292
оқушылардың танымдық әрекетін басқарудың қиындығы, әлсіздігі,
қойылған мақсатты орындау үшін кӛп уақыт кетеді.
Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - әрекеттердің
/операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын-ала
жоспарланған нәтижеге әкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі
мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері:
оқу материалы бӛлек-бӛлек порцияларға бӛлінеді:
оқыту процесі
бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы және
оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; әрбір қадам
тексерумен аяқталады /сұрақ, тапсырма, т.б./;
егерде оқушы
қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа
порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы
дұрыс емес жауап берсе кӛмек және қосымша кеңес алады; әрбір
оқушы дербес жұмыс істейді және әлі келетін қарқынды оқу
материалын меңгереді; бүкіл
қадағалаушы тапсырмалардың
орындалуы есепке алынады және олар оқушының ӛзіне /ішкі кері
байланыс/ және мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады;
педагог оқытуды ұйымдастырушы және оқушы қиындық кӛргенде
кеңес беруші рӛлінде болады; оқыту процесінде БО құралдары
кеңінен
пайдаланады:
программаланған
оқу
құралдары,
тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары.
Жеке электрондық-есептеу машиналарының қарқынды дамуы
компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге әкелді.
Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: