Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет234/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   295
Экономикалык теория

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – бұл қоғам мүшелерінің және 
әртүрлі топтардың табыстарын бөлу және қайта бөлуге бағытталған 
үкіметтік іс-шаралары. 
Осыған байланысты, әлеуметтік саясат бір жағынан, табыстардың 
әділетті бөлінуіне, ал екінші жағынан, қоғам мүшелері мүмкіндіктері-
нің теңдігін сақтап тұруға жауап беруі тиіс.
Әлеуметтік саясаттың бірқатар міндеттері бар:
1. тұрғындардың әл-ауқаттылығын көтеру;
2. адамдардың өмір сүруі мен еңбек жағдайларын жақсарту;
3. әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру;
4. қоғамның әлеуметтік салаларын және инфрақұрылымын дамыту;
5. ел азаматтарының әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін 
қанағаттандыру.
Осындай міндеттер негізінде әлеуметтік саясат мынадай 
мәселелерді шешуге жауап іздейді:
1. адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру 
керек;
2. қоғамда игіліктерді әлеуметтік тұрғыдан қалайша барынша 
әділетті бөлуге болады;
3. адамдардың әл-ауқаттылық деңгейінің көтерілуі мен эконо-
микалық тиімділікті арттырудың сәйкестілікті қалайша жүзеге асыру-
ға болады.
Бәсекелестік тетіктер негізінде халық табыстарын нарықтық 
тұрғыдан бөлу тепе-теңдікке жетуге кепілдік бермейді, яғни табысты 
шынайы бөлуге жауап бермейді. Сол себепті, әлемнің дамыған 
елдерінің нақты қазіргі тәжірибесінде табыстарды бөлудегі теңсіздер 


290
едәуір түрде байқалады. Сондықтан табыстарды бөлудегі теңсіздіктер 
осы тақырыптың аса көкейкесті мәселесі болып қала береді.
Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар:
1. Адамдардың ақыл-ойлық (интеллектуалдық), физикалық және 
эстетикалық қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің бірдей болмауы. 
Мәселен, интеллектуалдық қабілеттіліктің аса жоғары болуы адамның 
табысын жоғарылатады. Ал қабілеттілік және ой деңгейі төмен 
адамдар сәйкесінше, табысы аз жұмыс орындарымен қамтамасыз 
етіледі. Танымал спортшылар өздерінің физикалық қабілетінің жоғары 
болуынан аса жоғары жалақы ала алады, сонымен қатар эстетикалық 
қабілеттіліктері өте жоғары музыканттар немесе суретшілер біліктілігі 
жоғары мамандар өз жалақыларын арттыра алады.
2. Адамдардың білім деңгейлерінің әртүрлі болуы. Индивидтің 
кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғұрлым жоғары болған сайын, 
оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады. Білім деңгейі жоғары 
болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп 
құюдың қажеттілігі туындайды.
3. Адамдар қолындағы меншік түрлерінің әртүрлі бөлінуі. Кейбір 
адамдардың қолында меншіктері аз немесе меншіктері мүлдем 
болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында көлік, құрал-
жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. меншіктері 
көп болуы мүмкін. Осындай меншіктері көп адамдар көп табыс таба 
алады.
Табыстардың бөлуіндегі теңсіздіктерді өлшеудің бірнеше 
теориялары бар. Соның ішінде Лоренц қисығы мен Джини 
коэффициенті маңызды орынға ие. Лоренц қисығы – бұл қоғамда 
табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды 
бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын графикалық көрініс.
табыстар 
пайызбен
100%
Лоренц қисығы
нақты теңдік
Отбасы пайызбен
0 20 40 60 80 100
абсолюттік теңдік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет