Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов



бет11/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Okulik XX kazak adebiet

Ақынды айт Ақмолда мен Ыбырайды, Үлгісін өнер-білім жұртқа жайды»,



деген өлең жолдарымен білдірсе, енді бірде Құнанбайұлы Ыбырай марқұм айтыпты ғой деп, «Адам бір боқ көтерген боқтың қабы» деген өлеңінен үзінді келтіре отырып: «Соңғы ел бі- лімдарлары – бұл. Адамды адам саны- на кіргізбей жүрген қарындағы бір қап
«жұмбақ» екенін білді де ішіп-жемекті
аз қылды... Аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді мұрат тұтты», – деп осы өлеңді философиялық көзқараста тал- дап, Абайдың ғұламалығына ден қоя- ды. Бұл да ғасыр басындағы ғылы- ми-зерттеушілік ой-пікірге Мәшһүр ақынның айтарлықтай үлес қосқаны- ның бір белгісі.




Әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің әдебиетті тарихи тұрғыдан тану жолында же- келеген ғылыми ұғымдарды, түсінік- терді және проблемаларды зерттей бастауы теориялық, методологиялық талдауға барар жолдағы алғы шеп болды. Қазақ баспасөзі бетінде сол мезгілдегі ақын-жазушылар шығар- малары, басқа халықтар әдебиеті ту- ындыларынан аудармалар, шыққан кітаптарға сын мақалалар мен ре- цензиялар жариялануы ХХ ғасыр басындағы әдеби-теориялық ой-пі- кірді жанрлық ұғымдармен байыт- ты. Прозалық және драмалық шығар- маларды сөз еткен сыни мақалалар терең ғылыми талдауларға бара қой- мағанмен, олардың жанрлық ерек- шеліктеріне назар аударып отыр- ды. Бұның теориялық ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуына, сол ар- қылы филологиялық білімдер жүйе- сінің таралуына игі әсері болды. Қазақ тілінің тазалығы мәселесінің көтерілуі әдеби-теориялық ой-пі- кірге қазақ өлеңін зерттеушілік тұр- ғысынан қарап, ескі және жаңа өлең туралы ізденістер жасауына себеп- кер болды. Осыған байланысты ескі шағатай тіліндегі және араб, парсы әдебиеті әсерінде туған мұраларға сын көзімен қарап, ұлт әдебиетінің келешек дамуына кері ықпал етеріне ғылыми-зерттеушілік көзқараста кө- ңіл аударды. Бұл әдеби-теориялық ой-пікірдің әр халықтың әдебиетінің
өркендеуі үшін сол ұлттың әдеби тілінің де жетілуі қажеттігін ұғына бастауы еді.
Қазақ тілінің тазалығын сақтау мен қазақ поэзиясындағы «ескі» және «жаңа» өлең туралы көзқарас
«Айқап» журналында күрделене тү- сіп, нақты ғылыми сипатта көрінді. Журнал бетіндегі мақалалардың қа- зақ әдебиет сынын тудырудағы же- текшілік рөлі туралы жан-жақты зерттелгені белгілі. Сондықтан орын- сыз қайталамай қазақ поэзиясын- дағы «ескі» және «жаңа» өлеңге деген көзқарас анық сезілетін С. То- райғыровтың мақалаларына қысқа- ша тоқталсақ та жеткілікті. «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайы- нан» атты мақаласында автор қа- зақ поэзиясының жалпы кескін-кел- беті мен даму жолына шолу жасау- ды нысанаға алған. Өткен ғасыр соңындағы әдеби-теориялық ізде- ністер көрсетіп бергеніндей ағар- тушылық бағытқа бет бұрған қазақ поэзиясының «Бұрынғы «Зарқұм- дарды» құмға көміп, «Сал-салда- рын» суға лақтырып, пері қыздарын аспанға ұшырып, ақырында ескі до- старына қош айтыса бастағанын» айтқан уақытта С. Торайғыров қазақ өлеңі өсіп-өркендеп кетті демейді [24]. Керісінше, түр мен мазмұны сай келген, көркемдік сапасы жо- ғары, идеялық айтар ойы терең ма- ғынаны өлеңдердің әлі де болса аз екеніне ерекше көңіл аударады.




Автор «күндікке ізденіп, өзінше ойыңнан ұйқасыңқырап шыққан керекті-керексіз сөздің» бәрін көр- кем шығарма деп тануға, «кейіп жоқ, келісім жоқ «қатын ойбайды» өлең деп бағалауға қарсы шығады.
«Милли шиғыр», «Әдебиет өрнегі»,
«Ақырет» деген өлең кітаптардағы өлеңдерден нақты үзінділер ала оты- рып, оларға «Қайда қиысқан назым? Қайда көңілге, тілге ұнау, теп-тегіс өрескелсіз өлең?» – деп өлең сөз- дің теориясына лайық талап қояды. Мақаланың басты мақсаты қазақ тілінің тазалығы мен өлеңтану са- ласы болғандықтан, С. Торайғыров қазақ поэзиясындағы «ескі» және
«жаңа» өлең туралы көзқарасты тереңдете отырып, жаңа сипаттағы өлең қоғамдық өмірдегі негізгі мәселелерді сөз ететін мағыналы да көркем болуымен қатар, соны тақырыптар мен жаңа идеяларды жырлайтын, шын мәніндегі «анық ақсүйек, аты жоғалмайтын «өлең» деп, «өнер» деп атайтын» әдеби ту- ынды болуын талап етеді. Ал «қа- зақтың исі де жоқ құр «қатын ой- бай» өлеңдер жазу сән болып бара жатқандығын» қатты сынай оты- рып, бұл сияқты өлеңдер ұлттық по- эзиямызды не поэтикалық көркемдік тұрғыдан, не идеялық, тақырыптық жақтан да көркейтпейтінін ашық ай- тады. Сұлтанмахмұт қазақ өлеңінің қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарды жырлаған жаңашыл идеяларға толы
болуын талап еткенде Абай поэзия- сынан үлгі-өнеге алуға шақырады. Қазақ поэзиясының ендігі ұстар бағыты мен жолы Абай бастаған ағартушы-демократтық жол ғана бо- луы керектігін дұрыс тұжырымдап берген. Абай шығармалары мен «қа- тын ойбай» өлеңдердің құрылысы- на теориялық талдаулар жасалмаса да мақаланы сол кездегі жаңа ояна бастаған ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірде ерекше орны бар еңбек деп бағалаған дұрыс сияқты. «Біздің әдебиетіміз жетілген жұрттардікін- дей азуы алты қарыс емес... Алдыңғы туғандарды көш жүре түзелер, жоқтан бар жақсы, біздің неміз жетісіп тұр деп жүген-құрық тигізбедік. Мұнан былайғылардың мінін қолға алып, үлгіні осы бастан түзете беру керек» деген пікірінен қазақ поэзиясының бағыт-бағдарын айқындап, жақсы- жаманын тезге салып отыратын әдеби сын мен теориялық талдаулардың қажет екенін аңғартқанын байқаймыз. С. Торайғыровтың өнертану, өлең- тану саласындағы әдеби-теориялық көзқарасы «Өлең һәм оны айтушы- лар», «Жаңа кітап» секілді басқа да мақалаларында жалғастық тапты. Бұлар да қазақ поэзиясының әдеби- теориялық тұрғыдан зерттеу нысана- сына айнала бастағанын дәлелдейтін құнды еңбектер болды.
С. Торайғыров мақалаларына тән әдеби-теориялық ой-пікір «Қазақ» газетіндегі Ә. Бөкейхановтың «Ән,




өлең һәм оның құралы» (1914, №67) мақаласынан да байқалады. Автор өнердің жалпы адамзат қоғамындағы орны туралы ой қозғай келіп, өлең- ді, яғни әдебиетті, музыка өнерімен сабақтастыра қарайды. Бұл туралы өз пікірін М. Лютер, Гете, Шопен- гауэр, Бетховеннің айтқан ойлары- мен дәлелдеп отыруы ғылыми сипат танытқан. Поэзияның эстетикалық мұраты мен халық өмірімен тығыз байланыстылығын зерттеушілік тұр- ғыда саралайды. Зерттеу нысанасы қазақ өлеңі болмағанымен жалпы өнердің, оның ішінде өлең өнерінің
«адамның ақылын оятып, молайтып, қорытып беруші ең жақсы ақыл- шысы – жіңішкелікке, төменшілікке, бірлікке, татулыққа, сүйіспеншілікке ең бірінші оқытушысы, үйретушісі» екенін айтқан уақытта Абайдың
«Өлең – сөздің патшасы» өлеңі- нен үзінді келтіре отырып қоры- тындылауы ұтымды шыққан. Ә. Бө- кейханов жалқыдан жалпыға қарай зерттеу заңдылығына сүйене келіп, поэзияға әлемдік деңгейдегі әдеби- теориялық ой-пікір тұрғысынан ке- луі, әдебиеттану ғылымының туу кезеңіндегі филологиялық білімдер жүйесін меңгеру жолындағы талпы- нысын байқатады. С. Торайғыров пен Ә. Бөкейхановтың мақалаларының сол кезеңде қазақ ортасына кең тара- ған баспасөз беттерінде жариялануы- ның тағылымдық мәні зор болды. Олар әдебиетті теориялық тұрғыдан
тануға ұмтылған таным-біліктің өсе түсуі мен филологиялық білімінің кең таралуына өз үлесін қосты. Бір айта кететін мәселе, М. Әбсәметов
«М. Дулатов. Шығармалары» ат- ты кітапта жазған түсініктемесінде
«Арысұлы» деген лақап есімнің иесі А. Байтұрсынов деп көрсетеді. Сол сияқты Ө. Әбдиманов та осы есіммен жарияланған «Роман не нәрсе?» атты мақаланы А. Байтұрсынов жазды деп қарайды. Бірақ, Ә. Бөкейхановтың 1995 жылы шыққан таңдамалысын құрастырушы С. Аққұлұлы «Арыс- ұлы» деген бүркеншік есімнің иесі Ә. Бөкейханов екенін дәлелдеп, осы жинаққа бұл екі мақаланы да енгізген. Сол себептен біз де олардың авторы Ә. Бөкейханов деп алып отырмыз.
Әдебиет туралы ұлттық ғылым- ның туа бастау шағында әдеби-тео- риялық көзқарастың әдеби-тари- хи ой-пікірден кейін қалмай, осы- лайша қанаттаса бірге дамуына бір жағдай ықпал етті. Ол теория мен практиканың арасындағы кере- ғарлықтың болмауы еді Практика жүзінде негізделмеген теория ғы- лыми дамымаса, теориямен зерттеу- шілік бағытта жинақталмаған прак- тика өзін-өзі қайталауға ұшырап, дағдарысқа түсетіні белгілі. Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өнер, әдебиет, роман, поэма, мысал, драма, т.б. туралы теориялық ұғымдарды меңгеруі жолына қарасақ, олардың көркем әдебиетте көрініс табуы




мен ғылыми сөз болуы тығыз бай- ланыстылықта жүріп отырды. Бұл қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі үшін маңызды еді. Өйтке- ні: «Любое понятие, в том числе и о литературе, только тогда получает право на жизнь, когда связано пря- мой познавательной зависимостью с соответствующим явлением реаль- ной действительности» екені анық [3, 42]. Сол себептен де осы орыс әдебиеттану ғылымын зерттеушілер:
«Для того чтобы новые, западноевро- пейские понятия о литературе прочно вошли в русское теоретико-литера- турное сознание, необходимо было познать написать на русском языке такие произведения, такие стихот- ворения, которые бы не только соот- ветствовали этим понятиям, но были бы приняты читателями и литератур- ной общественностью», – деп жаза- ды. Оларда өлеңтануда теориялық көзқарас алға кетіп қалып, өлең прак- тика жүзінде ескі славяндық дәстүр- де жүрген еді. Орыс әдебиетінің көркемдік және жанрлық дамуына В. К. Тредиаковский мен М. В. Ло- моносовтың орыс өлеңіне рефор- ма жасауының зор көмегі болғанын жоғары бағалайтындықтары да сон- дықтан. Ол әдеби-теориялық ой-пі- кірдің қалыптаса түсуіне ықпал жа- сады деп табады.
Бұл тұрғыдан келгенде ХХ ғасыр
басындағы әдеби-теориялық ой-пі- кірде көбірек сөз болған да, сандық жағынан біршама жазылғаны да ро-
ман болды. А. Байтұрсыновтың ұлт- тық әдебиетті жанрлық өркендету мәселесін қойып, өркениетті елдер- дің озық дәстүрінен үйренуге ша- қырған «Білім жарысы» аталатын мақаласы жарияланды. Автор Еуро- па білімпаздары мен ғалымдарының өз ұлтының әдебиетін дамытуы үшін қандай шаралар ұйымдастырғанын тілге тиек ете келіп, Нобель сый- лығын тағайындалуы сырын түсін- діріп, ел басшылары мен ауқатты адамдарды осындай істі қолға алуға шақырады. «Осындай жұртқа пайда- лы, үлгі аларлық жақсы істі жұрттың құлағына салып, біздің айтайық деп отырғанымыз мынау: білім жарысын істеу әр жұрттың қолынан келетін іс. Істейін десе қазақтың да қолынан келеді», – деп, бұл байлық көбейту немесе атақ шығару үшін емес, халыққа қызмет жасау мақсатында жүргізілетін игілікті іс екенін тү- сіндіреді. Ахмет Байтұрсынов сөз еткен игі шара қолдау тауып, Ахмет Оразаев мақала көтерген бастаманы құптап, мұндай жақсы іске жол ашу керектігін айтып, білім жарысынан озып келгендерге бәйге тігетінін ха- барлады. Бірақ бәйге тігудің мән-ма- ғынасын түсіне қоймағандық бай- қалып, ел ішінде әлі де бұл баста- маны жандандырып әкетуге ат са- лысу азшылық екенін сезген А. Бай- тұрсынов «Білім жарысы хақын- да» деген мақала жазып, тағы да түсіндіріп береді.




Білім жарысы туралы бұл бас- тама қазақ оқығандары тарапынан қоштау тауып Ә. Бөкейханов «Ро- ман не нәрсе?» («Қазақ», 1914, №48) атты мақаласын жариялайды. Негізгі мақсат – бұл жанрда шығарма жаза- мын деушілерге әдеби-теориялық білім беріп, романның ішкі мағынасы мен асыл мақсаты не екенін түсінді- ріп беру болған. Бұл жолда роман- ның жанрлық түр ретіндегі ерекшелі- гін аша келіп, В. Скот, Ч. Диккенс, В. Теккерей, А. Пушкин, М. Лермон- тов, Н. Гоголь, Л. Толстойлардың атағы роман жазумен шыққанын мы- салға келтіреді. Оны дәлелдеу үшін Толстойдың «Война и мирін» «Соғыс және татулық» деп таныстырып, сол кездегі ұлттық әдеби-теориялық ой- пікір дәрежесінде қысқаша сипатта- ма жасайды. «Алғашқы қазақ рома- ны Міржақыптың «Бақытсыз Жама- лын» атап, шығарманың мазмұнын шолып, негізгі кейіпкерлер әлеміне тоқталады. Автор роман жанрын әлеуметтік мәселелермен, адамдар мінезімен, тәрбиелік, эстетикалық мұраттарымен сабақтас қарайды», – деп жазады ғалым Р. Нұрғалиев осы мақала туралы пікірінде [13, 432]. Бұдан біз ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің роман туралы теориялық ұғымды меңгеруге деген талпыны- сын бір байқасақ, екіншіден, қазақ романына әдеби-теориялық бағытта алғаш рет талдау жасауға деген ұм- тылысты көреміз.
Бұл мақаладан кейін іле-шала Е. Маманов қазақ тілінде роман жазушыларға бәйге тігетінін ха- барлап, газеттің 52-санында «Бәйге тігемін» деген мақала жариялап, жарыс шарттарымен таныстырады. Сәл кейін 67 санында асығыстық болмауы мен талапкерлер көбеюі үшін жарыс мерзімінің 1915 жылғы мамыр айына дейін созатынын ай- тып, «Роман жарысы хақында» де- ген хабарламасын тағы да жария- лады. Осы тәрізді игі шараның бас- талуы роман туралы теориялық ұғымды меңгеруге деген ізденісті күшейте түсті. Соның нәтижесінде
«Қазақ» газетінде редакция тара- пынан жазылған «Роман жарысына қосылушыларға» (1914, №54), «Та- лапкер» деп қол қойған автордың
«Роман жарысы туралы» (1914, №56), Ә. Бөкейхановтың «Роман бәйге- сі» (1915, №122) секілді мақалалар,
«Айқапта» М. Сералиннің «Роман жарысы туралы» (1915, №7, 8) атты мақаласы жарық көріп, оларда роман, оның жанрлық табиғаты мен өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теория- лық ой-пікір көрініс тапты. Бәйгеге түскен шығармаларды бағалау үшін әділ қазылар алқасын құру және бұл бастаманы қолдаушылар мен оған қатысушыларды көбейтуді насихат- тау жағы да назардан тыс қалған жоқ. Ә. Бөкейханов «Бізде академия, уни- верситет секілді білім дүкендері жоқ, бұлардың комитеті де жоқ» дей келіп




бәйгеге түскен шығармаларды қарау үшін Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Бақытжан, Мұхамеджандардан ко- митет құруды ұсынады. Ал М. Се- ралин Е. Маманов бастамасы «піл жанындағы бүргедей болғанмен, құдығына қарай қауғасы деп жаңа ғана әдебиет жолында аяғын апыл- тапыл басып келе жатқан жұрт үшін бұл ерлік, тіпті Нобель жұмысынан да артық деп айтқымыз келеді», – деп тұжырымдайды. Бұл бастама туған- ға дейін қазақта 1910 жылы шыққан М. Дулатовтың жалғыз-ақ «Бақытсыз Жамалы» ғана болғанын ескерсек, бұл мақалалардың қазақ әдебиетінде роман жанрының өрістеуіне әсер еткені анық. Оған ғасыр басындағы романдар дәлел. Бұл біздің жоғарыда жанр туралы әдеби-теориялық ой- пікір мен оның практикада жүзеге асуы тығыз байланыстылықта бол- ды деген пікіріміздің негізсіз айтыл- мағанын дәлелдейді.
Қазақ баспасөзіндегі қазақ по- эзиясын аз да болса әдеби-теориялық көзқарас тұрғысынан сөз еткен осы жоғарыдағы мақалалар ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің көркем шығарманың көркемдігі, жанрлық табиғаты, идеясы, түр мен мазмұн сәйкестігі, тәрбиелік, эстетикалық мән-маңызы сияқты ұғым-түсінік- терді нақты айта бастағанын анық көруге болады. Оның тағы бір дәлелін төңкеріске дейінгі шыққан биографиялық сипаттағы мақала-
лардағы әдеби-теориялық көзқарас- тан көреміз. Әсіресе Абай твор- чествосының новаторлық сипатын, өнерпаздық тұлғасын танытуға ал- ғашқы қадам жасаған К. Ысқақов пен Ә. Бөкейханов жазған нұсқасы және М. Дулатов, А. Байтұрсыновтардың мақалалары қазақ өлеңінің теориялық мәселелерін, жанрлық ерекшелігін ұлы ақын поэзиясына байланысты- ра сөз етті. Сонымен қатар, Абай мен Ыбырай негізін салған қазақтың ұлттық жазба әдебиеті күннен-күн- ге нығайып, жаңа жанр түрлерімен толығуы – әдеби-теориялық білімнің өсе түскенінің екінші бір айғағы. Өнер иесі қанша талант болғанмен көркем шығарманың құрылысы мен қисынын, жасалу амал-тәсілдерін білмей тұрып, дәуір жүгін арқалай алатын туынды жазуы мүмкін емес. ХХ ғасыр басындағы қазақ әде- биетіндегі алғашқы қазақ романда- ры мен қоғамдық-әлеуметтік тақы- рыпты жырлаған поэмалардың на- турализмнен аулақ болып, сыншыл реалистік сипатта, ағартушы-де- мократтық бағытта дамуына сол кездегі әдеби-теориялық көзқарас ықпал жасамады дей алмаймыз. Сөзімізді түйіндей айтсақ, әдеби- теориялық ұғым-түсініктер қазақтың жазба әдебиетінің дамуымен тығыз байланыстылықта көрініп, қазақ бас- пасөзі бетіндегі мақалалар арқылы өркен жая бастады.




Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірінде қол жеткізе алған табы- старын саралаған уақытта, оның өз қадамын нық баса алғанын дәлелдей түсетін тағы бір жайттарға назар аударған абзал. Ол – осы ғылымның қосалқы салалары болып табыла- тын библиография мен текстоло- гиясына қатысты мәселелердің де нақты көтеріле бастауы. Ғылыми- зерттеушілік ой-пікір осы екі сала бойынша алғашқы барлауларының жиынтығы болып табылатын кейбір нәтижелерін ұсынып та үлгерді. Егер бұл барлауларды тарамдата баяндасақ, библиографияның тұң- ғыш қадамы ХІХ ғасырдың соңына қарай көрініс берген екен. Оның нақ- тылы себебі де жоқ емес. Ол ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде фи- лологиялық және биографизм мек- тептерінің белгілері молырақ орын алуының әсерінен еді. Қазақ дала- сын зерттеген орыс ғалымдарының көпшілігі орыс әдебиеттануындағы осы мектептердің ықпалында бола- тын. Проффессор Ә. Нарымбетовтің:
«Революцияға дейінгі көрсеткіштер комплексті сипатта болды. Қазақ әдебиетінетікелейарналғанкөрсеткіш бола қойған жоқ. Қазақ әдебиетіне байланысты библиографиялық де- ректер экономика, статистика, этно- графия, шаруашылық, тарих жайлы материалдардың ішінде жүрді», – деп атап көрсеткеніндей, олардың көрсеткіштері жалпылама сипатта
құрастырылды [25, 9]. Қазақ әде- биеті туралы библиографиялық мағ- лұматтар мен деректер көбірек кез- десетіндері де бар. Атап айтсақ, З. М. Пенкинаның «Закаспийский край. Систематический сборник би- блиографических указаний книг и статей» (Спб., 1888), А. Н. Хару- зиннің «Библиографический указа- тель статей, касающихся этногра- фии киргизов и каракиргизов 1734- 1800 гг.» (Этнообозрение, 1891,
№2), «Киргизы Букеевской орды» (1889), Е. А. Алекторовтың «Указа- тель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах» де- ген атпен «Оренбургский листок» газетіне 1892-1893 жылдары, «Тур- гайская газетада» 1895 жылы, Қазан университеті «Хабаршысының» 1900 жылғы 16-томында жарияланған көрсеткіштері, Д. К. Зелининнің 1913 жылғы Санкт-Петербургтен шыққан библиографиялық көрсет- кіштері бұл сала бойынша жүргізі- лер жұмыстардың ізашары болды. Бұлардың қатарында ұлт зиялы- ларының өкілдері болмағанымен, орыс ғалымдарының қазақ әдебиеті мен фольклоры туралы материал- дарды библиографиялық тұрғыда жүйелеуге ұмтылыс жасауы, келе- шекте жүзеге асар үлкен істің баста- масы еді. Қазақ библиографиясының білгір мамандарының бірі Ә. Нарым- бетов оны дұрыс бағалай отырға- нымен, төңкеріске дейін осы орыс




ғалымдарының көрсеткіштерінен өз- ге ештеңе жоқ деп тауып, қазақ бас- пасөзіндегі бұл бағыттағы ізденіс- терді елеусіз қалдырады. Қазақ библиографиясы лениндік ұлт сая- саты мен түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеттің үлкен та- бысы екенін көрсету мақсатында:
«Революцияға дейін 2% сауатты адамы бар қазақ халқының Ұлы Ок- тябрьге дейін ұлттық библиография туралы ойлауға да шамасы келген жоқ. Библиография негізінен дамып жетілген ұлттық баспасөзбен байла- нысты болса, қазақ тіліндегі тұңғыш газеттер мен кітаптар ХІХ ғасыр аяғында, ХХ ғасыр басында шыға бастады. 1913 жылы Қазақстанда шыққан 13 кітаптың екеуі ғана қазақ тілінде жазылған болатын, (Шын- дығында 48 кітап, оның төртеуі ғана орысша. – Ж. С.) 14 газеттің үшеуі ғана қазақ тілінде жарық көріп тұрды. Ұлттық баспасөздің жай-күйі осындай болғанда, библи- ография туралы сөз етудің мүмкін еместігі өз-өзінен түсінікті», – деген тұжырым жасайды [25, 8]. Төңкеріс- ке дейінгі қазақ әдебиетіне, баспа- сөзі мен жарық көрген ірілі-уақты кітаптарға деген еуропацентристік көзқарасқа негізделген нигилистік сипаттағы бұл секілді пікірлерді көп- теген ғалымдарымыз үлкен мінбе- лерден шабыттана айтып, өз ғылыми еңбектерінде оңды-солды келтіргені мәлім. Біздің ойымызша, қазақ
әдебиеттануы өткерген қилы кезең- дерге тән қиыншылықтарды бірге кешкен, бүгінде осылайша менсін- бей қарап жоққа шығарылуға дейін қол жеткізген қазақ библиографиясы- ның алғашқы талпынысы төңкеріске дейін-ақ көңіл аударарлықтай сипат- та таныла бастады.
Бұл жолдағы алғашқы талпы- ныстар «Дала уалаяты газетіндегі»
«Жаңа кітаптар» айдарымен беріліп отырған хабарларда көрінді. 1888 жыл- ғы бірінші санында П. Кулешов, А. Левшин, Щ. Кологривов, И. Вац- ликалардың кітаптары басылып шыққаны туралы мәлімет берілген. 1889 жылдан бастап қазақ халқы ту- ралы шыққан кітаптар мен жарық көріп жатқан фольклорлық үлгілер, ақын-жыраулар шығармаларының тізімін ұдайы көрсете отырып, кей- біреулеріне сын пікір де білдірген. Мысалы, В. Радловтың «Словарь тюркских наречий», А. Харузиннің
«Киргизы Букеевской орды», Е. Смир- новтың «Библиографические очер- ки султана Ахмета Кенесарина», М. Кафидің «Исламның әуелгі уақыт- тағы тарихы», Н. Гродековтің «Кир- гизы и каракиргизы Сыр-Дарьин- ской области» секілді кітаптары ту- ралы хабарламалар мен пікірлерді айтуға болады. Газеттің 1890 жыл- ғы 32-санындағы «Ташкенттің күн- шығыс халқының жазулары. Ғылым хабарлары» атты мақаланы қазақ библиографиясының тұңғышы де-




се де болады. Онда Ташкенттің көпшілік кітапханасында өте си- рек кездесетін құнды кітаптар бар екенін тілге тиек ете келіп, Фон Кауфманның бұйрығымен А. Кун дегеннің орыстар Хиуа, Самарқанды басып алғанда көп кітаптар мен қолжазбаны Петербургке жібергені мәлімделеді. Кітапханадағы кітаптар, қолжазбаларға Н. Пантусов, Д. Гра- мениц, Ростислав секілді адамдар ерекше назар аударғанын, Е. Кальдың
«Ташкент кітапханасындағы араб, парсы және түркі кітаптары» деген көрсеткіш шығарғанын хабарлайды. Газет библиографиялық сипаттағы мәлімет беру мақсатында: «Таш- кент кітапханасындағы кітаптардың көбісі парсы тілінде, 60 кітап араб- тікі, алтауы-ақ түркі тілінше, бір мәнтиқ кітабы, бір ғадалат кітабы һәм екі зор кітаптар түркі кітаптары дін турада һәм шежіре. Солардың көбінен Абулғазы хан жазған Хиуа түркімендерінің шежіресі таңсық, соны 1071 жылы жазған. Түркі кі- таптарының арасында бірталай ға- зел-жырлар бар және Бұқар-Қоқан- ның шежірелері таңсық. М. Хакімхан төре жазған осы кітап мейлінше көп, білімділер әлі де көп білмейді», – деп жазады. Бұл оянған ойдың кең өріс алып бара жатқанының айғағы және ол кейінгі қазақ баспасөз бетінде жалғаса түсті.
1910 жылы М. Сералинге қазақ журналын ашуға рұқсат берілгені ту-
ралы куәлікте «Айқап» журналын же- ті түрлі саладан тұратын бағдарлама бойынша шығару көрсетілген екен. Олар: бас мақала, шет ел хабарлары, мұсылман өмірінен мәселелер, хро- ника, фельетондар мен өлеңдер, би- блиография және ғылыми мақалалар, әр түрлі хабарлар мен редакцияға хат. Бұл жобаны М. Сералин «Айқап- тың» І санындағы оқушыларға жаз- ған арнауында «Сыртқы хабарлар, мұсылмандар тіршілігіне мысал- дар, уақиғалар, фельетон, кітаптар хақында һәм ғылым бабында, бас- қарушыға келген хаттар» деп бес бағытқа топтастырған. Осында төр- тінші болып аталып тұрған сала жоғарыда көрсетілген библиогра- фия мәселесі екені анық, тек қазақи ұғымға жақындату үшін кітаптар хақында деп алған және журнал оны мақсатты түрде жүргізіп отырған. Ендеше, қазақ библиографиясының тұңғыш қадамы «Айқаптан» бас- талған болып шығады. Жоқтан бар іздегендей болмас үшін нақты мы- салдармен дәлелдеп көрелік.
«Айқап» «Кітаптар жайынан» деген арнаулы бөлім ашып «Баспа- шылдық дүниесінде», «Жаңа шық- қан кітаптар» деген атпен қазақ ті- лінде жарық көрген кітаптармен жұртшылықты үздіксіз хабардар етіп отырған. Көбінде қандай кітап шыққаны, қайдан алуға болатынын хабарласа, кейбір жағдайларда қыс- қаша түсініктеме мен сын беріп




отырған. Олар әдеби сын тарихын- да аннотациялық және жарнама сын деп аталды. Бұдан жаңа кітаптар ту- ралы көрсеткіштік сипаттағы мағ- лұмат беріп отырудан туындаған журнал идеясы ұлттық сыншылдық- эстетикалық ойдың өріс алуына да негіз болғанын көреміз. Шынын айтсақ, қазақ әдебиеті сыны «Айқап» пен «Қазақта» туғандығы рас қой. Ал журнал шығып тұрған кезеңде екі жүзден астам әр түрлі сипаттағы қазақ кітаптары жарық көрген. Олардың барлығы туралы мәлімет бере қоймағанмен, журнал жарты- сына жуығы туралы хабар беріп, сыни пікір білдіріп отырды. Олардың ішінен библиографиялық тұрғыда маңызы барларын атай кеткен артық емес. «Айқап» бұл жолдағы алғашқы қадамын 1911 жылғы 1 санындағы
«Маса» деген бүркеншік атпен жаз- ған автордың «Кітаптар жайынан» атты мақаласынан бастайды. Онда шығыс әдебиеті үлгілерінен «Зар- құм», «Бозжігіт», «Шәкір-Шәкірат», халық әдебиетінен «Қыз Жібек»,
«Айман-Шолпандардың» кітап бо- лып шыққандарын айта келіп, ба- сылу сапасын және тіліндегі тата- ризмді сынаған. Бұдан соң соңғы жылдарда кітап шығару ісінің жақсы қолға алынып жатқанын, әсіресе, өз ақындарымыздың «Қырық мы- сал», «Бақытсыз Жамал», «Оян, қазақ!», «Гүлқашима», «Топжар- ған», «Шағир» секілді кітаптары
шыққанын хабарлап, оларға да сын көзімен қарауды ұмытпаған. Біздің ойымызша, мақала иесі М. Сералин болуы керек. Кейінде «М. С.» де- ген атпен жазған журнал редакторы, алғашқы санында бірталай матери- алды өзі дайындағандықтан «Маса» деп алған болуы керек.
М. Сералин журналдың 1913 жыл- ғы 1 санындағы бас мақалада соңғы екі жыл ішіндегі жарық көрген қазақ кітаптарын санамалай көрсете ке- ліп, «бұл секілді жаңа рухта жазыл- ған кітаптардың дүниеге таралуы – қазақ ішінде бірлі-жарым ұйқылы- ояу бастарын көтерушілердің барлы- ғына таң қараңғысындай бір ишарат болып көрінсе керек», деп жаза- ды [26, 131]. Ал Д. Қашқынбайұлы
1912 жылғы 11 санындағы «Қазақ халқының тарихын уә шәжіресін сұраушыларға» атты мақаласы со- ңында 1900 жылғы А. Е. Алекто- ров көрсеткішінен алынған он екі кітаптың тізімін береді. Журналда- ғы жекелеген кітаптардың басылып шыққанын жазған хабарламаларды айтпағанда мына қадамдарын қазақ библиографиясының алғашқы ізде- рі демеске болмайды. 1912 жылғы 5 санында «Бұған да көз салыңыз!» деген атпен «Айқап» баспаханасы- на түскен қазақ кітаптарының тізімі берілсе, 1913 жылғы № 13, 14, 16, 17 сандарында «Брадаран Каримовтар кітапханасы» деген атпен осы ба- спадан жарық көрген қазақ тіліндегі




кітаптар тізімін ұсынған. Сол сияқ- ты 1915 жылы № 2, №3 санында
«Қазақ» басқармасында сатылатын кітаптар» деген тақырыпшамен қа- зақ тілінде басылып шыққан он бір кітаптың тізімі берілген. Кең далаға біршама тарап, елдің қазақша ой- лауына мұрындық болған «Айқап» қазақ кітаптарының жарық көргенін хабарлап, тізімін беріп түсініктеме, ал кейде сын жазып отырғанда екі түрлі мақсат ұстанған. Оның бірі – қазақ кітаптарының ел арасына та- ралуын насихаттау болса, екіншісі – өз бағдарламасында көрсетілген би- блиография істерін жүргізіп отыру еді. Журнал бетінде көрініс тапқан қазақ библиографиясының осындай ізденістеріне бүгіндегі өскелең көз- қараста қарап, мұрын шүйіре мен- сінбеуді қояр уақыт жетті. Барымыз- ды жоққа шығарудан тапқан пайда- мыз шамалы.
«Айқаптың» библиографиялық сипаттағы бұл игі істері «Қазақ» газетінің бетінде де өз жалғасын тапқанымен, тереңдей өркендеп кете алмады. Оған ел тағдырына байла- нысты саяси-әлеуметтік, қоғамдық мәселелерге көбірек көңіл бөлген газеттің мүмкіндігі де бола бермеген болуы керек. Сонда да болса «Қа- зақ» газеті «Жаңа кітаптар», «Қазақ» басқармасында сатылатын кітаптар» және тағы басқа тақырыптарда бе- ріп отырған хабарларында жарық кө- ріп жатқан фольклорлық үлгілер, оқу
құралдары, жеке ақын-жазушылар шығармалары туралы мәлімет беріп отырды. Мысалы, «Кітап сұраушы- лар ескерсін» (1915, №105) атты ма- қалада Ғ. Қарашев кітаптары туралы айтса, «Жаңа шыққан кітаптар» де- ген айдармен С. Дөнентаевтың «Уақ- түйек», М. Сералиннің «Топжарған», М. Дулатовтың «Оян, қазақ!», «Тер- ме», А. Байтұрсыновтың «Маса»,
«Тіл құрал» және тағы басқа да кітаптар басылғанын хабарлады.
«Қазақтың» библиографиялық сипат- тағы ізденісінде «Қазақ» басқарма- сында сатылатын кітаптар» деген атпен басқарма тарапынан шыққан мақалалардың мәні зор. Мысалы, 1915 жылы осы айдармен шыққан ха- барда қазақша басылған 10 кітаптың тізімі берілген. Олар: А. Байтұрсынов- тың «Әліппе», «Маса», «Тіл құрал» (1-жыл үшін), «Тіл құрал» (2-жыл үшін), М. Дулатовтың қазақша «Қи- раәт кітабы», «Бақытсыз Жамал»,
«Есеп құралы» (1-жыл үшін), «Есеп құралы» (2-жыл үшін), Ғ. Қарашевтің
«Аға тұлпар», Б. Өтетілеуовтің «Жи- ған-терген» кітаптары. Газет тізі- міндегі кітаптың нақты нарқы мен почтамен жіберілгендегі бағасын қоса көрсетіп отырған. Міне, тура осындай дәрежедегі тізім газеттің он тоғыз санында шыққанын ескерсек, газет өзі шығып тұрған кездегі қазақ кітаптарының библиографиялық ті- зімін толық көрсетіп берді деуге негіз бар. Бұл жеке кітаптар туралы




хабарларды есептемегенде. Бұған М. Шоқаевтың 1915 жылғы № 156 санында жарияланған «Ә.Диваев» мақаласында ғалым бастырған эт- нографиялық материалдар мен фоль- клорлық үлгілерді «Ертегі-хикая- лар», «Мысалдар», «Тарихи қағаз- дар» деген топқа бөліп, толық тізімін беруін қоссақ, біршама жұмыс жүр- гізілгеніне куә боламыз. Негізінен газет қазақ кітаптарының басылуы мен таралуы, олардың сапасы де- ген мәселеге аса селқос қарамаған. М. Дулатов М. Тұрғанбайұлының
«Пайғамбар заманы» деген оқу құ- ралына жазған мақаласында (1915,
№139): «Бұл кітаптың тілі сұлу, түсінікті, айқын қазақша жазылып, бастауыш мектептің соңғы жылына арналған. Басылуы да көркем, емле- сі қазақша. Мектеп кітаптарымыз жеткіліксіз болып тұрған кезде бұл мезгілді һәм орынды шыққан жақсы бір кітап болды», – деп бағалайды. Одан соң кітап иесінің «Түрік қа- уымдарының ішіндегі ең сап болып тұрған жалғыз қазақ әдебиеті екен. Осы алтындай таза, гауһардай қым- бат қазақ әдебиетіне қылған қызметі- міз бүтін түрік қауымдарына қылған қызметіміз ғой» деген пікірін қош- тай келе, бұл салада арта қалып келе жатқанымыз қазақта баспахананың, кітап бастырушының және кітап сау- дасымен айналушылардың жоқтығы деп көрсетеді. Осы кітапты бастырып шығарған Қ. Қоңыратбайұлынан үлгі
алуға шақырады. «Қазақ» бетіндегі осы тақылеттес ой-толғамдардың молынан айтылуы, қазақ библиог- рафиясының мәселелеріне тікелей қатысты болмағанмен сол бағыт- тағы жұмыстардың жандануына өз септігін тигізгені анық.
Қорыта келгенде, ғасыр басынан кеңес дәуіріне дейінгі уақыт ара- лығында ұлттық әдебиеттану ғы- лымы өзінің туа бастағанын нық қа- дамдар жасауымен анық танытты. Ғұмырнамалық мақалаларда жеке дарындардың тұлғасын танытуда та- рихи тұрғыдан келді. Әдеби-тарихи ой-пікірге тән ұғымдар қалыптаса бастады. Р. Мәрсеков пен «Н» де- ген автордың мақалалары әдебиет тарихы, оның дәуірлері, өткені мен келешегі туралы ұғымның берік орын тебуіне жол ашты. Фольклорға алғашқы классификация жасалды, енді оның жанрлық түрлерін анық- тау мен зерттеу ісінің қолға алыну- ына бағыт-бағдар жасалды. Әдеби- теориялық ой-пікір әдебиет, оның қоғамдық орны мәселесінен бастап, өлеңтану және жеке жанр табиғаты туралы ғылыми ұғымдарды иге- ру жолында батыл қадамдар жасап, ұлт әдебиетін теориялық тұрғы- дан тексеруді қолға ала бастады. Қазақ библиографиясының ізаша- ры болып табылатын қадамдар кө- рініс тапты. Бұл секілді нәтижелі ізденістерді айтқан уақытта, бізде орыс әдебиеттану ғылымы тари-




хындағыдай академиялық тұрғыда зерттеудегі мифологиялық, биогра- фиялық, мәдени-тарихи, салыстыр- малы-тарихи мектептер болмағанын есте ұстау керек. Жоғарғы оқу ор- ны түгіл, мектеп те болмай, әде-
биет жеке пән ретінде оқытылу дең- гейіне жеткен жоқ еді. Бұл қазақ әде- биеттануының жеке ғылым саласы ретінде сол кездегі қоғам дамуының деңгейіне сай өзіндік ерекшелікпен туа бастағанына басты дәлел.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет