Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет161/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы тҥсінік 
Лектор сӛзі (Слайд 1): 
«Экология» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э. 
Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» – (үй немесе тұрғын 
үй/ жилище/) және «логос» (ой /мысль/), яғни, «тұрғын үйді ойлау» 
деген ұғымнан пайда болса керек.
Қазіргі кезде «экология» ұғымына анықтамада: 
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен 
ӛзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім. 
Экология – жануарлар ӛсімдіктер, микроорганизмдердің ӛзара 
және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биологияның 
құрамдас бӛлігі. 
Экология 
– 
тірі 
организмдердің 
тіршілік 
ортасымен 
арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым ретінде қарастырады. 
Экология 





356 
Слайд 
2. 
Экологиялық 
тәрбие 
–табиғаттың 
барлық 
субъектілеріне 
қатысты 
ізгілікті, 
қайырымдылықты, 
парасаттылықты қалыптастыруды кӛздейді.
Экологиялық тәрбие – бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға 
болмайды» деген жалаң ұран, үндеу тастау немесе тәртіпке шақыру 
ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығын 
түсіндірумен байланысты жүзеге асады. 
Слайд 3. Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылар бойында 
экологиялық білім, кӛзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол 
арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, 
жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып
дамыту. 
3. Жаттығу Бейнені толықтыру 
Экология және экологиялық тәрбие, оның мақсаты туралы 
білім жеткізілген соң студенттермен біріге отырып жоғарыдағы 1-
ші сурет толықтырылады немесе түзетіледі. 
 
2. Экологиялық сана және оның қызметтері 
Лектор сӛзі:
«Экология» қоғамдық сананың формасы ретінде жануарлар 
әлемі мен ӛсімдіктер дүниесінің ішкі ӛзара әрекеттесуін және 
қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасының заңдылығын 
зерттейтін биология ғылымының құрамдас бӛлігі. Экологиялық 
санаға экологиялық білім жатады: фактілер, деректер, жануарлар 
әлемімен ӛсімдіктер дүниесі және олардың ӛмір сүру ортасы 
жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың 
ӛзара 
қарым-қатынасының 
қорытындысы 
мен 
талдауы. 
Эстетикалық сезім және экологиялық жауапкершілік оның 
құрамдас бӛлігі болып табылады. Олар адам баласын табиғатты 
сақтауда қырағы болуға түрткі болады, табиғи сулар, жер қойнауы, 
атмосфера және орман, тоғайларды ӛндіріске пайдалануда келеңсіз 
оқиғаларға тап келуін болдырмауды алдын-ала ескертеді. Адамнан 
табиғатты пайдалануда ондағы экологиялық ойлау қабілетінің 
жоғары болуын талап етеді. 
Экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде 
маңызды қызмет атқарады
Ағартушылық қызметі. Ол оқушыларға табиғатта адамның 
ӛмір сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі 
оның маңызын түсінуге кӛмектеседі. 


357 
Дамытушылық 
қызметі. 
Ол 
балаларды 
экологиялық 
құбылыстарды ұғыну , табиғат жағдайына талдау жасау, табиғатпен 
ақалға сиятындай орынды қарым-қатынас жасау біліктілігін 
қалыптастыру просцесінде жүзеге асады; 
Тәрбиелік қызметі. Ол оқушыларда табиғатқа адамгершілік 
және эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыруды кӛрініс 
береді. Олардағы жауапкершілік сезімі мен борыш органикалық 
тұрғыды ақиқат ӛмірдің ұлылығын және сұлулығын шаттана сезіну 
барысында бірлікте жүзеге асады. Бұл оқушыларда табиғатты 
қорғау әрекетін жандандыруға түрткі болады. Туған табиғатта 
терең білу, оған деген махаббат сезім патриоттық сезімді байытады 
және нығайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет