Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет271/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   295
Экономикалык теория

Дүниежүзілік банк – құрамына 151 мемлекет кіретін, дамушы 
елдерге олардың дамуын қамтамасыз ету үшін қарыздар беретін 
және кепілдемелер ұсынатын банк; Халықаралық қайта құру және 
даму банкі.
Дүниежүзілік сауда ұйымы – келіссөздердің Уругвайлық раунды 
үдерісінде 1944 жылы ГАТТ шеңберінде құрылған ұйым.
Екі жақты монополия – жалғыз сатушы-монополистке жалғыз 
ғана сатып алушы-монопсонистің бір-біріне қарсы тұра алуын 
сипаттайтын нарықтың ерекше жағдайы.
Еңбек – тауарлар мен қызметтер өндірісіне қолданылатын 
адамдардың физикалық және ой қабілеттіліктері.
Еңбек өнімділігі - өнімнің жалпы көлемінің соның өндірісіне 
жұмсалған еңбек санына қатынасы; еңбектің орташа өнімі немесе бір 
жұмысшының бір сағатта орындайтын еңбегінің нәтижесі.
Еңбек сиымды тауар – өндірісіне салыстырмалы түрде еңбек 
ресурсы-ның көлемі көбірек жұмсалатын өнім.
Ереуіл – жұмысшылар тобының (кәсіподақтың) өзара ұйымдасып 
жұмысты тоқтатуы.
Еуропалық одақ – жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалуын 
қалыптастыру, жалпы экономикалық саясатты жүргізу, тауарлардың 
ағылуына салынатын жалпы кеден тарифтері мен импорттық 
квоталарды біртіндеп жою үшін 1958 жылы құрылған еуропалық 
мемлекеттер ассоциациясы.
Жабық экономика – тауарлар мен қызметтерді экспорттамайтын 
және импорттамайтын елдің экономикалық жүйесі.
Жалақы – уақыт (сағат, күн, т.б.) бірлігіне шаққандағы еңбек 
қызметінің қандай да бір түрін қолданғаны үшін төленетін бағасы 
немесе төлем.
Жалпы жеке ішкі инвестициялармашиналар, құралдар, 
саймандар, ғимараттар сияқты өндіріс құрал-жабдықтарын өндіруге 
және тауарлы-материалдық қорларды толтыруға кететін шығындар.
Жалпы ішкі өнім – әдетте, бір жыл ішінде белгілі елдің 
территориясын-да қолданылатын ресурстардың көзіне (ішкі 
немесе сыртқы) қарамастан өндірілген барлық соңғы өнімдер мен 
қызметтердің жалпы нарықтық құны.
Жалпы өнім – фирманың өндірген нақты тауарының немесе 
қызметінің жалпы көлемі.


338


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет