101
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
теориялық және практикалық мәселелерінің, мақсатқа жетуге ықпал ететін
объективтік және субъективтік факторлардың
есебі мен қолданылуының
әдіснамалық мәселелерін зерттеп келеді. Олар оқыту мен тәрбиелеудің
қозғаушы күшінің әдіснамалық тұжырымдамасын дамытып, қарама-қарсы
жақтың табысқа жету шамасының бірлігін, үйлесімділігін, тәсілдерінің
ұстанымдарын нұсқау ретінде ұсынады.
Болгар ғалымы И. Марев «Дидактиканың әдіснамалық негіздері» мо-
нографиясында жалпы әдіснамалық мәселелермен (жалпы
дидактиканың
мәселелері, пәні, құрылымы, басқа ғылымдармен байланысы және т.б.)
қатар теориялық мәселелерді де (оқу бағдарламаларын құрастыру, ин тел-
лек тіні дамыту, оқулықтың функциялары мен оны құрастыру, оқытуда
компьютерлендіру және т.б.) қарастырады.
Дидактикалық зерттеудің типтері және олардың мақсаты мен мазмұнын
4-кестеден көруге болады. Дидактикалық зерттеудің пәні оқу үдерісінде, оның
барысында, әдісінде, құралдары мен ұйымдастырылуында қойылған мақсатқа
сай көрінетін барлық саналы дидактикалық қызмет болып табылады.
Барлық ғылыми зерттеулер оның әдіснамалық негізделуінен бастала-
ды. Ю.К. Бабанскийдің пікірі бойынша, әдіснамалық негіздеу зерттеулер
тұжырымдамасының (мәселенің тарихи-логикалық талдауы, зерттеу пәнін
диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасына біртұтас
тұғыр
тұрғысынан келу, педагогикалық құбылыстың даму үлгісі болып
табылатын қарама-қайшылықтарды айқындау, қарастырылып отырған пе-
дагогикалық құбылыстың, үдерістің және басқалардың дамуының заң ды-
лықтарын анықтау сипаттамалары және т.б.) негізі болып табылатын туыс-
тас ғылымдар көздеріне талдаудан тұруы керек. Ғалымның дидактикалық
зерттеулердің әдіснамалық негізділігін талдауынан оның материалистік
диалектиканың заңдары мен категорияларын дидактика мәселесін зерттеуді
ғылыми қамтамасыз етуге пайдаланғанын байқаймыз.
Оқыту үдерісінің әдіснамалық негіздерін қарастырған кезде оның әдіс-
терін анықтау өте маңызды. Педагогикалық әдебиеттерде мұндай әдістерді
көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Л.В. Занков дидактикалық зерттеу-
де байқау, талдау және тәжірибені жалпылау, дидактикалық эксперимент
әдістерін қолданған. Ол зерттеудің әдіснамалық аспектісіне көңіл аудару-
ды ескерту және экспериментті педагогикалық зерттеудің жетекші әдісі ре-
тінде қолданады.
Педагогикалық әдебиеттерде дидактикадағы лабораториялық экспе ри-
менттің мүмкіндіктері туралы арнайы қарастырылған. Дидактикалық зерт-
теулердегі лабораториялық эксперимент сенімді мәлімет алуды қамтамасыз
етеді. Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін белгілі ресейлік
ғалым В.И. Загвязинский тұжырымдады, ол дидактикалық зерттеудің жал-
пы ғылымилық және объективтілік ұстанымдарын зерделеді.
1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
102
Педагогикалық зерттеу үшін аса маңыздысы – әрбір зерттеуде нысанның
тарихы (генетикалық қыры), сонымен қатар оның теориясын (құрылымы),
қызметтерін, қазіргі жағдайдағы нысанның байланыстарын үйлестіру.
Тарихи талдау тек белгілі бір педагогикалық
тұжырымдама тұрғысынан
ғана мүмкін болады, ал теориялық талдау нысанның генезисін (шығуы,
пайда болуы) зерделемейінше мүмкін емес. Қарастырылған ұстанымнан
сабақтастық, жинақталған тәжірибені және практиканың дәстүрлерін,
педагогиканың бұрынғы жетістіктерін есепке алу талабы туындайды.
4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: