110
1. Монополия – нарықта бір ғана фирма сатушы ретінде жұмыс
істейтін бәсекелестіктің ең шеткі түрі.
Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма
бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда
мұндай нарық –
монополия, ал фирма –
монополист деп аталады.
Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың
бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде
белгілейді және бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде
ұсынады.
Монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:
1. «Фирма» және «сала» түсініктері түйіседі;
2. Сатып алушыларда тауарды таңдауда мүмкіндіктері болмайды;
3. Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай
отырып, бағаны кез келген бағытта өзгертеді және басқара
алады;
4. Монополист берілген тауарды
өндіретін жалғыз фирма
болғандықтан, оның өніміне деген сұраныс қисығы бір мезгілде
нарықтың да сұраныс қисығы болып табылады және ұсыныл-
ған
тауардың бағасын анықтайды;
5. Таза монополия бәсекелестіктен биік кедергілермен (тосқауыл-
дармен) қорғалады.
Достарыңызбен бөлісу: