Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов



бет13/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Okulik XX kazak adebiet

Қосымша әдебиеттер





  1. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: ҚМКӘБ, 1959. – 556 б.

  2. Әбдиманов Ө. «Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақстан. 1993. – 167 б.

  3. Әбдиманов Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. - Алматы: Қазақ университеті. 2002. - 430 б.

  4. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1971.

  5. Нарымбетов Ә. Қазақ совет әдебиеті. Әдебиеттану мен сынның биб- лиографиялық көрсеткіші. 1917-1940. 1 т. – Алматы: Ғылым, 1970. – 352 б.

  6. Айқап. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 367 б.

  7. Қазақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. – 397 б.

  8. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

  9. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. т.

  1. Мақалалар. Зерттеулер. – 294 б.

    1. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 175 б.

    2. Қамзабекұлы Д. С. Садуақасұлы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 б.




ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғы
лымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)


2-ТАРАУ. Әдеби мұраны игерудің өзекті мәселелері

(1920-30 жж.)





Ғасыр басында ұлттық әдебиетті зерттеудегі ғылыми ізденістерінде көңіл аударарлықтай сәтті қадаммен танылып, өзінің туу дәуірін бастаған қазақ әдебиеттану ғылымы Қазан төңкерісінің әсерінен дағдарысқа тап болды. Қазақ даласына аса зор та- рихи өзгерістерді, қуғын-сүргін мен зұлмат зардаптарын ала келген бұл төңкеріс мәдениет пен әдебиеттің, ғылымның әрі қарай өркендеуіне жаңа құрылған Кеңес өкіметінің та- лаптарына сай даму жолын ұсынды. Өзінің жанрлық қалыптасуына бет алған әдеби сын мен туу кезеңіне қадам басқанын дәлелдеуге ұмтылған ұлттық әдебиеттану ғылымы жол айрығына тап келді. Әдебиетті эсте- тикалық және ғылыми танумен ғана шұғылданып келген оларға енді күрделі идеологиялық про- цестерге араласуына тура келді. Себебі, Қазан төңкерісі қоғамды революциялық жолмен қайта құруды қолға алу жолында өнер-білімнің, мәдениет пен ғылымның жаңа за- ман ұсынып отырған эстетикалық
мұраттар деңгейінде табылуды та- лап етіп қана қойған жоқ, күштеп, зорлық-зомбылықпен де жүргізді. Өткеннің бәрін мансұқ еткен про- летариат диктатурасы әдебиет пен өнерді жаңа заманға қызмет ету- ге шақырған кезде, ғасырлар бойы әділдік пен әлеуметтік теңсіздікті, бостандықты жырлап келген әдебиет көп ойланбастан жаңа идеологияның ұсынған тақырыптарын жырлауға құлшына кірісті. «Өткендегі әдеби мұраның барлығын бірдей үстем тап мүддесінде жасалған деп, тарих күресініне лақтырып тастауды» талап етіп жатқан пролеткультшылдық ни- гилизм тұсында ұлттық әдебиеттану мен сынның дағдарып қалуы заң- ды да еді. Бағыт-бағдарын енді ғана айқындап қалған қазақтың ұлттық әдебиеттануы мен сыны түгіл, ака- демиялық мектеп аталып, мәдени- тарихи, салыстырмалы-тарихи, фи- лологиялық, психологиялық деген мектептері бар орыс әдебиеттану ғылымының өзі де барар жол тап- пай тоқырап қалған еді. Ғасырлар




бойы жасалып, адамзат қоғамына рухани азық ретінде қызмет етіп ке- ле жатқан фольклорлық және клас- сикалық мұраның тарих қоқысы- на лақтырылуын сын мен әдебиет- танудың алғашқы кезде түсінбей қалуы тарихи шындық еді. Маркстік- лениндік методологияның әдебиетті таптық тұрғыдан түсіну принципін қинала қабылдауы да сондықтан бол- ды.
Аласапыран өзгерістер мен оқи- ғаларға толы болған Қазан төңке- рісінің алғашқы жылдарында жаңа дәуір әдебиеттану ғылымына маркс- тік-лениндік ілімге сүйенген тың теориялық негіздер әкелді. Өнер- дің эстетикалық-танымдық рөлі, лениндік бейнелеу теориясы, әде- биеттің партиялығы, әдеби мұра- ның таптығы мен халықтығы се- кілді маркстік-лениндік теорияның идеялары әдебиет туралы ғылымның негізіне айналуға тиісті болды. Олар- ды меңгеруге белгілі бір уақыт қа- жет болғанымен, науқаншылдықпен жүргізілді. Әсіресе, әдебиеттану ғы- лымы әлі туып үлгермеген біз секіл- ді ұлттық республикаларда бұл өте қиындықпен жүзеге асты да, көпте- ген бұрмалаушылықтар мен идео- логия саласында айтыс-тартыстың белең алуына, жаңа методологияның қисынсыз принциптеріне мойынсұн- баған әдебиетші-ғалымдардың құр- бан болуына дейін апарды. Орыс әдебиеттану ғылымында 1920 жыл-
дарда әдеби мұраны игеру жұмыс- тарында маркстік-лениндік мето- дологияны қабылдай қоймаған әде- биетші-ғалымдар тарапынан «фор- мальдық әдіс», «бірыңғай ағым теориясы» секілді теориялар мен
«Леф», «Кузница», «ОПОЯЗ», «Пере- вал», «Серапионовы братья» тәрізді топтар мен ұйымдарды туғызды. Бұларға қарсы марксизм-ленинизм ілімінің негіздеріне сүйенеміз де- генімен, бұрмалаушылығы мен со- лақайшылдығы көп болған «про- леткультшылдық» пен «тұрпайы со- циологизм» теориясы ғылыми-зерт- теу ісіне белсене араласты және көп жағдайда қолдау тауып отыр- ды. Бұлардың барлығы да жаңа қоғамда туып, әдебиет пен ғылым- да үстемдік жасауға ұмтылған әр түрлі көзқарастардың топтасқан түрде танылғын көрінісі еді. Ғы- лыми-зерттеу ісіне байланысты осы теориялардың барлығы да 1920 жыл- дардағы қазақ әдебиеттану ғы- лымында көрініс тапты және ескі мен жаңаның ғана тартысы емес, ұлтшылдық пен төңкерісшілдіктің, тап тартысының күресі ретінде сая- си мәнге ие болып, идеология май- данында аса бір қиындықпен және қаталдықпен жүрді. «Тек қана про- летариат әдебиетін жасаймыз» деп әдеби мұрадан бас тартқан про- леткультшылдардың қате бағыты В. И. Ленин еңбектері мен партияның көркем әдебиет туралы саясатында




қатты сыналғанымен, ол кеше ғана ұлт тәуелсіздігі үшін бір мақсатта жүрген қазақ зиялыларын екі лагер- ге жіктеп тастады да, олар идеология майданында бітіспес күреске шықты. В. И. Лениннің «Біз қай мұрадан бас тартамыз?», «Пролетарлық мәдениет туралы», «Жастар Одағының мін- деттері» секілді еңбектерінен туын- даған әдеби мұраға баға бергенде қандай таптың мүддесі тұрғысынан жазылғанына ерекше назар ауда- ру қажеттігін талап еткен жаңаша көзқарасы мен «біз әрбір ұлттық мәдениеттің ішінен тек оның де- мократиялық және социалистік эле- менттерін ғана аламыз, оларды ал- ғанда тек қана және сөзсіз түрде әрбір ұлттың буржуазиялық мәдениетіне, буржуазиялық ұлтшылдығына қа- рама-қарсы қою үшін аламыз» де- ген қате қағидасы көптеген қазақ зиялыларының келешек тағдырына шығарылған үкім болды. Бұл қате қағида қазақ әдебиеттану ғылымы- на «ұлтшылдық», «ұлтшылдық-бай- шылдық әдебиет» деген ұғымдарды енгізді. Фольклор мен әдебиет та- рихын таптық тұрғыдан зерттеу мәселесін күн тәртібіне қойды.
Алғашқы кезде пролеткульт- шылдық көзқарасқа бой беріп алған Кеңес үкіметі мәдени мұра тура- лы саясатын тез түзетіп алып, мә- дени-әдеби қазынаны жұмысшы табының мүддесіне сай пайдалану ісін жедел қолға алды. Әдеби мұ-
раны жинап-жариялау және ғылыми зерттеуді маркстік-лениндік мето- дология принциптері негізінде жүргізуді қатаң талап ете бастады. Осыған байланысты әдеби-тарихи, әдеби-теориялық бағыттағы ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір алдын- да аса зор мүмкіншілік пен жағдай туды. Ол арғы бастауларынан бастап ғасырларға созылған ғылыми даму жолын жалғастыруға ұмтылды. Бірақ, маркстік-лениндік методология оның осы талабын пайдалануға тырысып, таптық идеологиядан тыс әдебиет пен ғылым болмайтынын ұқтыру үшін жаңа әдіснаманы меңгеруді, сол бағытта зерттеу жүргізуді үнемі қа- дағалап отырды. «Маркс солай айт- ты екен деп өз пікірін өзгертпеген (А. Байтұрсынов) және өздері «ұлт- шыл», «ұлтшыл-алашшыл» атана жүрсе де «ел бүгіншіл, ал менікі ер- теңгі үшін» деген, төңкеріске дейінгі әдебиеттану ғылымының туа баста- уына еңбек сіңірген әдебиетшілер әдеби мұраны игеру жұмыстарын жүргізе берді. Фольклорлық мұра- ның көптеген үлгілері жарияланды, зерттеу нысанына айнала бастады. Пролеткультшылдық көзқарас са- рынымен төңкерісшілдер үрке қа- рап жүргенімен әдебиет тарихын- да көрнекті орын алатын ақын- жазушылар шығармалары басылып шықты, олар туралы зерттеушілік бағыттағы ой-пікір айтыла баста- ды. Жаңа заман талабына сай қиын-




шылыққа ұшырай отырса да, әдебиет- тану ғылымының туу кезеңі жалғаса түсті.
Осы жоғарыда айтылған мәселе- лерді жалпылама сөз еткеннен гөрі фольклор мен әдебиет тарихының өзекті проблемаларын зерттеуді кө- тере алған ғылыми-зерттеу мақа- лалар мен еңбектерде қандай дәре- жеде жүзеге асқанын тексеру ныса- нына орай қарастыру керек. Себебі, 1920-1930 жылдардағы ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірде фольклор мен әдебиет тарихының мәселелері ара- ласа сөз болуы басым еді. Бұл екеуін алғашқыда ауыз әдебиеті және жазба әдебиет деп қана бөле алғандықтан тығыз байланыста қарады. Әйтсе де біз ұлттық әдебиеттану ғылымының туу дәуіріндегі фольклортанудағы ғылыми-зерттеушілік, әдебиет тари-
хын зерттеудегі әдеби-тарихи ой- пікірдің өсу жолын ғылыми саралау мақсатында жекелей қарауды жөн көріп отырмыз. Бұл бір жағынан осы кезеңдегі ғылыми-зерттеушілік ой- пікірде орын алған «тұрпайы социо- логизм», «бірыңғай ағым теориясы» мен маркстік-лениндік әдіснаманың таптық және халықтық принципте- рінің зерттеу жұмыстарына тигізген кері әсерін анықтауға да көмектесе- рі сөзсіз. Сондықтан біз 1920-1930 жылдардағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ұлттық әдебиеттану ғы- лымын тудырудағы ізденістерін әде- би мұраны игеру мәселесіне, оның ішінде, фольклортану мен әдебиет тарихының зерттелуі және дәуірле- нуі деген проблемаларға байланыс- тыра әрқайсысын жекелей қарасты- рамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет