Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет235/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   295
Экономикалык теория

14.2-суретЛоренц қисығы


291
14.2-суретіне сәйкес, «отбасылар үлесі» абсцисса осіне, «табыстар 
үлесі» ордината осіне орналасқан. Табыстардың абсолютті тең 
бөлінуі ое биссектрисасымен берілген, мұнда 20% отбасы табыстың 
20%ы-н алады, 40% отбасы табыстың 40%-ын алады және солай 
кете береді. Табыстардың нақты дәрежеде бөлінуі а, в, с, d, e 
нүктелерімен сипатталады. Абсолютті теңдік сызығы мен Лоренц 
қисығы арасындағы боялған бөлігі табыстардың теңсізігін көрсетеді: 
бұл аралық бөлігі ұлғайған сайын табыстарды бөлудегі теңсіздіктер 
де арта түседі.
Жеке табыстан салықтарды алып тастағаннан кейін және 
трансферттік төлемдерді төлеп болғаннан кейін адамдардың 
табыстары біршама тепе-теңдік жағдайға жақындайды (14.3-сурет).
Салықтарды төлегеннен 
кейін трансферттерді 
қоса есептегендегі 
Лоренц қисығы
табыстар 
пайызбен
100%
Лоренц қисығы
(төлемдерсіз)
Отбасы пайызбен
0 20 40 60 80 100
14.3-сурет. Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері
Джини коэффициенті – бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді 
анықтайтын көрсеткіш, ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің 
олардың тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл 
көрсеткіш Лоренц қисығы салынған фигура алаңының абсолютті 
теңдік сызығы салынған үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде 
анықталады:
К
Дж
 = М ауданы / N ауданы.
К
Дж
шамасы шын мәнінде, 0 мен 1-дің арасында болады, егер 
коэффициент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік 
орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік 
орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады 
деген сөз, алайда, мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.


292
Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне 
байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін 
болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей 
топтағы азаматтар өмір сүреді.
Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың 
берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің 
ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. 
Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары 
мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы 
жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру 
минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы 
көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан 
қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-
ін азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен 
бірнеше көрсеткіштер: минималды жалақы, минималды зейнетақы, 
шәкіртақылар, бірқатар жардемақылар байланысты. Өмір сүрудің 
осындай шегі кедейшілік-тің негізгі сипатты белгісін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет