Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет281/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   295
Экономикалык теория

Өте икемді сұраныс – тауар бағасының өзгеруін талап етпейтін 
сұраныс көлемінің өзгеруі; тұтынушылардың нарықта өзгермейтін 
бағамен тауар көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын 
жағдай.
Өте икемді ұсыныс – тауар бағасының өзгеруін талап етпейтін 
ұсыныс көлемінің өзгеруі; тұтынушылардың өзгермейтін бағамен 
сатып алғысы тауар көлемін сатушылардың сатуға деген дайындығын 
сипаттайтын жағдай.
Өте икемсіз сұраныс – тауар бағасының өзгеруі сұраныс көлемінің 
өзгеруіне алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда сұраныс 
көлемінің тұрақты болып қалуы.
Өте икемсіз ұсыныс – тауар бағасының өзгеруі ұсыныс көлемінің 
өзгеруіне алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда ұсыныс 
көлемінің тұрақты болып қалуы.


347
Өтімділік – ақшаның немесе тауардың өзінің сатып алушылық 
қабілетін жоғалтпай басқа бір ақшаның немесе активтің түріне 
жылдам, әрі оңай айнала алуы.
Пайда – табыстар мен шығындар арасындағы айырма; кәсіпкерлік 
қабілеттіліктерін экономикаға ұсынатындардың алатын таза 
табыстары.
Пайдалылық – тауарлардың немесе қызметтердің бір немесе 
бірнеше қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қабілеті.
Пайыз мөлшерлемесі – ақшаны немесе капиталды пайдаланудың 
бағасы.
Позитивтік экономика – нақты деректер мен фактілерге 
негізделген экономиканың дәл қазіргі жай-күйі.
Рейганомика – ұсынысқа баса назар аударатын, инфляция мен 
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган 
әкімшілігінің саясаты.
Ренталық табыс – экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз 
ететін тұлғалардың алатын табыстары.
Ресурстар нарығы – үй шаруашылықтары ресурстарды сататын 
және фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық.
Ресурстардың шектеулілігі – адамдардың шексіз қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілет 
сияқты факторлардың жетіспеушілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет