Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет8/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Диалогтық тҧрғыдан келу адамның мәні оның әрекетіне 
қарағанда бай, әр жақты және күрделірек екендігінен шығады. Ол 
оны жоққа шығармайды, және оған теңестіріле шығармайды, және 
оған теңестіріле алмайды. Осымен байланысты тұлғанының шағын 
қоршауына кӛңіл бӛле отырып, білімдік процесс субъектілері 
арасындағы қарым-қатынасқа рухани дамудың маңызды кӛзі 
ретінде қарау керек. Міне, осы ӛзара әсерлесу кезінде тұлға ӛзінің 
азаматтық, гуманистік мазмұнына ие бола алады. Осымен 
байланысты тұлға белгілі мағынада ӛзін қоршаған адамдармен 
қарым-қатынасының жемісі және нәтижесі яғни, интерсубъектілік 
білім беру болып табылады. 
М. М. Бахтин мен А. А. Ухтомский ғылымның екі түрлі 
саласында тәуелсіз еңбектене отырып, жеке тұлға диалогтық 
қарым-қатынастың кӛмегімен ғана қайталанбас құрылым бола 
алады деген қорытындыға келеді. Сӛйтіп, жеке тұлғаның 
белсенділігі, қажеттіліктерін жетілдіру жекеленген түрде емес, 
керісінше басқа адамдармен диалог арқылы қарым-қатынас орнату 
негізінде жүзеге асып отырады. 
Тұлғалақ, іс-әрекеттік, диалогтық тұрғыдан келу – гуманистік 
педагогика әдіснамасының негізі болып саналады. Оларды қолдану 
ӛзіндік дамуға, ӛзіндік ашылуға, ӛзіне ӛзі әсер етуге және ӛзара 
дамуға мүмкіндік береді. 
Мәдениеттанымдық 
тҧрғыдан 
келу 
әрекеттің 
ӛзара 
байланысты 
үш 
қырын: 
аксиологиялық 
(құндылықты), 
технологиялық 
және 
тұлғалақ-шығармашылықты 
құрайды 
(И.Ф.Исаев 1993). 
Аксиологиялық - педагогикалық процесті жеке тұлғаның 
құндылық бағдарларын зерттеу мен қалыптастыру бағытында 
ұйымдстыруды қамтамасыз етеді. 
Технологиялық - мәдени тұрғыдан келу мәдениетті адамзатқа 
тән әрекеттің құралы ретінде түсінумен байланысты. «Мәдениет»,
«іс-әрекет» ұғымдары ӛзара байланысты алынады. Мәдениетті жеке 
тұлғаның меңгеруі практикалық әрекет құралдарын меңгеру болып 
табылады.
Тұлғалық-шығармашылық жағы - индивид пен мәдениеттің 
объективтік байланысын кӛрсетеді. Индивид - мәдениет иесі. 


25 
Мәдениетті меңгеру арқылы адамда ӛзгерістер болады және ол 
шығармашылық тұлға ретінде қалыптаса бастайды. 
Этнопедагогикалық тҧрғыдан келу. Қазіргі кезде ұлттық 
мәдениеттер 
мен 
халықтық 
педагогиканың 
тәрбиелік 
мүмкіндіктерінің 
арасында 
және 
ғылыми 
негізделген 
ұсыныстардың 
болмауына 
байланысты 
қарам-қайшылықтар 
байқалады. Этнопедагогикалық тұрғыдан келу осыны жоюға бағыт 
алады. Жастардың ұлттық халық дәстүрін, этникалық салтына 
сүйене отырып әлемдік педагогикалық мәдениетке шығуы- 
этнопедагогикалық 
тұрғыдан 
қарастырудың 
педагогикалық 
процесте жүзеге асу шарты болып табылады. 
Антропологиялық тұрғыдан қарастырудың алғаш негізін салып, 
ӛңдеген К.Д.Ушинский. Антропологиялық ыңғай тәрбиенің құралы 
ретіндегі адам жӛніндегі ғылымдар мәліметін жүйелі қолдану және 
оларды педагогикалық процесті ұйымдастыруда жүзеге асыруды 
кӛздейді. Ушинский антропологиялық ғылымдар қатарына: 
психологияны, адам физиологиясы, анатомиясы, патологиясын, 
логиканы, философияны, географияны, статистиканы, саяси 
экономиканы, тарихты жатқызады.
Осы ғылымдарда тәрбие құралы – адамның қасиет-сапалары 
айқындалатын фактілер мен қатынастар топталып, салыстырылады. 
Кез келген педагогикалық заңдылықтар, теория, болжам, 
ұсыныс, баға даму үстіндегі адам жӛніндегі жүйелі білім негізінде 
ғана құрылады. (Б.М.Бим-Бад. 1994). 
Жоғарыда бӛлініп кӛрсетілген педагогиканың әдіснамалық 
ыңғай түрлері (принциптер) оның мәселелерін ашып кӛрсетуді, 
шешу жолдарын анықтауды, сатыларын құруды кӛздеді. 
Қҧзыреттілік тҧрғы бүгінгі күнде білім берудің мақсаты мен 
мазмұнын, нәтижесін айқындауда жетекші парадигмаға айналып 
отыр. Кӛптеген жылдар бойы білім беру нәтижесі деп білім, 
іскерлік және дағдының жүйесі саналғаны белгілі. Бұл нәтиже оқу 
бағдарламаларында 
белгіленген 
білім 
іскерлік, 
дағдының 
сатылығын теориялық негіздеу және оны қалыптастырудың
бағалау мен бақылаудың сәйкес әдіснамасын қалыптастырды.
Алайда Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы, оның 
әлемдік қауымдастыққа кіруі, осы жағдайға жастардың бейімделуі 
ғалымдарды, мұғалімдерді «БІД» парадигмасын қайта қарауды 
міндеттейді. Бұл парадигманың орнына білім берудің мазмұны 
(және сәйкес оқыту технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық 


26 
дамуы әлеуметке тезірек бейімделуге мүмкіндік беретіндей (бизнес 
әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан 
Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік 
этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты ӛмір 
салтын ұстанатын т.б.), яғни жалпы орта білім беретін мектептің 
білім беру нәтижесі ықпалдастырылған тұлға ретінде анықтайтын 
жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Мұндай нәтижесі бар парадигма туралы сӛз қозғағанда 
ғалымдар мұндай мектептің түлегі ықпалдастырылған тұлғаның 
жетекші құрамдас бӛліктерінен құзыретті болуы керек деген 
кӛзқарасқа кӛбірек тоқталуда. Осылайша жаңа мемлекеттік білім 
беру мазмұнын жасақтауда оның негізгі құзыреттіліктерінің 
нәтижесін сапалы құру қажеттігі туындап отыр. Ғылыми айналымға 
жаңа дефиниция енгізілгендіктен, оның мәніне терең бойлап, оған 
теориялық әдіснамалық негіздеме беру қажеттігі туындайды. 
Оқыту үрдісінің теориялық әдіснамалық негізін, оның ішінде 
құзыреттілік тұрғыны айқындау жалпы орта білім берудің 
мазмұнын жобалау үшін қажеттілігі туындап отыр.
Осылайша білім саласындағы құзыреттілік тұрғы (басқа да 
қызмет саласындағыдай) мүлдем жаңа тұжырымдама болып 
саналмайды. Оның негізін білім мазмұнының теориялық 
әдіснамалық базасын құрайтын әлемдік педагикалық білім қорынан 
қарастыруды қажет етеді. Сондықтан, білім беру мазмұнынын 
жобалауда құзыреттілік теорияларының тарихи педагогикалық 
және қазіргі тұрғысы қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет