Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет5/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295
Экономикалык теория

9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісібұл қандай да бір 
құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты 
деп қарастыру. Бұл экономикалық құбылыстар арасындағы 
функционалдық байланыстарды анықтау үшін экономикалық 
зерттеулерде қолданылатын аса маңызды ұстаным болып табылады. 
Мысалы, біз сұранысқа тауар бағасының қалай әсер ететінін 
білгіміз келсе, онда оған әсер ететін басқа факторларды тұрақты деп 
болжауымыз керек.


9
Экономикалық теорияның ерекше әдістері:
1. Экономикалық-математикалық үлгілеу – экономикалық 
теорияда аса кеңінен қолданылатын зерттеу әдісі. Негізінен, нарықтың 
дамуын сипаттайтын нақты сандық заңдылықтарды анықтауға 
мүмкіндік беретін және әртүрлі өзгермелі факторлардың әсерін 
көрсететін жекелеген көрсеткіштердің сапалық бағалануын білдіретін 
әдіс болып табылады. Экономикалық үлгілер – экономикалық 
құбылыстардың себептерін, олардың өзгеру заңдылықтарын 
және сол өзгерістердің салдарларын анықтауға мүмкіндік беретін 
шынайылықты қарапайым түрде суреттеу.
2. Шекті талдау. Бұл әдіс экономикалық іс-қимылдың өзгерістерін 
зерттейді, экономикалық субъектілер өз мақсаттарына жетуі барысын-
да іске асырған шығындарын табыстарымен салыстырып отырады, 
яғни олар іс-әрекеттері (игіліктерді өндіру, оларды сату және сатып алу) 
нәтижесінде қосымша шығындары қосымша алынатын табыстарына 
тең болғанға дейін өз пайдаларын және пайдалылықтарын мейлінше 
арттыра береді.
3. Функционалдық талдау. Бұл әдісте алдымен зерттеліп отырған 
құбылыстың типтік сипаты, содан кейін осы құбылыстың сипатына 
әсер ететін факторлар анықталады. Зерттеліп отырған құбылыс пен 
оған әсер ететін факторлар арасындағы өзара байланыс функция 
арқылы түсіндіріледі. Функциялық шама өзгермелі болып табылады, 
яғни ол шама оған әсер ететін факторлар арқылы өзінің нәтижесін 
өзгертеді. Мысалы, егер у х-тің функциясы болып табылса, онда ол 
былай жазылады: у = f (x), мұнда у – х-тің функциясы болса, ал х – 
функцияның агрументі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет