Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет158/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

6. Кестемен жҧмыс
Студенттер 4-ші сҧрақ мәтінін оқи отырып, 2-кестені 
толтырады (слайд 5). 
4. Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдары 
Азаматтардың мақсаттары топтарының бойында саналы 
азаматтық бірлік пен қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар 
арасындағы ӛзара түсіністік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін 
ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесін құру 
мыналар арқылы мүмкін болады: 
1) Мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолданылатын 
саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді іске асыру. 
2) Мемлекеттік рәміз ұлттың мәдени эмблемалар кешені болып 
табылады. Мемлекеттік рәмізді дұрыс пайдалану азаматтық жеке 
сананы және қауымдық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. 
Мемлекеттік рәмізді насихаттау түрлі деңгейлерде халықтың 
ауқымды 
жіктерін 
тарту 
арқылы 
ӛткізілетін 
әртүрлі 
конференциялар, семинарлар, акциялар шеңберінде жүзеге 
асырылатын болады. 
Бұған қоса, түрлі әлеуметтік топтардың елдің мемлекеттік 
нышандарын 
қабылдау 
дәрежесін 
анықтауға 
бағытталған 
әлеуметтанушылық зерттеу нысанында жүзеге асырылатын осы 
жұмысты ғылыми қамтамасыз ету қажет болады. 
Түрлі конкурстар және басқа да бұқаралық акциялар ӛткізу 
арқылы мемлекеттік рәміздің маңызы мәселелерінде жастардың 
хабардар болуын арттыруға айрықша назар аударылады. 
Осы тақырыптағы теледидар және радио бағдарламаларды 
жасау және кӛрсету арқылы жүзеге асыру жоспарланып отырған 
мемлекеттік нышандар насихатын жүргізуге БАҚ-ты тарту қажет 
болады; 
3) мемлекеттік мерекелерді жалпыхалықтық мереке ретінде 
ӛткізу қағидасын енгізу. 
Жүргізілетін салтанаттарға адамдарды барынша тарту қажет. 
Бұл ретте ӛткізіліп жатқан әрбір мерекені азаматтардың «шын 
жүректен», бірлік, тұтастық, рухани кӛтеріңкілік сезімімен 
қабылдауы үшін оны ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз 
ету жӛнінде шаралар қабылдау маңызды. 
Мемлекеттік мерекелерді ӛткізу нысандарын түрлендіру 
мемлекеттік мерекелерді барынша ізгілендіретіндей сценарийлер 
әзірлеуді қарастырады. 


347 
Аталған жұмыстың нәтижесі мемлекеттік басқару органдары 
мен қоғамның түрлі жіктерінің жақындасуы, билік органдары мен 
халық арасындағы ӛзара түсіністіктің тереңдеуі болмақ; 
4) білім беру жүйесінің оқу бағдарламаларының деңгейін 
кӛтеру. 
2 Кесте
Слайд 5 
Осы уақытқа дейін 
азаматтық-патриоттық тәрбие 
беру бойынша жиі қоданылып 
келген әдіс-тәсілдер, тәрбие 
формалары 
Сіз 
азаматтық-патриоттық 
тәрбиені нәтижелі жүргізу үшін 
қандай әдіс-тәсілдер, жолдар, 
жұмыс формаларын ұсынасыз 
1. 
1. 
2. 
2. 
... 
... 
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 
 
7. Жаттығу «Әңгіме қҧрастыр»
3 топтың студенттері топ болып 1 бет ақ параққа кезекпен 1 
сӛйлемнен жазу арқылы (2-3 айналым) «Әңгіме құрастыр» 
стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып «Елімізде азаматтық-патриоттық тәрбие беру жұмысы 
және оның нәтижесі». Жұмыс уақыты аяқталған соң топ 
басшылары құрастырған әңгімелерін оқиды. 
 
«Экономикалық тәрбие» 
Қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық қайта құру 
жағдайында қазіргі жалпы орта мектеп педагогтарының тәрбие 
процесінде тұлғаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарының 
ішінде экономикалық тәрбие беру маңызды болып табылады. 
Сондықтанда осы тақырыпқа жоспарланған интерактивті дәріс 
үлгісін ұсынуды жӛн кӛрдік. 
Тақырыбы: Экономикалық тәрбие 
Мақсаты: экономикалық тәрбие, экономикалық білім беру 
ұғымдарын меңгерту. Экономикалық білім беру бойынша қазіргі 
уақыттағы білім беру жүйесіндегі әдіс-тәсілдерді игерту.
Ӛткізу әдістері:


348 
Мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни 
тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, «2 жақты 
күнделік», «Эссе». 
Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында: 
- Экономикалық тәрбие, экономикалық білім беру ұғымдарын 
меңгереді; 
- Сабақта экономикалық тәрбие беру әдіс-тәсілдерін меңгереді. 
Дәрістің мазмҧны: 
1. Экономикалық тәрбие, экономикалық тәрбие және оның 
мақсаты. 
2. Экономикалық 
тәрбие бойынша қазіргі білім беру 
жүйесіндегі жұмыс формалары. 
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 
 
1. Жаттығу «Ассоциация» 
Ассоциация стратегиясы. Студенттерге сұрақ қойылады: 
«Экономикалық тәрбие беру дегенді қалай түсінесіздер?». 
Жауаптар тақтаға жазылады. 
Жауаптар бойынша неге олай ойлайтыны сұралады, пікір 
алмасу жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет