255
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
–
оқыту әдістері, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру әдіс-
тері мен құралдары, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы.
Оқыту үдерісіне қатысушылардың – мұғалім мен оқушының әрекетіне,
оқыту әдістерінің типтеріне, оқу материалының сипатына, оқушыларды да-
мыту міндеттеріне негізделген оқыту әдістерінің типтері анықталды және
т.б. (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, В.В. Краевский, И.К. Журавлев, Л.Я. Зо-
рина, ХХ ғасырдың 80-жылдары);
– оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған гумани-
тар лық оқу пәндеріндегі танымдық есептер жүйесі (И.Я. Лернер, ХХ ға-
сырдың 70-жылдары);
– саралап оқытудың дидактикалық негіздері (Н.М. Шахмаев, ХХ ға-
сырдың 60-жылдары).
Жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымын В.С.
Леднев оқу-
шы ларды мамандық таңдау мен кәсіптік оқуға даярлау тұрғысынан қа-
растырды. Білім беру мазмұны теориясы аясында оқытудың «оқытудың
мақсаты», «оқытудың ұстанымдары», «оқытудың әдістері» сияқты негізгі
ұғымдары зерделенді. Аталмыш қағидалардың басым көпшілігі «Орта мек-
теп дидактикасы» атты ұжымдық еңбекте көрініс тапты. Мектептегі оқыту
үдерісін ұйымдастырудың жүйелік негіздері үнемі қарастырылып отырыл-
ды. Сабаққа қойылатын талаптар нақтыланды. Оқушылардың білім сапасы
анықталды.
Ғылыми мектептің негізін салушылардың идеялары олардың ізбасар-
ла рының іргелі еңбектерінен көрініс тапты. И.К. Журавлевтің оқу пәні
тұжырымдамасы, И.В. Шалыгинаның гуманитарлық білім мазмұнын таң-
дау туралы, Л.А. Краснованың оқушыда ғылыми таным жайлы түсінік қа-
лыптастыру туралы еңбектері дәлел бола алады.
Қазіргі уақытта осы жетістіктер негізінде дидактика ХХІ ғасырдың
оқыту жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін нақты зерделеуде.
Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерт-
теген Л.И. Новикова: «Оларды мақсатты басқарудың
тиімділігі көбінесе
балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-пси хи-
калық үдерістерді білуге және оларды тәрбие субъ-
ектісі ретінде сипаттауға байланысты», – деп тұжы-
рымдайды.
Новикова Людмила Ивановна (22.1.1918, Горки,
Белоруссия) – педагог, РБА академигі, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика
ғылымдары академиясы жүйесінде 1951
жылдан
бастап істеді.
Л.И. Новикованың жетекшілігімен тәрбие тео-
риясы саласындағы зерттеулер 80-жылдардың екін-