Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Адамгершілік



Pdf көрінісі
бет155/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
5. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Адамгершілік 
тәрбиесі», «Азаматтық-патриоттық тәрбие», «Экономикалық 
тәрбие», «Экологиялық тәрбие», «Эстетикалық тәрбие», 
«Отбасы педагогикасы» негіздерін зерттеу  


338 
Тұлғаның кӛзқарасы мен сенімінің тұрақтылығы, оның идеясы 
мен қоғамдық белсенділігі – тұлғаның маңызды сипаттамасы. Бұл 
қасиеттер тәрбиелеу процессінде қалыптасады. Тәжірибеде 
кӛрінгендей, осы мәселені нәтижелі меңгеру үшін білім алушылар 
маңызды басты ұғымдардың мәнін саналы түрде меңгереді.
«Дүниетаным» – бұл сӛзді білім алушылар жиі естиді. Ал оның 
нені білдіретінін сұрасаңыз, кӛбі оның мағынасын біле бермейді. 
Дүниетаным – бұл кӛзқарастар, сенімдер, идеялар жүйесі. Ал бұл 
компоненттер қалай жүйеленеді? Білім және дүниетаным, олар 
қандай байланыста, бір-біріне қалай әсер етеді? Міне, осындай 
сұрақтарды студенттерге қоюға болады. Бұл сұрақтарды оқытушы 
ӛзі қойып, оған жауапты студенттермен бірге іздегені дұрыс. 
Талдауды тек абстрактілі емес, сонымен қатар фактілерді, белгілі 
тұлғалар ӛмірінен мысал келтіру арқылы жүргізген жӛн. 
Адамгершілік тәрбиесі 
Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық 
мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, мінез-құлығына 
адамгершілік сапаларды қалыптастыру жолындағы мақсатты түрде 
бағытталған 
жүйелі 
әрекет. 
Келесі 
анықтама 
бойынша, 
адамгершілік тәрбиесі – білім алушылардың бойында мінез-
құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және оларға 
ӛздерінің бір-біріне, отбасына, адамдарға, мемлекетке, Отанға 
деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін 
дамыту жӛніндегі педагогтардың мақсатты түрдегі іс-әрекеті. 
Тәрбиелеу мақсаты – адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиесі мақсатының ерекшелігі үстемдік қоғамдық 
қатынастармен және рухани құндылықтармен анықталады. 
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері – адамгершілік 
сананы: адамгершілік ұғымдарды, мұратты, моральдық-этикалық 
құндылықтар мен нормаларды, ӛз-ӛзіне сенімін арттыруды, 
этикалық бағалауды қалыптастыру. 
Адамгершілік сезімдерді дамыту дегеніміз білім алушылардың 
бойында ізгіліктік, ар, абырой, борыш, жауапкершілік, жолдастық, 
ұжымшылдык, ұят, адамдарды сыйлау икемділіктерін қалытастыру. 
Қабылданған этикалық нормаларға және дәстүрге сәйкесті мінез-
құлық тәжірибесін қалыптастыру, адамгерішілік әдетке (шындықты 
айту, жамандық істемеу т.б.) дағдыландыру. 
Адамгершілік 
тәрбиесінің 
ұстанымдары 
(принциптері): 
тәрбиенің қоғамдық бағытталғандығы, тәрбиенің ӛмірмен, 


339 
еңбекпен байланысы, тәрбиеде жағымдыға арқа сүйеу, тәрбиенің 
ізгіленуі, тәрбиелік ықпалдардың бірлігі, сана мен мінез-құлық 
бірлігі, 
оқу 
орынымен 
отбасының, 
жұртшылықтың 
педагогикалық талаптарының бірлігі. 
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: 
- адамда қоғаммен байланыстылығын, оған тәуелділігін, ӛз 
мінез-құлқын 
қоғамның 
қызығушылығымен 
сәйкестендіру 
қажеттілігі санасын қалыптастыру; 

адамгершілік мұраттармен, қоғамның талаптарымен 
таныстыру, олардың орынды қойылуын және адамға 
сыйымдылығын дәлелдеу; 

адамгершілік 
білімдерді 
адамгершілік 
сенімдерге 
айналдыру, осы сенімдердің жүйесін құру; 
- орнықты адамгершілік сезімдерді, адамгершілік сапаларды 
және жоғары мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру;
- адамгершілік әдеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің формалары: 
- ұжымдық: мейрамдар, кештер, пікірталастар, фестивальдар, 
жорықтар, жиналыстар т.б. 
- топтық: еңбек бірлестіктері, клубтар, пән үйірмелері, 
қоғамдық 
бірлестіктердің 
жұмысы, 
ғылыми 
қоғамдар, 
қызығушылылығы бойынша бірлестіктер т.б. 
- жекелік: ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жұмыстары, жеке ғылыми-
танымдық, 
шығармашылық 
іс-әрекеттер, 
адамгершілік 
мазмұныңдағы тапсырмалар т.б. 
Адамгершілік тәрбиесінің әдістері:
- адамгершілік санасын қалыптастыру әдістері (әңгіме, дәріс, 
пікірталас, үлгі); 
- адамгершілік қоғамдық мінез-құлық әрекетін және 
тәжірибені қалыптастыруды ұйымдастыру әдістері: талап, 
қоғамдық пікір, үйрету, жаттығу, тәрбиелеушілік ситуациялар 
туғызу, тапсырма; 
- адамгершілік іс-әрекет пен мінез-құлықты қолдау әдістері: 
жарыс, мадақтау, жазалау. 
Адамгершілік тәрбие үрдісінің ӛзектілігі оның:
- мазмұнымен шартталған – қоғамдық моральмен, қоғамдық 
адамгершілік сананың нормаларын жеке санаға және әрбір білім 
алушының мінез-құлқына ендіру қажеттілігімен; 


340 
- мақсаттарының, мазмұнының, адамгершілік тәрбиелігінің 
кӛрінісі, ұйымдастырушының және диагностикасының ерекшелігі; 
- ақыл-ой, еңбек, азаматтық, эстетикалық, денелік, құқықтық 
тәрбиелеу үрдістеріне енетіндігінде. 
Адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру жолдары: 
- оқу үрдісінің мүмкіншілігін пайдалану, әсіресе гуманитарлық 
пәндердің; 
- мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдарының т.б. мекемелердің 
тәрбиелік мүмкіншілігін пайдаланып адамгершілік білім беру; 
- ұжымдық ӛмірді, бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста 
адамгершілік тәжірбиесін және қоғамдык мінез-құлық мәдениетін 
қалыптастыру; 
- отбасының және қоғамдық тәрбие мекемелерінің ӛзара 
байланысын қамтамасыз ету. 
Тәрбиелік істерінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам 
моралі туралы мәліметтер енгізеді. Мораль – адам санасының 
формасы және адамзат мәдениетінің бӛлігі. Мораль принциитерін, 
нормасын, мәнін түсінуден тәрбиеленушілер ӛздерінің және басқа 
адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік 
жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына 
сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды.
Бірақ, адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдердің 
бекуіне ӛзідігінен қамтамасыз ете алмайды, тек олардың 
қалыптасуына кажетті алғы шарттар ғана болып есептелінеді. 
Адамгершілік білімдер білім алушының ӛмір тәжірибесіне ӛтіп, ой 
толғауына еніп, тәрбиеленушілердің ӛзіндік талқы сарабына түскен 
болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне кӛтеріледі. 
«Азаматтық-патриоттық» тәрбие 
Қазақстан Республикасының егемендік алуы, нарықтық 
экономикаға кӛшуімен байланысты болып жатқан ӛзекті ӛзгерістер 
білім алушы жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін теңдесі 
жоқ биіктікке кӛтеруді талап ететіні айқын кӛрініс. Осы 
тақырыптағы дәрістің сыни тұрғыда жазу және ойлау технологиясы 
бойынша жоспарланған үлгісін ұсынамыз. 
Тақырыбы: Азаматтық-патриоттық тәрбие 
Мақсаты: эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері, 
эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын 
меңгерту.
Ӛткізу әдістері:


341 
Студенттермен диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және 
жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: 
ассоциация, эссе жазу, түртіп алу, 2 жақты күнделік, әңгіме 
құрастыр немесе 2-3 айналым.
Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында: 

Азаматтық-патриоттық тәрбие туралы түсінік алады; 

Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері танысады.

Патриотизм 
ұғымына 
берілген 
анықтамалардың 
классификациясымен танысады.

Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдарын 
меңгереді. 
Дәрістің мазмҧны: 
4. Азаматтық-патриоттық тәрбие және оның мақсаты. 
5. Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері. 
6. Патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың жіктелуі. 
7. Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдары. 
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 
 
1. Жаттығу: «Ассоциация» 
Студенттерге сұрақ: Патриот адамның негізгі қасиеттері қандай 
болуы тиіс?» қойылып , олардың жауаптары тақтаға жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет