Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет280/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   295
Экономикалык теория

Өзара тәуелсіз тауарлар – қандай да бір тауардың немесе 
қызметтің бағасы мен басқа бір тауардың немесе қызметтің сұраныс 
көлемі арасында ешқандай байланысты тудырмайтын игіліктер
мысалы, бір тауардың бағасы өскенде немесе төмендегенде екінші 
бір тауарға деген сұраныстың өзгеріссіз қалуы.
Өзгермелі шығындар - өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты 
өзгеріп отыратын шығындар, яғни олардың жалпы көлемі фирма өнім 
өндіруді арттырғанда (қысқартқанда) өсіп отырады (төмендейді).


346
Өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік 
қабілет сияқты экономикалық ресурстар.
Өндірістік әлеует – экономиканың қолда бар ресурстарды толық 
пайдалану кезінде өндіре алатын өнімінің (ЖІӨ-нің) нақты көлемі.
Өндірістік мүмкіндіктер қисығыэкономикада берілген 
технология бойынша қолда бар ресурстарды толығымен пайдалану 
және толық жұмысбастылық жағдайында өндіріле алатын екі тауар-
дың немесе қызметтің әртүрлі үйлесімділіктерін көрсететін қисық 
сызық.
Өнеркәсібі дамыған елдер – озық технологиялы негізгі капитал-
дың үлкен көлемін жинақтауға негізделген және біліктілігі жоғары 
жұмыс күшін иемденген нарықтық экономикасы дамыған АҚШ
Канада, Жапония және Батыс Еуропа елдері сияқты мемлекеттер.
Өнеркәсіптік саясат – экономикалық өсуді ынталандыру 
мақсатында өнеркәсіптің құрылымы мен ұйымдастырылуын 
қалыптастырудағы үкіметтің тікелей қатысуына және белсенді 
араласуына негізделген саясат.
Өнімділік – орташа өнім көлемінің немесе жұмсалған ресурстар-
дың бірлігіне шаққандағы нақты өнімнің көрсеткіші. Мысалы, еңбек 
өнімділігі нақты өндірілген өнім шамасын жұмыс уақытына бөлу 
арқылы анықталады.
Өспелі балама шығындар заңы – өнім өндірісін ұлғайтқан сайын 
сол өнімнің әрбір жаңа бірлігін өндіруге кететін балама шығындардың 
және шекті шығындардың өсіп отыру үрдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет