113
бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына,
сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды.
Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы
төмен
қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады.
Сұраныс
икемділігінің факторлары – бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену
(дифференциациялану) деңгейі.
Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) дегеніміз –
фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының
көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен
айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық
элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі,
сату
шарттары, буып-түю және т.б жатады.
Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі
сипаты бойынша қарастыруға болады:
1. Монополиялық сипаттары бойынша:
- кемімелі сұраныс қисығы;
- бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.
2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:
- нарықты басқа ұсақ фирмалардың
көпшілігімен бөлісу;
- іс-әрекеттері басқа фирмаларға тәуелді емес;
- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.
Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша
шығындар осы салаға жаңа фирмалардың
кіруіне кедергі болуы
мүмкін.
Монополистік бәсеке нарығының монополия сияқты қоғам үшін
экономикалық тиімсіздікке алып келетін әлеуметтік-экономикалық
салдарлары бар.
Біріншіден, тауарлар өндірісі үшін ресурстар
толық қолданыла алмайды, яғни жоғарыда атап өткеніміздей, артық
өндіріс қуаты пайда болады.
Екіншіден, тұтынушылар тауарларды
төменгі бағамен сатып ала алмайды, яғни оларға қажетті тауарлар
тиісті деңгейінде өндірілмейді.
Үшіншіден, тауарға тұтынушылық
сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға үнемі ерекшелік беріп жетіл-
діріп отыру қажет.
Төртіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты
бейімдеу үшін сол тауарға жарнама жасап отыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: