Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет269/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   295
Экономикалык теория

Әріптестік – екі немесе одан да көп тұлға иелік ететін және 
басқаратын корпоративтік (акционерлік емес) емес фирма.
«Әртүрлі тең жағдайларда» болжамы – қарастырылып отырған 
айнымалыдан басқа барлық басқа айнымалылардың өзгеріссіз қалуын 
болжау. 
Баға – тауарлар мен қызметтер бірлігіне алынатын және төленетін 
ақша (немесе басқа тауарлар мен қызметтердің) саны.
Бағалық емес бәсеке – фирмалардың өнімнің сатылу көлемін 
ұлғайту мақсатында қолданатын әдістері. Оларға өнімді ерекше-
лендіру, жарнама және өткізуді ынталандыру бойынша шаралар 
жатады.
Бағалық кемсітушілік (дискриминация) – сапасы мен шығын-
дары бір-дей тауарды әртүрлі бағамен әртүрлі тұтынушыларға сату 
тәжірибесі.
Бағаның төменгі шегі – тепе-теңдік бағадан жоғары үкіметтің 
бекіткен минималды бағасы.
Баж – импортталатын тауарларға салынатын салық.
Базистік жыл – бағалар индексін басқа жылдарда орын алған 
бағалармен салыстыру үшін негізге алынып қолданылатын жыл.
Баламалы шығындар – өнімдердің белгілі бір құнын өндіру үшін 
бас тартуға тура келетін басқа өнімдердің құны.
Бартер, бартерлік сауда – бір тауарды немесе қызметті басқа бір 
тауарға немесе қызметтің түріне табиғи айырбастау.
Бәсеке – нарықта пайда табу және пайдалылық көру мақсатында 
бақталастыққа түсетін тәуелсіз сатып алушылар мен сатушылардың 
үлкен санының орын алуы және олардың нарыққа еркін кіріп одан 
шығып кете алу мүмкіндіктері.
Бірлік икемділік – икемділік коэффициенті мәнінің 1-ге тең болу 
жағдайы; сұраныс немесе ұсыныс шамасының пайыздық өзгеруінің 
бағаның пайыздық өзгеруіне тең болуы.
Бірін-бірі алмастырушы тауарлар (субститут тауарлар) - бір 
тауардың бағасы мен екінші бір тауардың көлемі арасында тура 


336
байланыс орын алатын тауарлар немесе қызметтер, яғни бір тауар 
бағасының төмендеуі немесе жоғарылауы екінші бір тауар көлемінің 
қысқаруына немесе жоғарылауына алып келуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет