Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет62/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

СӚЖ-н жетілдіру жолдары: 

Білім алушыларды СҒЗЖ-на тарту үшін оқытудың жеке 
жоспарларын мүмкіндігінше ӛндіріс тапсырмасын шынайы жобілім 
алушыу мақсатында ұйымдастыру; 

СӚЖ-ын оқу жоспарына және сабақ кестесіне кафедрада 
жеке кеңес берулерді ұйымдастырумен бірге ендіру; 

СӚЖ-ын орыдауға қажетті оқу және оқу-әдістемелік 
құралдар кешенін даярлау; 

кіріктірілген кафедрааралық тапсырмалар жүйесін жасау; 

дәріс курстарының ӛздік жұмысқа бақытталуы; 

СӚЖ-ын рейтингілік бақылау әдісі; 

оқытушылар мен студенттердің коллегиалдық қарым-
қатынастары; 

стандартты емес шешімдерді ұсынатын тапсырмалар жасау; 

оқытушының жеке кеңес беруі және СӚЖ-ді есепке ала 
отырып оқу жүктемесін қайта қарау; 

дәріс-әңгіме, дәріс-пікірталас түріндегі дәріс сабақтарын 
ӛткізу, бұнда оқытушы жүргізуші ролін атқарса, студенттер 
баяндамашылар болады. Бұндай сабақтар нақты тақырып бойынша 
оқу құралдарынан алдын-ала ӛз бетімен даярлықты, оқытушымен 
жеке кеңесуді және қосымша әдебиеттердің қолданылуын қажет 
етеді. 
Жалпы оқу үрдісінің ӛзбетімен жұмыстануға бағытталуы және 
оның тиімділігін арттыру, бұл: 

СӚЖ-на бӛлінетін сағат санын арттыру; 

әрдайым кеңес, кеңес беру қызметін, тапсырмалар жинағын 
беруді ұйымдастыру; 

ӛз бетімен пәнді меңгеруге мүмкіндік беретін ЖОО-ның оқу-
әдістемелік және материалдық-техникалық базасын (оқулықтар, 
оқу-әдістемелік құралдар, компьютерлік кластар) жасау; 

зертханалар мен шеберханалардың қол жетімдігі; 

әрдайым тексеріп отыру; 


160 

ӛздік жұмысқа кӛп уақыт беру және кеңс беру пункттерінде 
қызмет кӛрсету мақсатында практикалық және зертханалық 
сабақтардың кӛп бӛлігін жою. 
СӚЖ-н ұйымдастыру формалары. Қазіргі уақытта ЖОО-нда 
ӛздік жұмыстың бірнеше түрі бар: 1) дәстүрлі, яғни студенттің 
ӛзіне ыңғайлы уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет 
болған жағдайда шеберханада немесе зертханада ӛз бетімен 
орындалатын кәдімгі СӚЖ-сы. 2) ӚЖ-тың тағы бір түрі – оқытушы 
бақылауымен жүретін аудиториялық ӚЖ. Оның барысында студент 
оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру ӛздік жұмысы 
(КӚЖ). 3) Сонымен бірге, бүгінгі таңда СӚЖ-ның үшінші, аралық 
түрін жасау бағыты байқалады. Бұл түрі студенттерден кӛбірек 
ӛзбеттілікті, тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін, кеңес 
беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен 
бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты 
енгізілетін 
психологиялық-педагогикалық 
жаңалықтармен 
ерекшеленеді.
Бұл тақырыпта оқытушы бақылауымен жүргізілетін СӚЖ-ын 
ұйымдастырудың кейбір жақтарын қарастыруды жӛн кӛріп 
отырмыз. Себебі кәдімгі СӚЖ дәстүрлі болып табылғандықтан, ол 
ӚЖ-тың жаңа формаларына, әсіресе, КӚЖ-на ауысуда, ал үшінші 
нұсқасы әлі де эксперимент деңгейінде жүріп отыр.
Коллоквиум. «Коллоквиум» сӛзі латынның «collocvium» - 
әңгіме, әңгімелесу дегенді береді. Бұл оқу сабақтары формаларынң 
бірі, оқытушы білімді анықтау мақстында студенттермен 
әңгімелеседі. Коллоквиум бақылау-оқыту қызметін атқарады. Егер 
оқылатын пән 2-3 семестрге жоспарланған, бірақ қорытынды 
бақылау бір рет болса, коллоквиум қолданған орынды. Оны 
семинар орнына қорытынды практикалық сабақта белгілеуге 
болады. Коллоквиум білімнің меңгерілу деңгейін анықтауға 
сүскіндік 
береді, 
ұйымдастырушылық 
қызмет 
атқарады, 
студенттерді белсендендіреді, оқытушы мен студент арасында кері 
байланыс орнатудың формасы ретінде ұснылады. 
Ӛзіндік жҧмыстың шығармашылық сипаты. 
Шығармашылық ойлау – ойлау түрлерінің бірі, субъективтік 
жаңа ӛнімнің жасалуымен және оны жасау жӛніндегі танымдық іс-
әрекеттің ӛзіндегі жаңа түзілімдермен сипатталады. Ӛз бетімен 
білімін жетілдіру – жеке адамның ӛзі басқаратын мақсатты 


161 
танымдық іс-әрекеті; қандай да бір саладан (ғылым, мәдениет, 
техника, саяси ӛмір және т.б.) жүйелі түрде білім алу. 
ӚЖ студент әрекетінде қайта ӛндіру және шығармашылық 
үрдістерді қажет етеді. Осыған сәйкес СӚЖ-ның ҥш деңгейін 
ажыратады: 
1. 
Репродуктивті (жаттығу) деңгейі. Жаттығу ӛзіндік 
жұмыстары үлгі бойынша орындалады: есеп шығару, кесте 
толтыру, сызба және т.б. Студенттің танымдық әрекеті танудан, 
ұғынудан, есте сақтаудан кӛрінеді. Мақсаты – білімді бекіту
іскерлік, дағдыларды қалыптастыру. 
2. 
Реконструктивті деңгей. Реконструктивті ӚЖ-тарда 
жоспар құру, тезистер құру, аннотация жазу сынды тапсырмалар 
беріледі. Бұл деңгейде рефераттар орындалады. 
3. 
Шығармашылық, ізденіс деңгейіндегі тапсырмалар 
проблемалық ситуацияны талдауды, жаңа ақпарат алуды талдауды 
қажет етеді. Студент мәселені шешу құралдары мен әдістерін ӛзі 
дербес таңдауы тиіс. 
Қазіргі 
ғылымда 
шығармашылық 
жалпы 
мәдениеттің 
интегративті, жүйеқұраушы компоненті ретінде қарастырылады. Іс-
әрекеттің шығармашылық сипаты студенттің танымдық әрекетінің 
ерекше стилін белгілейді. Ол студент тұлғасының барлық 
психикалық салаларының (танымдық, эмоционалдық, еріктік және 
мотивациялық) күрделі жұмыстануын қажет ететін нәтижелердің 
жаңалығымен және мәнділігімен байланысты. Шығармашылық – 
бұл: 
шығармашылықпен 
жұмыстануға 
деген 
қажеттілік; 
шығармашылықпен ойлау қабілеті; белсенділік; ӛз іс-әрекетін 
басқару және реттеу іскерлігі; жауапкершілік; ой-пікірдің 
дербестігі; ӛзіндік ерекшелік; қиял мен ойдың батылдығы. 
Шығармашылық кәсіби мәдениеттің компоненті ретінде ӛз-
ӛзінен дамытылмайды. Оны дамыту үшін мына жағдайлар қажет: 

жағымды мәдениетті шығармашылық атмосфера; 

ынталандырушы орта; 

объективті жағдайлар (әлеуметтік-мәдени шындықтың 
әсері, ұжымдағы жағымды эмоционалды психологиялық ахуал, 
ғылыми 
білімнің 
даму 
деңгейі, 
материалдық-техникалық 
жабдықталу, уақыттың болуы); 

субъективті жағдайлар (жалпы мәдениеттілік дайындықтың 
жоғары деңгейі, шығармашылыққа ұмтылу, дамыған ойлау және 
рефлексия, тәжірибе және интуиция, түрлі ситуацияларда шұғыл 


162 
шешім қабылдау іскерлігі, проблемалық кӛру және ғылыми 
зерттеудің техникасын меңгеру). 
Осылайша, 
шығармашылық 
– 
бұл 
тұлғаның 
жеке, 
психологиялық, интеллектуалдық күш-жігері мен қабілеттерін ӛз 
бетімен жүзеге асыру үрдісі. 
Студенттердің 
ӛздігінен 
орындайтын 
жұмыстарын 
ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ: 

студенттің ӛзі атқаратын жұмысының мақсатын айқын, 
саналы түсінуі; 

жұмыстың жемісті аяқталуына сеніп, алдағы нәтижесіне 
қызығуы; 

жұмысты студенттің ӛз еркімен орындауы; 
Ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруға тӛмендегідей талаптар 
қойылады: 

жұмыстың кӛлемін шамадан тыс асырмай, сапасын 
арттыруға кӛңіл аудару; 

студенттердің ӛзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа 
түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; 

студент жастардың дербестігін арттырып, ӛзіндік білім 
алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; 

ӛзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті ӛмірден алынған 
материалдарды, хабарларды енгізу; 

табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, 
нақты деректер мен құбылыстарды ӛздігінен талдап тұжырымдауға 
үйрету; 

алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; 

ӛз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр 
уақытта дербес және белсенді әрекет етуге баулу; 

ӛздігінен жұмыс істеуге, еңбек ету дағдыларын 
қалыптастыру. 
Ӛзіндік жұмыс жастардың танымдық іскерлігі мен дағдыларын 
қалыптастыруда, сондай-ақ, ӛз бетінше білім жинай алу 
қабілеттерін дамыту барысында жетекші рӛл атқарады, ойлау, сыни 
ойлау қабілеттерін жандыра түседі және оқып үйренуде 
шәкірттердің жалпы белсенділігін арттырады. Студенттердің 
ӛзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды 
игеру мақсатын кӛздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет