Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет111/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

3.6. Өндіріс және қызмет көрсету
Сапа саласындағы саясат пен өнімді тұтынушылармен жасалған келісімшарттарға байланысты мекеме деңгейі сапа бойынша жоспарда анықталған қызметке кепілдік беруі тиіс. Өндіріс пен техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар толығымен келісімшарт пен өндірілетін өнімге қатысты ұйымның кепілдіктеріне сәйкес келуі қажет.
4. ӨЛШЕУ, ТАЛДАУ, ЖАҚСАРТУЛАР
4.1. Мониторинг және өлшеу
Сапаны бақылау өнімге қойылған талаптардың орындалуын растау қажет. Оған:
– кірістік бақылау (материалдар бақылаусыз процесте пайдаланбауы керек; кірістік өнімді тексеру процедураларға бекітілген сапа жоспарына сәйкес келуі керек және әртүрлі формада бола алады);
– аралық бақылау (ұйымның процесс ішіндегі бақылау мен сынаулар процедурасын тіркейтін арнайы құжаты болуы керек және осы бақылауды жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.);
– қорытынды бақылау (нақты соңғы өнім мен сапа жоспары бойынша қарастырылған өнім арасындағы сәйкестікті шығаруға арналған; құрамына барлық алдыңғы тексерулердің нәтижелері кіреді және өнімнің қажетті талаптарға сәйкестігін көрсетеді);
– бақылау мен сынаулар нәтижелерін тіркеу (бақылау мен сынау нәтижелері туралы құжат қызығушылық танытқан мекемелер мен тұлғаларға ұсынылады) жатады.
4.2. Бақылау, өлшеу және сынау құралдары
Өлшеу және сынау құралының дәлдігі сапаны бағалаудың сенімділігіне әсер етеді, сондықтан оның сапасын қамтамасыз ету ерекше маңызды болып табылады.
Бақылау, өлшеу және сынау құралдарын басқару кезінде мекеме:
– қандай өлшеу жүргізілетінін, қандай құралмен және дәлдікпен жасалу керектігін анықтауға;
– құрылғының қажетті талаптарға сәйкестігін құжат түрінде рәсімдеуге;
– үнемі мөлшерлеу жүргізуге (құралдың бөлінуін тексеру);
– мөлшерлеудің әдістемесі мен кезеңдігін анықтауға;
– мөлшерлеудің нәтижелерін құжат түрінде рәсімдеуге;
– қоршаған орта параметрлерін ескере отырып, өлшеу техникасын қолдану шарттарын қамтамасыз етуге;
– түзетілмейтін немесе жарамсыз бақылау-өлшеу құралдарын алып тастауға;
– құрылғының реттелуі мен тек арнайы оқытылған персоналдың көмегімен бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүргізуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет