Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет114/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

9.5. Процедуралар

Бөлімшелер орындайтын процедуралар сапа жүйесі құжаттарының екінші деңгейін құрайды. Әрбір процедура жалпы процедураларды сипаттайтын құжат түрінде болады. Мұндай құжатқа функционалдық міндеттердің таралуымен бөлімшелердің құрылымдық сұлбасы кіреді. Бұл процедураларды енгізу өте пайдалы, себебі ол құрылымдық бөлімшелерге бір-бірінің барлық функционалды байланысын көруге мүмкіндік береді.


Құжат мынадай сұрақтарға жауаптардан тұруы қажет:
– не? (бөлімшелер функциялары);
– кім? (ұйымдастырушылық құрылым, жауапкершілік, әркімнің функциясы мен рөлі);
– қалай? (операция қалай орындалатыны түсіндірілетін ережелерге сілтеме жасалады);
– кіммен? (бөлімшенің жеткізушісі мен тапсырыс берушісі кім болып табылады).
ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес ұйым 6 міндетті құжаттандырылған процедураларды дайындауы және жұмыс күйінде ұстауы қажет, олардан басқа қажеттілікке байланысты басқа да процедураларды жасап шығаруға болады. Олар:
1. Құжаттаманы басқару
Мекемеде құжаттаманы басқару тәртібін орнатуды қамтамасыз етеді.
Құжаттаманың құрамы мен қозғалысы дәл анықталуы қажет, қатаң ұйымдастырушылығы мен логикасы болуы қажет. Құжаттар кез келген уақытта қолжетімді болуы керек, олар бір-бірінен көшірілмей, бір-біріне қайшы келмейтіндей, белгілі жүйе бойынша жасалуы тиіс.
Оған: сапа саласындағы саясат (СС), сапа бойынша басшылық (СБ), құжаттандырылған процедуралар (ҚП), мекеме стандарттары (МС), жұмысшы ережелер (ЖЕ), қызметтік ережелер (ҚЕ), бөлімшелер туралы жағдайлар (БЖ), сапа бағдарламалар (СБ), құжаттарға қосымшалар (ҚҚ), т.б. құжаттар тобы кіреді.
Жүйеде артық құжаттар болмауы тиіс, олар қажеттілікке байланысты жасалады. Құжаттар уақытында қайта қаралып, жаңартылып отыруы тиіс. Әрбір қызығушылық танытқан тұлға өз құжатының мазмұнын білуі керек.
2. Сапа бойынша жазбаларды басқару
Сапа бойынша жазбаларды басқару тәртібін бекітеді.
Жазба – бұл қол жеткізген нәтиже туралы немесе қандай да бір әрекеттің орындалуын растау туралы мәліметтерден тұратын құжат түрі. Онда: актілер (АК), ведомостер (ВЕ), графиктер (ГР), журналдар (ЖУ), тапсырмалар (ТП), өтінімдер (ӨМ), карточкалар (КТ), есептер (ЕП), тізбектер (ТБ), жоспарлар (ЖС), жақсарту ұсыныстары (ЖҰ), бағдарламалар (Б Д), жобалар (ЖБ), хаттамалар (ХТ), рұқсаттар (РҚ), сызбалар (СБ), спецификациялар (СЦ), тізімдер (ТЗ), кестелер (КС) және т. б. жазба түрлері бар.
Жұмыскерлердің барлық әрекеттері құжат түрінде тіркеледі. Кім, қашан, қайда, не үшін – осы сұрақтардың барлығына кез келген уақытта жауап табылуы қажет, ол құжатта көрсетіледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы барлық мәліметтер көп уақыт өткеннен кейін де нақты болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет