Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет59/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

сабақтардың қызметі – пәнді терең зерттеу, субъективті 
тәжірибемен ұштастыру. Білім алушылардың практикалық 
міндеттерді шешу үшін алынған білімін қолдану дағдысын 
қалыптастыруда практикалық сабақтар ерекше орынға ие. 
Практикалық сабақтардың формалары әртүрлі болып келеді: тіл 
сабақтары, бақылу жұмысы, тест, шығарма мен мазмұндама жазу 
сабақтары, практикумдар. 
Практикалық сабақтардың мақсаты – дәрісте жалпыланған 
формада алынған білімді тереңдету, кеңейту, бӛлшектеу және 
кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. 
Олар ғылыми ой мен тілді дамытады, білім алушылардың білімін 
тексеруге мүмкіндік береді және кері байланыс құралы болып 
табылады.
Практикалық сабақтардың жоспары дәріс курсының жалпы 
идеяларына және бағытына сәйкес құрылады. Практикалық 
сабақтардың әдістемесі әртүрлі, ол оқытушының жеке ерекшелігіне 
байланысты болып келеді. Дәріс пен практикалық сабақтардың 
аралығында білім алушылардың ӛздік жұмысы жоспарланады.
Барлық практикалық сабақтардың құрылымы кӛбінесе ортақ 
болып келеді:
- оқытушының кіріспе сӛзі; 
- белгісіз, анық емес материал бойынша білім алушылардың 
сұрақтарына жауап беру; 
- практикалық бӛлімі (реферат талдау, пікірталас, есеп шығару, 
баяндамалар, жаттығу жұмыстары, бақылау, эксперимент және 
т.б.); 
- оқытушының қорытынды сӛзі. 
Бұнда жеке тұрғыдан келу және педагогикалық қарым-қатынас 
ерекше мәнге ие ьолады. Білім алушылар ӛз мүмкіндіктерін, 
қабілеттерін, тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік алуы тиіс. 


151 
Біріккен топтық әрекет – ең тиімді формалардың бірі. Оның 
бағыты 
оқытушыға 
байланысты. 
Оқытушы 
практикалық 
міндеттерді студенттердің әрі қарай ӛз бетімен ізденуіне мүмкіндік 
беретіндей, 
студенттердің 
ақыл-ойын 
белсендендіретіндей, 
практикалық жұмыстың әдістерімен қаруландыратындай қойылуы 
тиіс.
Зертханалық жҧмыстар студенттердің теориялық-әдіснамалық 
білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, 
эксперимент 
инженерлерді 
даярлауда 
ӛзектілікке 
ие. 
«Лаборатория» латын тілінен «labor» сӛзін аударғанда – еңбек, 
жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам 
ӛмірінде болатын ғылыми және ӛмірлік міндеттерді шешу үшін 
ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты.  
Оқу мамандығына орай зертханалық жұмыстар белгілі бір 
айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі 
әдістемелік нұсқаулар қажет.
Кез-келген практикалық сабақ формасының маңызды бӛлігі 
жаттығулар болып табылады. Жаттығудың негізі – дәрісте берілген 
теория позициясынан талқыланатын мысал. Әдетте, нақты дағдыны 
қалыптастыруға басты назар аударылады. Бұл студенттер іс-
әрекетінің мазмұнын (есеп шығару, графикалық жұмыстар, 
ғылымның ұғымдары мен категорияларын нақтылау) құрайды. 
Білім алушылармен жаттығуды орындау барысында ұғыну және 
түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ерекше кӛңіл бӛлген жӛн. 
Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда 
болған. Семинар сӛзі латынның «seminarium» – егу дегенді береді. 
Білімді «егуші» педагог ӛз білім алушыларына пікірін, білімін 
береді деп ауыспалы мағынада қолданылған. Ежелгі грек және 
римдік мектептерде семинарлар пікірталас, білім алушылардың 
баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. 
XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ. 
ресейлік және қазақстандық оқу орындарында таралған. Семинар 
сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір 
ғалымның мектебі болып саналған.
Бүгінгі колледждер мен ЖОО-да семинар гуманитарлық және 
техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі 
түрі болып табылады. Бұл білім алушылардың ғылыми ойлауын 
дамыту құралы болып табылады. Семинар пәнді терең зерттеуге, 
ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған.


152 
Семинар сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға 
зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді 
қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. 
Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі: 
- кәсіби шығармашылық ойды дамыту; 
- танымдық мотивация; 
- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану: а) сәйкесінше 
ғылымның 
тілін 
меңгеру; 
ә) 
түсініктерді, 
ұғымдарды, 
анықтамаларды 
қолдану 
дағдылары; 
б) 
интеллектуалды 
проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, ӛз пікірін қорғау, 
басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.
Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет