Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Y (t) = A (t) ƒ [L (t), K (t), N (t)]



Pdf көрінісі
бет192/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   295
Экономикалык теория

Y (t) = A (t) ƒ [L (t), K (t), N (t)],
мұнда, Y (t) – жиынтық өнімнің өсу қарқыны;
A (t) – ғылыми-техникалық прогресс қарқыны;
L (t), K (t), N (t) – еңбекке, капиталға және табиғи ресурстарға 
кеткен шығындардың өсу қарқыны.
Бұл өндірістік функция халық шаруашылығы деңгейінде 
экономикалық өсуді талдау үшін қолданылады. Ол өндірістің ненің 
есебінен дамып жатқандығын анықтай алады: өндіріске жаңа 
факторларды тарту есебінен бе, не оларды қолданудың тиімділігін 
арттыру есебінен бе; қандай фактордың есебінен өндірістің 
тиімділігі көп дәрежеде артатындығын және қандай фактордың тым 
аз қарқынмен дамитындығын немесе өндірістің дамуына кедергі 
келтіретіндігін анықтай алады.
Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі экстенсивті, 
интенсивті және аралас жолдармен жүзеге асырылады.
Экономикалық өсудің экстенсивті типі өндіріс масштабын 
кеңейтуге негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндірістің 
технологиясын өзгертпей өндіріске тартылатын факторлардың санын 
арттыру есебінен орындалады. Экономикалық өсудің экстенсивті 
факторлары қолданылатын өндірістік ресурстардың көлемін арттыру 
есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюының сандық жағын сипаттайды. 


240
Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылар санын арттыру, 
капитал салымдарын көбейту, тұтынылатын шикізат көлемін арттыру, 
т.б.
Экономикалық өсудің интенсивті типі өндірістің аса тиімді 
құралдары мен технологияларын қолдануға негізделеді. Мұндай 
жағдайда экономикалық өсу өндіріс факторларын қолдануды сапалық 
жағынан жақсарту есебінен орындалады. Экономикалық өсудің 
интенсивті факторлары өндірістік ресурстарды қолданудың тиімділі-
гін арттыру есебінен өндіріс көлемін ұлғайтудың сапалық жағын 
сипаттайды. Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылардың 
біліктілігін көтеру, ғылыми-техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі, 
технологияны, еңбектің ұйымдастырылуы мен өндірісті жетілдіру, 
өнімнің сапасын көтеру, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет