Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет96/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
248
анықталды, шын мәніндегі оқу пәнінің дидактикалық моделі жасалды
(И.К. Журавлев). Жоғары оқу орындары пәндеріне қатысты бұл бағыттар 
қазіргі уақыттың талаптарын ескере отырып қайта жасалды. 
Білім мазмұнын құру мәселесімен айналысатын ғалымдар ғылымның, 
білім жүйесі ретінде білім мазмұнының құрамына және құрылымына әсер ету 
үдерісін зерттеп, ғылымның білім мазмұының барлық құрама бөлшектерінде 
көрінетінін байқаған. Олар білімнің үш аясын бөліп көр сетеді: жеке пән 
бөлімдері, танымның арнайы әдістері жөніндегі бө лім дер және тарихи-
ғылыми бөлімдер. Пәндік ғылыми білімдер ғылым негіздері (физика, химия, 
биология, астрономия, тарих, география) жетекші бөлік болып табылатын 
оқу пәндерінде ғылымның барлық құрылымдық бөліктері ұғымынан бастап 
теорияға дейін көрініс табады (С.И. Архангельский және т.б.).
Зерттеушілер білім мазмұнын анықтау үшін негізгі үш шартты: бі-
ріншіден, ғылымның дамушы салаларын түсінуге және меңгеруге, сондай-
ақ соған сәйкес дағдылар мен іскерліктерді игеруге қажетті, жеткілікті 
деңгейде тұрақты іргелі және қолданбалы білімдердің кейбір көлемдерін 
анықтау; екіншіден, ғылым мен техниканың сәйкес салаларының негізгі 
бағыттарын, идеяларын және қарқынын айқындау; үшіншіден, студенттердің 
жалпы және ғылыми дамуының деңгейіне, олардың дүниетанымына және 
көзқарастарына қойылатын нақты талаптарды ұсынуды қарастырады. 
Ғалымдар анықтаған ғылыми пәннің белгілерін жүйелей және қо ры-
тындылай отырып, ғылыми пәнді құрастыру қағидаларын ұсынды: 
– пән – білім жүйесінің талабына сәйкес оқытуға бейімделген ғылыми 
білімдер, рәсімдер, әдістер тобы және мазмұны;
– ғылыми пәннің жеке зерттеу пәнінің болуы;
– зерттеу мен оқытуда пайдаланатын әдістер;
– теорияны құрастырудың арнайы тәсілдері;
әдіснамалық бағдар;
– ғылыми пәннің басқа пәндермен өзара байланыстары; 
– басқа пәндер үшін теориялық және әдіснамалық мәнділігі; 
– әлеуметтік маңыздылығы: ғылыми мектептер, зерттеуші топтар 
және т.б.;
– пәнді қоғамның мойындау дәрежесі
– зерттеу нәтижелерінің практикаға қосқан үлестерінің мүмкіндіктері;
– зерттеу міндеттерін шешудің құндылықты мақсаттары мен үлгілері.
Бұл ереже де ғылымның пәндік моделін бағалау үшін жеткіліксіз бо-
лып табылады. Зерттеушілердің пайымдауынша, ғылым оқыту үрдісінде 
белгілі бір бағыт-бағдар бергенмен, бұл оның басты қызметі емес. Оқу 
пәні ғылымды толығымен қамтымайды, оның негізін ғана білдіреді, 
себебі оқитын адамның дайындығы мен жасы, оқыту міндеті ескеріледі, 
оның негізгі қызметі – оқыту. Пән ғылым жүйесінің нақты көшірмесі бо-


249
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
луы міндетті емес. Пән құрылымын анықтауда біліммен қаруландыру 
мін деті бірінші орынға шығарылады. Оқулықты құрастырғанда ғылым 
мәліметтерінің жаңа көшірмесі жасалмайды, ғылым жүйеленіп, ұғымдар 
нақтыланып, тереңдей түседі. Оқулық өзінің негізгі оқыту қызметін атқара 
отырып, белгілі бір жүйеде құрылады. Кей жағдайда оны құрастырудың 
осы жүйесі ғылымның өзіне де оң ықпалын тигізеді. Оқу пәні ғылымдағы 
тиімділерін өзіне кіріктіре отырып, ғылыми нәтижелерді тексеруге қызмет 
етеді. Ғылыми ұғымдар оқу пәнінде шығармашылықпен қайта өңделгеннен 
кейін, ғылымда нақтыланып, өзгерген түрде пайдаланылуы мүмкін.
Бұл тұрғыда оқу пәндері әлеуметтік шындықтың көптеген аймақтарымен 
байланысқан тарихи дамуда болатын педагогикалық практиканың аясында 
қалыптасады және жұмыс істейді.
Оқу пәнін құрастыру мәселесі белгілі бір дәрежеде білімді іріктеу 
және сол білім түрлерінің өзі қалыптасқан мәдени қордан алынуының
оқу-тәрбие үрдісіне сәйкес іріктелген білім жиынтығын ретке келтірудің, 
білім құрауыштары мен сол білім түрлерінің өзін ажыратудың, білімді сұ-
рыптау және жіктеу өлшемдерінің мәселелері болып табылады. Қазіргі 
педагогикалық әдебиетте оқу пәні бірнеше компоненттерден тұратын 
құрылымы ретінде көрсетіледі: идеялық-теориялық түйін; базалық (негізгі) 
мазмұны; қызметтік (қосымша) мазмұны және факультативтік бөлігі.
Осы тұрғыда оқу пәнінің жобасын құрастыру үшін төмендегідей 
тапсырмалардың мағынасы маңызды екендігі дәлелденді. Ол тапсырмалар:
– құрастырылатын оқу-танымдық әрекетінің пәндік аймағын анықтау:
– танымдық қызметке кіретін нысандар шеңберін сызып көрсету;
– көрсетілген нысандарды зерттеп-үйрету үшін қажетті ұғымдар
мәселелер мен әдістер тізбегін бағыттап көрсету;
– оқу пәні шегінде игерілетін заңдылықтарды тұжырымдау. 
Оқу пәні заңдардың, ұғымдар мен ғылыми әдістерінің қарапайым 
жиынтығы емес, басқа да маңызды құрауыштардан тұрады, бұл тұғырда 
оны оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жасалған «ерекше білім» деп 
қарастыруға болады. Ертеректе оқу пәнін ғылым негіздерінің синонимі 
деп қарастырады, бұл оның тар мағынасы еді, шындығында, оқу пәнінің 
құрамына түрлі мазмұнды игеру үшін қолданылатын тәсілдер енгізілген.
Оқу пәні – оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу 
мен дамытуға бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын 
құрал.
Білім мазмұны мен оқыту пәні бір-бірімен мақсат және құрал ретінде 
байланыста болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері – біртұтас ұғым, ал оның 
құрамдас бөлігі болып табылатын «оқу пәні» құрамы және жүйесі жағынан 
мазмұны мен үдерістен құрылған. Оқу пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі – 
мазмұн мен құралдар блогы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет