерекшелігіне 
сәйкес келетін жалпы қағидаларды әзірлеуді бағамдайды. 
Әдіснамалық ұстанымдардың құрылымы мен мазмұны Б.Г. Ананьев, 
В.И. Андреев, В.И. Беляев, Ю.К. Бабанский, Б.С. Гершунский, В.И. Загвя-
зинский, Б.Т. Лихачев, В.М. Полонский, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, 
Я.С. Турбовской, В.С. Шубинский және т.б. психолог, педагог ғалымдардың 
еңбектерінде қарастырылған. В.И. Загвязинский педагогикалық зерттеудің 
негізін қалаушы қағидалардың арасынан партиялық, ғылымилық қағи да-
ларын, логикалық пен тарихилықтың бірлігі қағидасын, тұжырымдамалық 
бірлік қағидасын, нақты мен міндеттінің байланысы қағидасын, сонымен 
қатар зерттеу жұмысы мен тәжірибелік оқу-тәрбие жұмысының бірлігі 
қағидасын атап көрсетеді. Автор тұжырымдамалық бірлік қағидасының 
құрылымындағы педагогикалық үдерісті зерттеудегі жүйелілік және 
тұтастық ұстанымдарының мәнін қарастырады [84; 85].
Ю.К. Бабанский таптық-партиялық тұғырды, логикалық пен тари хи-
лықтың бірлігі қағидасын, диалектикалық жүйелі-құрылымдық тұғырды, 
іс-әрекеттік тұғырды, педагогикалық құбылыстардың заңдары мен заң-
ды лықтарын анықтау тұжырымдамасын негіздеді. Ал партиялық қағида
таптық-партиялық тұғыр педагогиканың әдіснамалық негіздемесінің идео- 
логияландыруын көрсетеді. Нәтижесінде педагогикалық құбылыстардың 
мәнін бұрмалайтын идеологиялық парадигмалар кең қолданыла бастады, 
дегенмен сол жылдары мұндай тұғыр кеңінен қолданыста болды [21; 22].
Педагогика пәні оқу құралының авторлар ұжымы В.А. Сластенин, 
С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов педагогикалық зерттеудің нақты-
әдіснамалық қағидаларын әзірледі, «жүйелік», «тұлғалық», «іс-әре кеттік», 
«диалогтық», «мәдениеттанымдық»,
«этнопедагогикалық», «антро по ло-
гия лық» сияқты тұғырлардың мазмұнын ашты. Сол себепті В.И. Гинецин-
ский педагогиканың құрылымын педагогикалық аксиология, антрополо-
гия, мәдениеттану, микроәлеуметтануды қамтитынын көрсетті. Бұл, әрине, 
әдіс намалық ұстанымдарды табысты қолданудың нәтижесі болып табыл- 
ды [59].
Білім беру үдерісі – педагогикалық болжамның әдіснамалық қа ғи да-
ларын зерттеу пәні болды. Б.С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» ұғымын 
теория мен тәжірибенің мақсатына жетуге, білім беруде стратегиялық 
шешімдердің вариативтілігі мен көп өлшемді бағалауына, білім беру са-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет