Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет88/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогикалық зерттеудегі модельдердің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
2. Модельдің құрылымын негіздеңіз.
3. Өз зерттеуіңіз бойынша құрастырған теориялық модельді түсіндіріңіз.
4. Әдістерді дұрыс таңдаудың өлшемдерін негіздеңіз.
5. Педагогикалық зерттеудегі теориялық әдістерге сипаттама беріңіз. 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
224
6. «Педагогикалық теория» ұғымына берілген бірнеше анықтамаларды салыс ты-
рыңыз.
7. Түсінудің жалпы теориясы – герменевтиканың педагогикадағы қолданысын негіз-
деңіз.
3.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нәтижелерін
 білім беру ұйымдарының практикасына ендіру
Дидактикалық зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және енгі зу. 
Апробация – бұл шынайылықты дәлелдеу, жұмыс нәтижесіне оп по нент-
тердің сындарлы бағасы, сыны. Апробация, яғни ресми мақұлдау кезінде 
жұмыстың мәнін бағалау, ұғыну және туындаған сұрақтар, оң және сын 
пікірлер, қарсылықтар мен кеңестер орын алады. Олар жұмысты одан әрі 
жетілдіруге ынталандырады, негіздемесін тереңірек дәйектеп немесе зерт-
теу қағидаларын дәлелдеу тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Апро-
бация болжамның дұрыстығына көз жеткізуге немесе оны жөндеп қайта 
қарауға көмектеседі. Сонымен қатар ұсыныстарды, ескертулерді, кеңестерді 
ескеруге мүмкіндік жасайды, сөйтіп жұмыстың сапасын жақсартуға, 
нәтижені барынша дәлелді, сенімді етуге болады. Әсіресе оппоненттердің 
мәселелік, келешек үшін маңызды, мақсатты, жаңа жақтарына, дәлелдеудің 
жаңа деңгейіне бағдарланған сұрақтары өте құнды болып табылады. Мұнда 
зерттеу жұмысын барынша анық, түсінікті етіп баяндауды ойластыру аса 
маңызды.
Кез келген ғылыми мәселені шешудің міндетті элементі жасалған қа-
ғидалар мен идеяны дидактикалық практикаға ендіру болып табылады. 
Зерттеуші ғылыми ізденісінің соңғы қорытынды кезеңінде диссертациялық 
зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелерді жинақтап, болашақта қолдану 
мүмкіндіктерін қарастырып, практика жүзінде меңгеру жолдарын ойласты-
руы керек. Ғылыми зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін практикаға ендіру 
үдерісі дәлелденген, тексерілген зерттеу нәтижелерін, қорытындылар мен 
ұсыныстарды өмірде жүзеге асыру арқылы жалғастырыла беруі керек. 
Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізудің табысты болуы, теориялық және 
әдістемелік ұсыныстарды және тұжырымды нақты норматив, ереже және 
әдістемелік ұсыныс, тұжырымдама, ұйғарым деңгейіне жеткізу бәрінен 
бұрын зерттеушінің дайындығына байланысты анықталады. 
Әдістемелік ұсыныстар әдетте педагогикалық практикада оқулық, 
оқу-әдістемелік құралдар және әдістемелік құрал, оқыту мен тәрбиенің 
әдістемесін жазу жолымен жүзеге асырылады.
Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу үдерісін бірнеше буынға бөлуге 
болады:


225
3.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нәтижелерін білім беру ...
– практиктердің зерттеу қорытындыларымен және ұсыныстармен та-
нысуы;
– зерттеу нәтижелеріне қызығушылық, жағымды қатынастың қа лып-
тасуы;
– лауазымды тұлғаларды оларды пайдалана білуге, жаңа идеяны, 
ережелерді, әдістері мен тәсілдерін практика жүзінде және студенттерді 
оқытуда қолдануға практикалық үйрету;
– педагогтарға зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісіне белсенді 
түрде енгізуді ұсыну және оны бақылауға алып отыру.
Бұл буындардың барлығы да зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты да, 
оларды жаппай практикаға ендіруді ұйымдастыруды да қамтиды. Ғылыми 
ізденістің барысы және қорытындысы туралы ақпарат алудың негізгі 
көздері зерттеушінің немесе өзге мамандардың дәрістер оқып, лауазымды 
тұлғалар алдында оларды қызықтыратын материалдармен, ғылыми хабар-
ламалармен шығуы болып табылады.
Ғылыми нәтижелерді сынақтан өткізу мен практикаға енгізудің мына-
дай жолдары бар:
– алынған нәтижелердің республикалық, шетелдік баспасөзде, эн ци-
клопедиялық басылымдарда жариялануы;
– педагогикалық қауымдастық алдында халықаралық, республикалық, 
аймақтық конгрестерде, симпозиумдарда, ғылыми-практикалық конфе-
ренцияларда, семинарларда, тренингтерде, педагогикалық оқуларда, слет-
терде, білім беру қызметкерлерінің съездерінде, жоғары оқу орны ОПҚ 
(оқытушы-профессорлар құрамы) алдында, конференциялар мен семинар-
ларда, білім беру қызметкерлерінің тамыз конференцияларында баяндама-
лар жасауы;
– зерттеудің негізгі қағидаларын кафедра, зертхана, Ғылыми зерт-
теу институтының, ЖОО-ның ғылыми кеңестерінде, орталықтарда, педа-
го гикалық кеңестерде, мектептердің педгогикалық кеңесі мен әдістемелік 
бірлестіктерінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, өзге де салалық 
мекемелердің алқаларында, магистранттардың, докторанттардың әдіс на-
малық семинарларында талқылау (жасалған шараларды өткізу және нәти-
желер жоспарына сай болуы);
– ЖОО-ның, колледждердің, мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне бағ-
дарлама, оқулық, әдістемелік ұсыныстар, стандарт, пән бойынша оқу-әдіс-
те мелік кешен енгізу);
– республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларға 
қатысу (ҒЗЖ-ның бағдарламасы, жарияланымдар, ғылыми зерттеу жұмыс-
тары есептері, № мемлекеттік тіркеу болуы);
– «Жылдың үздік оқытушысы» конкурсында грантқа ие болу, «Жыл-
дың үздік мұғалімі» және Ы. Алтынсарин, М. Әуезов атындағы сыйлықтар 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
226
конкурсына қатысқаны туралы құжаттардың болуы, әкімшілік, үкімет, Пре-
зидент конкурстарына қатысқаны туралы құжаттарының және еңбектерінің 
тізімінің болуы;
– ізденушінің қызметі туралы, шығып сөйлегендері туралы және т.б. 
(шығыс деректерімен);
– салалық, салааралық және халықаралық ұйымдардың (академия-
лар дың, университеттердің, институттардың және т.б.) мүшесі болуы;
– еңбектеріне жасалған сілтемелердің болуы (түпнұсқадан көшірмесі);
– ізденушінің ғылыми еңбектері туралы оң пікірлер;
– зерттеу тақырыбы туралы радио-, телебағдарламаларда, газеттерде 
жариялануы.
Демек, зерттеу нәтижелерін және ғылыми ұсыныстарды практикаға 
ендіру педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениетінің мазмұндық та, 
үдерістік те құрауыштары болып табылады.
Ғылыми танымның түсінік аумағын анықтау үшін зерттеуші термин, 
дефиниция, ұғым және категория сөздерінің мағынасын түсініп, білуі ке-
рек. Ұғым – ақиқат өмірдің таным үдерісінде бейнеленуінің бір түрі. Ұғым 
ғылымда бірден орнықпайды. Олар ақиқат дүниенің және эмпирикалық 
тәжірибенің мәнін түсінудің нәтижесі сол немесе өзге ғылымның бөлігі 
ретінде қалыптасады. Термин – ұғымның ғылымның даму бағытының нақты 
шегіндегі басқа ұғымдармен арақатынасын ашуға арналған сөз, сөз тіркесі 
және белгілер арқылы айтылуы. Ғылыми терминологияның белгілі бір өзіне 
тән тәртібі болады. Жинақталған білімдер жүгі ғалымдарға педагогиканың 
ғылыми терминологиясының барлық жүйесі өзара байланысты түсініктер 
блогын құрайтын бірнеше терминдерден тұрады деп сендіруге мүмкіндік 
береді.
Осы кезге дейін ұғымға нақты ғылыми категория ретінде мәнді түсінік 
берілмеген, сондықтан оны былайша қарастырады:
– ғылыми зерттеулерді жинақтау, пәннің мәнін көрсететін зерттеу 
пәнінің танымдағы зерттеу аппараты;
– педагогикалық құбылыс туралы белгілер жүйесі түрінде дәл грам-
матикалық рәсімдеу;
– мәнді қасиеттерді кескіндейтін ойлау формасы, педагогикалық 
құ былыстар және педагогикалық құбылыстар мен олардың қайшылық та-
рының байланыстары және дамуы;
– кейбір педагогикалық құбылыстардың ортақ белгілері негізінде 
жалпылаушы және айқындаушы ойдың (ойлар жүйесі) қалыптасуы;
– сезіммен қабылданған жалпы ортақ қасиеттері бар педагогикалық 
құбылыстар мен үдерістерді қысқарту;
– педагогикалық ойлаудың даму сатысы ғылыми-зерттеу мәдениетінің 
элементі және педагогика ғылымы дамуының негізгі кезеңі ретінде.


227
3.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нәтижелерін білім беру ...
Мұндай толық емес тізімнен ұғымның педагогикалық нысанның (құ-
былыстың, үдерістің немесе жүйенің) табиғатын ашатын, аяқталып қал-
ған және біткен нысан емес, оның өз ішінде даму мүмкіндігінің бар еке нін 
көруге болады. Сондықтан педагогикалық ғылым терминологиясы түсі нік-
тілік аппараттың дамуы есебінен байитыны кездейсоқ емес.
Дидактикалық ұғым – бұл дидактикалық нақтылықты тану үдерісінің 
дидактикалық құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің жалпы, ар-
найы белгілері бойынша тиянақтау арқылы алынған нәтижесі.
Дидактикалық термин – бұл дидакт-зерттеушілердің қабылдаған және 
заңдастырылған дидактика ғылымындағы белгілеу, атау немесе қандай да 
бір дидактикалық ерекшеліктің (феномен) аты.
Дидактикалық анықтама (дефиниция) – дидактикалық ерекшеліктің 
(феномен) өзгеше, өзіне тән белгілерін айқындайтын, маңызды белгілерін 
суреттейтін, оның мәнін ашатын шама. Сол бір дидактикалық терминге 
дидактикалық феноменді зерттеу мүмкіндігіне қарай сол немесе өзге тео-
риялық-әдіснамалық көзқарас тұрғысынан әртүрлі анықтамалар берілуі 
мүм кін. Кез келген ғылымның даму үдерісінде ұғымдар бірігеді, іріленеді 
және ғылымның неғұрлым жалпы, іргелі, бұдан өзге де белгілі бір ғылымда 
қолданылатын ұғымдар пайда болатын «тектік» түсінігіне, категориясына 
қарай өзгереді.
Ұғымдық-терминологиялық жүйе диагностика және түрлену әдіс те-
рімен, әдістемесімен, алгоритмімен, модельдермен қатар, зерттеудің ғы-
лыми аппаратының бір бөлігін білдіреді. 
Келесі рәсімді келтірген пайдалы деп есептейміз:
– үдерістің маңызды аумағын бейнелеуге жеткілікті болатын зерт-
теудің базалық ұғымдарының шеңберін (тізімін) анықтау. Олардың ішіне 
зерт теу ерекшелігіне орай білім беру, әлеуметтендіру, дербестендіру, тәр-
бие леу, оқыту үдерісінде тұлғаны дамыту, қалыптастыру, ақпарат, оқыту, 
ынталандыру, парадигма және т.б. сияқты ұғымдар да кіруі мүмкін;
– мағыналық толықтыру бойынша базалық ұғымдардың мәндестігін 
орнату, егер мәндес болмаса, онда оған анықтама және түсінік беру;
– зерттеу авторының енгізген авторлық ұғымы және авторлық түсін-
дірмесін айқындау және түсіндіру;
– туынды ұғымдарды айыра білу. Мысалы, «әлеуметтендіру» базалық 
ұғымымен қатар әлеуметтік бейімделу, әлеуметсіздену, ауытқу, әлеуметтік 
тәртіп және т.б.;
– ұғымдардың белгілі бір түсінік матрицасы, түсінік қатары сияқты 
логикалық қатарын түзу. Мұндай қатарды түзудің негізі әрекет теория-
сы, тұлғалық-әрекеттік тұғыр, мақсатты-бағдарламалық басқару теориясы 
және т.б. сияқты негіз қалаушы теориялар болуы мүмкін.


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
228
Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастыру төрт түйінді кезеңге бө-
лінеді: 
– зерттелуші үдерістің және ұғымның тұтас, сонымен қатар оның 
құрауыштары немесе қырларын айқындайтын құрылымын (ұғымдық мат- 
рица) анықтау;
– ұғымның мазмұнын, олардың белгілі немесе жаңа енгізіліп отырған 
терминдер арқылы терминологиялық айтылуын анықтау, оларды негіздеу;
– категорияларға (негізгі, базалық ұғым) бөлу, категориялық-ұғым-
дық жүйе түзу;
– ұғымдық жүйе элементтерінің өзара қарым-қатынасын, оның зерт-
телуші үдерістер мен құбылыстардың тереңдік және тұтастық дәрежесін 
ашу. 
Дидактикалық зерттеулер педагогикалық болмысты теориялық зер-
делеу мен сипаттаудың түрлерінің бірі бола отырып, зерттеу пәнінің та-
биғаттың ерекшелігін жиынтықтап ашатын ұғымдық бейнесінен басталады.
Ұғымды таңдау зерттеу нысаны қарастырылатын көру логикасы ре-
тінде анықталады. Сондықтан ұғым арқылы айқындалған дидактикалық 
құ былыстың мәні таңдалып алынған авторлық көзқарастың зерттеудің 
мақсаты мен міндеттері анықтайтын туындысы болып табылады. Зерттеу 
міндеттерінің тіпті бір пәннің болса да әртүрлілігі дидактикалық болмыстың 
бейнеленуінің әртүрлі алғышарттарын жасақтайды. 
Ұғымды таңдау барысында зерттеуші ғылыми терминологияға қойы-
латын жалпы талаптарды ескеруі керек: 
– дәлдік – мағынаның біртектілігі; 
– анықтық (айқындық) – педагогикалық нысанның мәнді белгілері 
мен сапаларын бөліп ала отырып, анықтама беруге мүмкіндік;
– жүйелілік – ұғымның педагогика ғылымының ұғымдық аппара тын-
дағы орнын анықтау. 
Категория, термин немесе ұғымды жиі анықтау ғылыми-зерттеу әреке-
тінің теориялық нәтижелерінің түрлерінің бірі ретінде қарастырылады. 
Ұғымдық-терминологиялық жүйенің маңызды сипаттамаларының 
қатарына төмендегілер жатады:
– педагогикалық құбылыстың мазмұнын ашудағы тазалық;
– ұғымның пәндік анықталғандығы;
– ұғымды талдаудың бірмәнділігі;
– өнімділік зерттеу нәтижелерін анық көрсетудің құралы ретінде;
– терминдерді бірегейлендіру, яғни мағынасы мен мәнін тәртіпке 
келтіру.
Зерттеушінің таңдап және реттеген ұғымдардың жүйесі категориялар 
төңірегінде – біршама терең және жалпылама деңгейде құрастырылған 
жүйенің негізі ретінде шоғырланған. 


229
3.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нәтижелерін білім беру ...
Байытылған, логикалық рәсімделіп айтылған ұғым мазмұны қарас ты-
рылып отырған нысанның тегі, зерттеудің пәндік аумағы көрсетілген және 
түрінің айырмашылығы, маңызды белгілері арқылы анықталған және қа-
сиеттері айқындалған анықтама болып табылады.
Ұғымдық қатарды, жекелеп алғанда терминологиялық матрицаны 
жасақтаудың басқа да бағдарлаушы алгоритмі төмендегі амалдардан (опе-
рациялардан) тұратын әдістері бар: 
– базалық ұғымдар тізімін жасау; 
– бірдей параметрлерді анықтау үшін салыстырмалы аналитикалық 
мәліметтер матрицасын құру; 
– матрицалар координаталары бойынша мәліметтерді ойша іздеу 
және жоқ мәліметтерді анықтау; 
– терминдерді жинаудың толықтығының және толық еместігінің 
есебі және осының негізінде мәселенің жасақталуының бағасы;
– ғылыми ізденістің келесі міндеттерін анықтау және нақтылау.
Ұғымдар қатарының логикалық құрылымын жасауда зерттеушінің 
ақырында зерттеу пәнін түсінуде және оның табиғатын ашуда түбегейлі өзге 
ұғым алуы маңызды. Зерттеуші ұғымдық жүйе құруда пәндік анықтылықты 
басшылыққа алуы керек. 
Зерттеуші ұғымды талдауға, бәрінен бұрын зерттеу мәселесін талдау 
кезеңінде қарайды. Мұнда терминдер қорынан негізгі, одан кейін негізгіден 
жоғары тұратын жалпы түсінік ескеріледі, орталық базалық ұғымдарды 
айрықша бөлуге болады (олар бірнешеу болуы мүмкін) және шалғай, 
шеткері ұғымдар қарастырылады. 
Алғашқы кезеңде зерттеуші библиографиялық дерек көздерін іздеу 
мақсатында зерттеу мәселесі айқындалған ұғымдарды таңдаудан бастайды. 
Қорытынды кезеңде ол ұғымдардың анықтамасына, мазмұнына, көлеміне, 
басқа ұғымдармен байланысына және практикалық әрекет туралы түсінікке 
түзету енгізу үшін қайтадан ұғымға назар аударады.
Диссертация жұмысын бір ізбен, ретті және жүйелі жүргізуді қам та-
масыз ету үшін төмендегіше зерттеу бағдарламасын жасау қажет:
– ғылымда бұл мәселе туралы не белгілі?
– оқытудың бұл бағытында (аспектісінде) практиканың жағдайы 
қандай? 
– мәселе бойынша жетекші идеяның даму үрдісі қандай?
– зерттеудің жетекші идеясы ретінде нені алуға болады?
– зерттеушіге ұжымда өз көзқарасын қалай насихаттауға болады?
– педагогикалық жаңалықтардың қандай тиімділік критерийлерін 
таңдау керек?
– зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде зерттеу жұмысының әдістері және 
мазмұны қандай болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет