Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Экономикалық теорияның жалпы әдістері



Pdf көрінісі
бет4/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295
Экономикалык теория

Экономикалық теорияның жалпы әдістері:
1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстардың 
ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. Экономикалық 
теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыс-
тарды жеңілдетіп көрсетеді.
2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге 
бөліп талдап көрсету. Мысалы, нарықтық сұраныстың қалыптасу 
заңдылықтары оның анықтайтын әртүрлі факторлар – баға, 
тұтынушылардың табысы, олардың талғамы және тағы басқаларын 
зерттеуден тұруы мүмкін.
3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген 
элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету. Мысалы, нарықтық 
сұранысты және оның қарқынын түсіну тек оның құрамына кіретін 
жекелеген бөліктерін (баға, тұтынушылардың табысы және талғамы, 
т.б.) қарастыру арқылы ғана мүмкін болады. Анализ бен синтез 
экономикалық құбылыстарды танып білудің өзара байланысқан екі 
жағын көрсетеді.


8
4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы 
қорытынды шығару. Мысалы, тұтынушы үшін тұтынылатын әрбір 
қосымша игіліктің пайдалылығы төмендей береді. Бұдан мынадай 
қорытындыға келуге болады, берілген тауарды тұтынушы адам сол 
тауарды оған баға төмендеген жағдайда ғана әрі қарай сатып алуға 
дайын екендігін көруге болады. 
5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту. Мысалы, мынадай 
жалпы қорытынды: әскери адамдар өте сымбатты келеді. Көшеде 
азаматтық киімде келе жатқан адамды оның сымбаттылығына қарап, 
оны әскери лауазымға қатысы бар екенін байқауға болады.
6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу. Көптеген ғылымдар 
сараптама жүргізуді танымның негізгі әдісі ретінде қолданады. Ол 
тәжірибеде алға шығарылған ғылыми болжамның дұрыстылығын 
бағалауға мүмкіндік береді. Алайда, экономикалық теорияда бұл 
әдістің кеңінен қолданылуы шектелген. Экономикалық эксперимент – 
экономикалық құбылыстарды аса қолайлы жағдайларда жасанды түр-
де сипаттау және оны әрі қарай тәжірибе жүзінде қолдану. Экономика-
лық эксперименттердің бір кемшілігі болып олардың барлық ықтимал 
нәтижелерін нақты болжауға болмайтындығы табылады.
7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу. 
Ғылыми дәлелдемелер мен қорытындылар үлгілерді зерттеу негізінде 
қалыптасып отырады, яғни экономикалық шынайылылықтың 
құбылыстары арасындағы байланыстардың түйінін келтіріп отырады. 
Мысал ретінде, қандай да бір нарықта қалыптасқан баға сол нарық 
жөнінде барлық қол жетімді ақпараттарды бере алатын «тиімді нарық 
гипотезасын» келтіруге болады. Мұндай болжамның шындығы немесе 
жалғандығы оны экономикалық шынайылықтың нақты деректерімен 
салыстыру жолымен тексеріледі.
8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-
калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату. Мысалы, 
экономикадағы ақша айналымы жүйесін адам организміндегі қан 
айналымына ұқсатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет