119
екі бағыты орын алады: 1) іскерлік тәртіптің белгілі бір әділетсіз
түрлерін
шектеу немесе тыйым салу; 2) бәсекелестік нарықтық
құрылымды қалыптастыру.
Қазіргі уақытта таза монополия
нарығын мемлекет тарапынан
реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше
тәсілдері бар, яғни
монополиялық билікті қысқартудың негізгі
тәсілдері төмендегілер болып табылады:
1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап
шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне
қарсы бағытталған
шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың
бірігуіне, бәсекелестікті әлсіретуге,
монополияны орнатуға, яғни
олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды
реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: