Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет35/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
76
рия лық және практикалық әрекеттің бағдарламасын ұсынатын және қа-
ғи далар түрінде көрсететін әдіснамалық талаптар маңызды орын алады. 
«Әдіс намалық ұстаным» мен «әдіснамалық талап» ұғымдары қосарлануда. 
Өз мазмұны бойынша әдіснамалық талаптар әдіснамалық ұстанымдарды 
қолдану қырларын көрсетіп отырады.
Бүгінгі күні педагогикалық зерттеулерді жүргізу кезінде қолданылатын 
әдіснамалық бағдарларды әртүрлі негіздер бойынша көрсетуге болады. Мы-
салы, педагогикалық болмысты бейнелеуден басталатын және енгізілетін 
өзгерістерін бағалаумен аяқталатын зерттеу кезеңдеріне сәйкес жүйелеу 
нұсқасы болуы мүмкін. 
Мұндай жағдайда әдіснамалық бағдарлар төмендегідей болып топта-
сады:
– педагогикалық шынайылықты бейнелеу (эмпирикалық);
– педагогикалық шынайылық нысандарының табиғатын зерттеу, 
тану (гносеологиялық), ғылыми идея немесе теория тұрғысынан қаралған 
педагогикалық нысанның қайта құрылу үлгісі мен бағдарламасын әзірлеу 
(құрылымды);
– педагогикалық шынайылықты қайта құруға бағытталған педаго ги-
ка лық үдеріске қатысушылардың іс-әрекетінің нормативті үлгісі мен жоба-
сын құрастыру (праксиологиялық);
– білім беру қызметкерлерінің бастамасы бойынша пайда болатын 
педагогикалық шынайылықтың немесе педагогикалық инновацияның ғы-
лы ми негізделген және нысаналы қайта құрылуы нәтижелерін бағалау (ак-
сиологиялық).
Зерттеушілер қоғамдық қатынастар мен құбылыстарды зерттеудің не-
гізгі тұғырнамасы барлық қоғамдық ғылымдар үшін, оның ішінде педаго-
гика ғылымы үшін де ортақ деген тезисті басшылыққа алады. Сондықтан 
олар тұғырнамалық қағидалардың жиынтығын негіздеді. Қоғамдық құ-
былыстарды нақты тарихи тұрғыдан жан-жақты байланыста, тәуелділікте, 
бір ғылым заңдылығы мен екінші ғылым заңдылықтары арасындағы қа ғи-
дасымен, өмір мен тәрбие ұстанымдарының бірлігімен қарастырылуы тиіс 
деп тұжырымдайды. Осыған байланысты қазіргі зерттеушілердің бас шы-
лыққа алатын тұғырнамалық ұстанымдарын атауға болады:
– педагогикалық құбылыстар мен үдерістер арасындағы жалпы бай-
ланыстар мен қатынастар ұстанымы (себеп-салдар тәуелділігі);
– қарама-қайшылықты шешу арқылы оның санының параметрлерін 
сапаға ауыстыру жүйесі ретінде педагогикалық нысанды дамыту ұстанымы;
– белгілі педагогикалық нысандарды өзгерту арқылы педагогикалық 
ақиқатты дамыту ұстанымы;
– педагогикалық ақиқатты анықтауда объективтілік пен субъективтілік 
талдаудың үйлесілімділігі, орын алатын өзгерістерді анықтау мен болжау 
ұстанымы.


77
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Зерттеу барысында гуманитарлық ғылым ретінде педагогиканың тұ-
ғыр намалық ұстанымына сүйену қажет. Бұл ұстанымдар, біріншіден, оның 
нақты мәселелері мен оларды шешудің негізгі стратегияларын анықтауды; 
екіншіден, білім беру жүйесіндегі барлық мәселелердің бағасы мен оның 
сатылы бағыныштылығын анықтауды талдауды; үшіншіден, аталған тұ ғыр-
намалық ұстаным болжаудың толық нұсқасын іске асыруға қол жеткізеді.
Тұғырнамалық ұстаным құрылымында белгілі бір тұғырнамалық әдіс 
қарастырылады, солай болғанмен де, тұғырнамалық ұстанымға қарағанда, 
«тұғырнамалық әдістің» түсінігі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді 
жүргізгенде объективтілік ұстаным тұрғысынан, педагогикалық құ бы лыс-
тардың себептілігі, педагогикалық құбылыстар мен үдеріс тұтастай қа рас-
тырылады. Құбылысты және оның дамуын зерттеу, оның басқа құ бы лыс-
тармен өзара әсерін, үдеріс дамуының өзіндік қозғалысы мен өзіндік дамуы 
тұрғысынан пайымдау аса маңызды.
Ғалымдардың ізденістеріне сүйенсек, осы бағытта әдіснамалық тұ ғыр-
лардың құрылымдық моделі мына төмендегідей мазмұнды сипат алады: 
түріне қарай – символикалық; айтылу формасына қарай – логикалық; зерт-
теу пәні бойынша – педагогикалық; табиғатына қарай – әлеуметтік; зерттеу 
міндеттеріне қарай – толық; қолдану тәсіліне қарай – графикалық; көрінісіне 
қарай – жүйелік. Әдіснамалық тұғырдың құрылымдық моделін құру кезінде 
екі мегаәдіснамалық тұғыр қарастырылды. Табиғи-жаратылыстанушылық 
және гуманитарлық. Бұл тұжырым қоғам, білім даму парадигмасының 
гуманитарлық және ғылыми жаратылыстанушылық мазмұнды сипатына 
сүйенді. 
Бұл саладағы жинақталған теориялық қағидаларды ескере отырып
тұғырларды төрт макроәдіснамалық тұғырға және алпыс микроәдіснамалық 
тұғырға бөлдік. 
Педагогика, оның әдіснамалық негіздемелері мен парадигмалары көп-
тен бері дағдарысты басынан өткізіп келе жатыр. Парадигма – қандай да бір 
теорияның негізінде жатқан және ерекше категориялық аппаратқа ие, соны-
мен қатар ғалымдармен мойындалған негізгі ережелер мен қағидалардың 
жиынтығы. Қазір әлеуметтік білімнің жаңа әдіснамасы аясында субъект-
объект парадигмасының субъект-субъект парадигмасына алмастыру жүріп 
жатыр. 
Зерттеушінің таңдап алған тұғырнамалық бағдарын бағалауда педаго-
гика ғылымының дамуы мен оның әдіснамалық мәдениетіне баса назар ау-
даруымыз керек.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымда жаңа пайда болып келе жатқан 
парадигмаларға кіріктірілген үдерісті бөліп қарастыруға болады: ғылыми-
жаратылыстану тұғырнамасы мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың 
жақындасуы, сонымен қатар олардың тұғырнамалық өзара әсерінің қарама-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет