Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет34/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
74
Ғылымда екі үлкен әдіснамалық бағдар бар, олар: ғылыми-жараты лыс-
та нулық, гуманитарлық. 
Педагогика ғылымында әртүрлі дүниетаным, көзқарас, парадигма лар-
ды сипаттайтын 20-дан астам әдіснамалық бағдарлар кездеседі, олар дың 
көбі мега-, макро-, микроәдіснамалық бағытта орынды көрініс таба ды. 
Ғылыми-жаратылыстанулық пен гуманитарлық мега әдіснамалық бағ дар 
қоғам дамуының ғылыми жаратылыстанулық және гуманитарлық пара диг-
ма ларының мазмұнды сипаттамаларына негізделеді. 
Ғылыми-жаратылыстанулық парадигма мен оған сәйкес келетін ой-
лау дың технократты тұрпаты ғылымды жеке-дара қарастыратын, жалпы 
ғы лыми бейнелер мен нормалардың объективті шындығы, өлшемі прак-
тика болып табылатын классикалық философия негіздемесіне сүйенеді. 
Ғылыми-жаратылыстанулық парадигмада ғылым мен табиғаттағы басқа 
да таным объектілерімен әсерлесуінде адам құбылыстың объектісі ретінде 
қарастырылады. Гуманитарлық парадигма ғылыми зерттеулерге «ада-
ми өлшем» ұғымын ендіреді. Егер ғылыми-жаратылыстану парадигмасы 
ғылымның мұраты ретінде ақиқат, өлшем мен экспериментке бағытталса, 
ал танымның гуманитарлық типі жеке тұлғаға, даралыққа, адамның жеке 
тұлғалық қасиеттеріне сүйеніп, рухани әлеміне бағытталған «субъективтік» 
бағытты жақтайды. Гуманитарлық білім ерекшеліктерінің сипаттамасына 
жататындар: адамның сананы құнды-мағыналы игеруі, оның салыстырма-
лы, өзгерісті болатынын түсінуі және т.б.
Гуманитарлық парадигма бойынша білім беру бағытының өзіндік 
жеке жүйесі бар: адамның жоғары құндылық екенін мойындау, оның жеке 
танылуға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар екендігін 
ескеру, жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына жағдай жасау, оның өзінің 
«Менінің» дамуына ұдайы қолайлы факторларды табу, өзінің өміріндегі 
өзіне қолайлы жағдайларды белсенді түрде іздеп табуы және т.б.
Ғалым С.И. Архангельскийдің жүргізген зерттеуіне жүгінсек, әдіс на-
малық бағыттардың ішінен көбіне қолданылатындары макро ба ғыттылық 
пен микробағыттылық. Макробағыттылықта қарастырылатын нысандардың 
ішкі құрылымы есепке алынбайды да, әртүрлі бір-біріне ұқсайтын, ұқ са-
майтын өзара әрекеттесетін қандай да бір элементтер жиынтығынан тұ-
ратын нысан біртұтастықта қарастырылады. Микробағыттылық күрделі ди-
намикалық жүйенің ішкі құрылымын мұқият зерттеуді қарастырады, оның 
әрбір құрамдас бөліктерін анықтап, олардың өзара бір-бірімен әсерлесуінің 
сыртқы көріністерін ашады. Сипаттамадан көрініп тұрғандай, құрылымды 
модельдеудің екі бағыты бір-бірімен ұштасып, бір-бірін толықтырады [19].
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасай келе, мәденитанымдық макро ба-
ғытқа кіретін жеке тұлғалық, тұлға-бағыттылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық-
әре кеттілік, мазмұндық, логикалық, тарихилық, сапалық, сандық, фе но-


75
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
мендік, өркениеттік, этнопедагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, диаг-
нос тикалық, жобалаушылық, гуманистік, этномәдениеттілік, индуктивтік, 
де дуктивтік, экономикалық, риторикалық, социологиялық және т.б. ба ғыт-
тар екенін пайымдаймыз. 
Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен педагогикаға өз мәртебесін нақты 
негізделген әдіснамалық тұғырлары бар толыққанды гуманитарлық-
ғылыми пәннің дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік беретін әдіснамасының жа-
ңа қалыптасқан парадигмасын ұғыну қажеттілігі көрініп тұр. Бұл тұғырлар 
пе дагогика ғылымы мен практикасын дамыту және болжау әдістері ретінде 
де қолданылуы мүмкін.
Әдіснамалық бағдарлардың қатарына педагогикадағы теориялық және 
практикалық әрекеттердің бағдарламасын ұсынатын әдіснамалық тұғырлар 
мен әдіснамалық қағидалар енеді. Әдіснамалық бағдарлар педагогикалық 
зерттеу мәселесін алға қоюда ғылыми негіздеме үшін және әдістер мен 
оны шешу жолдарын таңдау үшін, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін са-
раптау шегін анықтау және олардың объективті, ғылыми дәлелденген ба-
ғалауының өлшемдерін іздеу үшін керек. Олар тұжырымдамаларды әзір-
леу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасын құру үде-
ріс теріндегі зерттеушінің ғылыми іс-әрекетін өзі реттеуі үшін негіздеме 
бола алады; зерттеушінің ғылыми ойлау бейнесі мен құрылымына, зерт-
теу дің ұғымдық-категориялық аппаратын таңдауға және ғылыми мәтіннің 
тіліне әсер етеді; типологияны құруға негіз бола алады, сонымен қатар пе-
дагогикалық шынайылықты ғылыми танудың нақты үлгілері мен түр лерін 
көрсетеді. 
Ғылымда әдіснамалық тұғыр табиғи немесе әлеуметтік шындықтың 
қандай да бір нысанын тану немесе қайта құру үдерістерінде қолданылатын 
ұғымдардың, идеялардың, үлгілер мен тәсілдердің кешенін түсіну деп ай-
тылады. «Тұғыр» ұғымын, оның әдіснамалық мағынасында зерттеуші әре-
кетінің ғылыми негізделген тәсілі ретінде анықтауға болады. Философия 
макрообъектілерді зерттеуде үш әдіснамалық тұғырды пайдаланады: құ-
рылымдық-қызметтік тұғыр әлеуметтанудан алынған, құрылымдық тұғыр 
лингвистикадан, жүйелік тұғыр жаратылыстанудан алынған. Осы тұ ғыр-
ларды педагогикалық түсіндіру пәнаралық әдіснаманы жасау факторы бо-
лып табылады.
Әрбір әдіснамалық тұғырдың негізінде педагогикалық нысанды тану 
немесе қайта құрудың іргелі идеялары жатыр, сондықтан зерттеу тәртібіне 
сай әр педагог өзі таңдаған ғылыми тұғырдың ережесін ұстануы керек. 
Таңдалған басты ғылыми бағдарға сәйкес, ол өз табиғатына қарай әртүрлі 
– қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, зерттеуші педагогикалық 
шын дықты тиісті тұғырдың ұғымдарына және теориялық біліміне сай тұ-
жы рымдайды. Әдіснамалық талаптардың құрамында педагогикада тео-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет