Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет133/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

ТақырыбыОқыту процесінің мәні 
Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқыту процесінің мәні 
туралы жан-жақты мәлімет беру, оқытудың түрлерімен таныстыру. 
Студенттердің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшелігі 
жӛнінде алған жан-жақты ақпараттарын ӛздерінің оқыту 
барысында тиімді қолдана білуіне бағыттау. 
Сабақтың әдісі: Презентация, түртіп алу, сұрақ-жауап, Т 
кестесі, шығармашылық тапсырма. 
Жоспары: 
1. Оқыту процесінің мәні, оның қызметтері. 
2. Оқытудың түрлері. 
3. Оқушылардың танымдық іс-әрекеінің ерекшеліктері. 
4. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары. 
5. Кӛрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту 
идеялары. 


290 
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 
1. Ауызша ойлау: Студенттердің тақырып бойынша 
түсініктерін, пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойылады. 
- Оқыту дегеніміз не? Ассоциация құру. 
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
2. Ауызша шолу 
Дәрістің 1 және 2 сұрағы лектордың презентациясымен 
түсіндіріледі. 
1. Оқыту процесінің мәні, оның қызметтері.
2. Оқытудың тҥрлері. 
Слайд 1. Оқыту – қоғамдық қатынастарды, қоғамдық сананы, 
мәдениетті және ӛнімді еңбек тәжірибесін, қоршаған ортаны 
белсенді ӛзгерту және қорғау туралы білімді ересектерің мақсатты 
бағытталған, ұйымдасқан, жүйелі түрде беруі және оны ӛсіп келе 
жатқан ұрпақтың меңгеруі. Ол ұрпақтың сабақтастығын, қоғамның 
толықтай қызмет етуін және тұлғаның дамуының сәйкесті деңгейін 
қамтамасыз етеді. Оқыту процесінде оқушылар адамзаттың 
қоғамдық-тарихи тәжірибесінен белгілі бір жақтарын меңгереді: 
идеологияны,саясатты, ғылымды, мораль, еңбек, әдебиет және 
ӛнер, жалпы және денелік мәдениетті. Оқыту тұлғаның жан-жақты 
және үйлесімді дамуының негізін салады.
Оқытудың ғылыми танымнан айырмашылығы бар. Ғылыми 
зерттеу адамзатқа белгісіз білімді ашып берсе, оқушы адамзатқа 
белгілі тек ӛзіне белгісіз білімдер жүейсін меңгереді. 
Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті ретінде екі 
ӛзара байланысты процеске бӛлінеді: сабақ беру мұғалімнің іс-
әрекеті ретінде және оқу оқушының іс-әрекеті ретінде. Мұғалім 
қоғамның мүддесін кӛздейді, ол оқушы меңгеруге тиісті 
адамзаттың тәжірибесін ӛзінде алып жүргенге іспетті. Сабақ беру 
бірнеше жақтың қосындысы болады: мұғалімнің ӛз пәнін білуі, 
оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыра білу іскерлігі, қазіргі 
оқыту әдістерін білуі, оқушының танымдық мүмкіншілігін, оның 
ақыл-ой дамуының терең түсінуін, шәкірттің тұлғалық белгілерін 
қалыптастырудың жолдарын білуі. Оқу – белсенді танымдық 
процесс, онда оқушының ақыл-күштері, мінезінің моральдық және 
еріктік белгілері, тұлғаның белгілері және темпераменті 
қалыптасып, кӛрініс табады.


291 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет