249
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
луы міндетті емес. Пән құрылымын анықтауда біліммен қаруландыру
мін деті бірінші орынға шығарылады. Оқулықты құрастырғанда ғылым
мәліметтерінің
жаңа көшірмесі жасалмайды, ғылым жүйеленіп, ұғымдар
нақтыланып, тереңдей түседі. Оқулық өзінің негізгі оқыту қызметін атқара
отырып, белгілі бір жүйеде құрылады. Кей жағдайда оны құрастырудың
осы жүйесі ғылымның өзіне де оң ықпалын тигізеді. Оқу пәні ғылымдағы
тиімділерін өзіне кіріктіре отырып, ғылыми нәтижелерді тексеруге қызмет
етеді. Ғылыми ұғымдар оқу пәнінде шығармашылықпен қайта өңделгеннен
кейін, ғылымда нақтыланып, өзгерген түрде пайдаланылуы мүмкін.
Бұл тұрғыда оқу пәндері әлеуметтік шындықтың көптеген аймақтарымен
байланысқан тарихи дамуда болатын педагогикалық практиканың аясында
қалыптасады және жұмыс істейді.
Оқу пәнін құрастыру мәселесі белгілі бір дәрежеде білімді іріктеу
және сол білім түрлерінің өзі қалыптасқан
мәдени қордан алынуының,
оқу-тәрбие үрдісіне сәйкес іріктелген білім жиынтығын ретке келтірудің,
білім құрауыштары мен сол білім түрлерінің өзін ажыратудың, білімді сұ-
рыптау және жіктеу өлшемдерінің мәселелері болып табылады. Қазіргі
педагогикалық әдебиетте оқу пәні бірнеше компоненттерден тұратын
құрылымы ретінде көрсетіледі: идеялық-теориялық түйін; базалық (негізгі)
мазмұны; қызметтік (қосымша) мазмұны және факультативтік бөлігі.
Осы тұрғыда оқу пәнінің жобасын құрастыру үшін төмендегідей
тапсырмалардың мағынасы маңызды екендігі дәлелденді. Ол тапсырмалар:
– құрастырылатын оқу-танымдық әрекетінің пәндік аймағын анықтау:
– танымдық қызметке кіретін нысандар шеңберін сызып көрсету;
– көрсетілген нысандарды зерттеп-үйрету үшін
қажетті ұғымдар,
мәселелер мен әдістер тізбегін бағыттап көрсету;
– оқу пәні шегінде игерілетін заңдылықтарды тұжырымдау.
Оқу пәні заңдардың, ұғымдар мен ғылыми әдістерінің қарапайым
жиынтығы емес, басқа да маңызды құрауыштардан тұрады,
бұл тұғырда
оны оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жасалған «ерекше білім» деп
қарастыруға болады. Ертеректе оқу пәнін ғылым негіздерінің синонимі
деп қарастырады, бұл оның тар мағынасы еді, шындығында, оқу пәнінің
құрамына түрлі мазмұнды игеру үшін қолданылатын тәсілдер енгізілген.
Оқу пәні – оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу
мен дамытуға бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын
құрал.
Білім мазмұны мен оқыту пәні бір-бірімен мақсат және құрал ретінде
байланыста болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері – біртұтас ұғым, ал оның
құрамдас бөлігі болып табылатын «оқу пәні» құрамы және жүйесі жағынан
мазмұны мен үдерістен құрылған. Оқу пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі –
мазмұн мен құралдар блогы.