279
табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін
орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері;
қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі;
ӛмір, табиғат, қоршаған орта
тағы басқалар туралы ойлары
кӛрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың
әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.
Сан мыңдаған даму тарихында адамзат ӛте кӛп білім
жинақтады. Жасӛспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана
ӛркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің
барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең
маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді
таңдау мәселесінің
орны ерекше.
Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі
пәндерге бӛлініп кӛрініс табады.
Оқу пәні бұл – нақты белгілері
бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын
әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бӛлігі. Оқу пәндері
белгілі
ғылымдардың
негіздерін
мектептердегі
оқыту
қажеттіліктеріне бейімдейтін
білім мазмұнының арнайы
Білімнің мазмҧны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл
ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің
негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-
материалистік кӛзқарасы, мінезі қалыптасады.
Білім мазмҧны бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін
меңгеру
тәжірибесі,
екінші
жеке
тұлға
мінез-құлқының
типологиялық
сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой
және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас
үрдістің мазмұны.
Білім мазмұны кӛптеген нормативті құжаттарда анықталған.
Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті
зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе
әрбір тарихи кезеңдерде
болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір
реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны ӛзгеріске
ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.
Осы бағытта Республика кӛлемінде білім мазмұнын жаңартуға
байланысты істеліп жатқан кӛптеп саналады. Соардың бірі
«Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім
мазмұнының тұжырымдамасы».
Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың
ғылыми негіздері, білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер,
280
білім мазмұнының құрамы және құрылымы бірыңғай жүйеге
келтірілген.
Білім
мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту ӛмір
талабының обьетивті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени
және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте
қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі кӛзі
болуы тиіс.
Әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы және оқу пәндерінің
кӛбеюіне байланысты пәндердің ӛздері жаңа бӛліктерге бӛліне
бастады. Бірақ, қазір оқу пәндерінің одан әрі кӛбеюі және
дифференциациялануы (бӛлшектенуі) жағдайды мүлде қиындатуы
мүмкін. Соған байланысты әлемдік педагогика оқу пәндерін негізгі
идея тӛңірегіне интеграциялауға (біріктіру) кӛшті.
Достарыңызбен бөлісу: