251
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы
жетекші ғылыми мектептер
болады, сондықтан оқыту тәсілдерін іріктеуде пәннің жетекшілік қызметін
ескеру керек.
Оқулық – білім мазмұнын оқу материалы деңгейінде нақтылы түрде
көрсетудің негізгі формасы.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесі
В.Н. Максимова, А.С. Роботова, Г.И. Щукинаның дидактикалық зерттеу-
ле рінде қарастырылған. Г.И. Щукина танымдық қызығушылық мәселесін
тұ тастық
тұғырымен талдай келе, «танымдық қызығушылық – тұлғаның
таңдаулы бағыттылығы, таным саласына жолдауы, тіршілігіне, белгілі
әлеуметтік жағдайларда қалыптасқан тұлғаның маңызды білімді меңгеруі»
деп анықтаған. Ғалым сабақты танымдық қызығушылықты оқушының
тұрақты танымына айналдыратын сабақтан тыс уақыттың орнын ерекше
бағалап, оған мән бередді.
ХХ ғасырдың 60-жылдардың ортасынан бастап дидактиканың даму
барысына жасалған талдау педагогика ғылымының бұл саласында едәуір
алға жылжушылық үдерісін байқатты. Бұл, ең алдымен, оқу-тәрбие үде-
рісін зерделеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін
анықтаудан, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашуға ұм-
тылудан көрінеді. Осы негізде оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру
мәселелеріне көңіл аудару күшейе түсті және бұл үдерістің мазмұнын ашып
көрсетуде белгілі бір жетістіктерге қол жетті.
Дидактика тарихын зерттеушілер жүйелілік тұғырын зерттеу нысаны-
на
көшіре отырып, ол нысанды ұғымдардың жиынтығы (оқыту мақсаты,
оқыту ұстанымдары, оқыту әдістері, оқытудың ұйымдастырушылық фор-
малары, оқушылар білімін тексеру) деп қарастырды.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін
О.А. Нильсон зерттеді. Танымдық әрекетті ұйымдастыруға қолайлы
жайттарды іздестіру проблемалық оқытудың терең зерттелуіне әкелді
(М.И. Махмутов, Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, Т.И. Шамова, Г.И. Щу -
ки на және т.б.). И.Я. Лернер проблемалық оқыту теориясын дамыт ты,
оқы ту әдістері жүйесінің дидактикалық негіздерін анықтады. Л.Я. Зори-
на жаратылыстанулық-ғылыми білім беру
мазмұнын қалыптасты ру тұ-
жы рымдамасын жасады. И.К. Журавлевпен бірге ғылым негіздері нен оқу
пәнінің дидактикалық моделін құрды. В.С. Цетлин оқушылар дың сабақ та-
ғы және сабақтан тыс танымдық әрекетін ұйымдастыру, оқытуда ғы қиын-
дықтар мәселелерін зерделеді. Оқыту үдерісін тұтас талдау Ю.К. Бабанский-
ге оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру теориясын жасауға мүмкіндік берді.
70-жылдардың екінші жартысынан бастап жалпы орта білім беру мазмұны
теориясын жасау саласында жаңа зерттеулерге талпыныстар басталды.
Білім беру мазмұны мәселесін терең зерттеу «білім беру мазмұны»
түсінігін нақтылауды талап етті. Бұл мәселені шешуде И.Я. Лернер ма ңыз-