Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Несие – төлем мерзімі кейінге қалдырылған, үстеме пайызбен  ақшалай немесе тауарлық нысанында берілетін қарыз. Нормативті экономика



Pdf көрінісі
бет279/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   295
Экономикалык теория

Несие – төлем мерзімі кейінге қалдырылған, үстеме пайызбен 
ақшалай немесе тауарлық нысанында берілетін қарыз.
Нормативті экономика – экономиканың қандай болу керектігін 
түсінді-ретін адамдардың субъективтік бағалауларына негізделетін 
экономикалық ғылымның бағыты; экономикалық мақсаттар мен 
экономикалық мәселелерді айқындайтын ғылым.


345
Олигополия – нарықта бірнеше ірі фирмалар стандартталған 
немесе ерекшеленген тауарлар өндірумен айналысатын, олардың 
әрқайсысы тауар бағасына айтарлықтай бақылау жасай және шешім 
қабылдауда бір-бірінің ықтимал реакцияларын ескеріп отыратын 
жетілмеген бәсекенің бір типі.
Олигопсония – бірнеше сатып алушыларға ғана әрекет ететін 
нарықтың жағдайы.
ОПЭКмұнай экспорттаушы-елдер ұйымы; шикі мұнайды 
импортерлер-ге сату бойынша мұнай бағасы мен оның көлеміне 
бақылау жасап отыру үшін 1960 жылы құрылған, құрамында мұнай 
өндіруші 13 мемлекет бар халық-аралық картель; мұнайдың әлемдік 
экспорттының маңызды бөлігі тиесілі елдер картелі.
Орталық банк – ақша шығаруға құқығы бар және басты қызметі 
берілген елдегі айналымдағы ақша жиынына бақылау жасау болып 
табылатын эмиссиялық банк. 
Орташа жалпы шығындар – фирманың жалпы шығындарының 
өндірілген өнім көлеміне қатынасы; орташа тұрақты және орташа 
өзгермелі шығындардың қосындысы.
Орташа өзгермелі шығындар – фирманың өзгермелі шығын-
дарының өнім көлеміне қатынасы.
Орташа өнім – ресурстардың бір бірлігіне шаққандағы өндірілген 
өнімнің жалпы көлемі. 
Орташа табыс – өнімді сатудан түскен жалпы түсімнің өнім 
көлеміне қатынасы; жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімнің 
бағасына тең шама.
Орташа тұрақты шығындар – фирманың тұрақты шығындары-
ның өнім көлеміне қатынасы.
Оукен заңы – жұмыссыздықтың нақты деңгейінің толық 
жұмысбасты-лық жағдайындағы табиғи деңгейінен 1%-ға асып 
кеткенде нақты ЖІӨ-нің әлеуетті ЖІӨ деңгейінен 2,5%-ға қалып 
отыруын сипаттайтын қорытынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет