194
10.1-сурет Ұлттық экономикадағы
табыстар мен шығындардың
шеңберлі айналым үлгісі
Біздің мысаламызда мемлекет және сыртқы орта қатыспайтын
табыстар мен шығындардың қарапайым айналым үлгісі сөз етіледі
(10.1-сурет).
Осы сызбадан көріп отырғанымыздай, сағат тілі бойымен жүретін
бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан
өндіріс факторлары
нарығына факторлық қызметтер (еңбек, капитал, жер қызметтері)
келіп түседі. Өз кезегінде, игіліктер нарығы арқылы фирмалардан
үй шаруашылықтарына әртүрлі материалдық және материалдық
емес игіліктер келіп түседі. Сағат тілі бойымен жүретін ресурстар
мен
соңғы өнімдер ағынын нақты ағындар деп атайды. Нақты
ағындар ақшалай ағындармен қамтамасыз етіліп отырады. Сондықтан
сағат тіліне қарсы жүретін бағытты
ақшалай ағындар деп атайды.
Фирмалардан үй шаруашылықтарына
факторлық қызметтердің
төлемдері келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін – бұл олардың
табыстары саналады. Ал фирмалар үшін – бұл олардың шығындары
ретінде көрінеді. Әріқарай сағат тіліне қарсы бағыт бойынша үй
шаруашылықтарынан фирмаларға соңғы тауарлар мен қызметтерді
сатып алғаны үшін төлемдер келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін
бұл ақшалай төлемдер шығындары, ал фирмалар үшін табыстары
болып табылады.
Сонымен, бұл суретте жабық экономикадағы нақты игіліктер
ағыны мен ақшалай ағындардың шеңберлі айналымы көрсетілген.