Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Негізгі терминдер мен анықтамалар



бет56/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Негізгі терминдер мен анықтамалар( ГОСТ 16504-81, ГОСТ 16263-70)
1.Өлшеу – арнайы техникалық өлшеу құралдарының көмегі арқылы тәжірибелік жолмен физикалық шаманың мәнін анықтау. Нәтижесінде физикалық шаманың мәнін анықтайды:
,
мұндағы q – қабылданған бірліктегі физикалық шаманың сандық мәні, U – физикалық шаманың бірлігі.
Өлшеу кезінде табылған Q физикалық шаманың мәні нақты деп аталынады.
2.Өлшеу бірлігі – нәтижелері заңды бірліктермен көрсетілген және өлшеудің қателіктері берілген ықтималдықта анықталынған өлшеу қалпы.
3.Техникалық бақылау (ТБ) – бұл орнатылған техникалық шартқа (ТШ) обьектінің сәйкестігін тексеру. Техникалық бақылау обьект, бақылау құрылғысы, орындаушы, нормативтік құжаттама сияқты негізгі элементтердің жиынтығы мен техникалық бақылаудың бірыңғай жүйесін (ТБЖ) құрады. ТБЖ–нің қызметтерін орындау негізгі екі кезеңнен тұрады:
– кейбір объектілердің фактілік жағдайы туралы ақпараттарды алу, яғни оның құрамының көрсеткіштері мен белгілері туралы, бұл бірінші реттік ақпарат, сол себепті өлшеудің нәтижесі ретінде алынады;
– бірінші реттік ақпаратты ертерек орнатылған талаптармен, нормалармен салыстыру және нәтижелердің келісушілігін немесе келіспеушілігін (айырмашылығын) табу, осыған сәйкес түзету туралы шешім қабылдау.
4. Сынау – бұл объекті құрамының сапалық және сандық сипаттамала-рын сараптамалық анықтау және объектіні модельдеу, құру кезінде оған әсер ету нәтижелеріне сынау жүргізу.
5. Техникалық жобалау – нақты дәлдікпен объектті жобалаудың тех-никалық жағдайын анықтау үрдісі. Жобалаудың нәтижесі техникалық объекттің жағдайы туралы, қажет болған жағдайда ақаудың орнын, себебін және түрін қоса алғандағы қорытынды болып табылады.
4.1 Қазақстандағы метрологияның ұйымдастырушылық базасы

Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы:


1. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
2. Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет;
3. «Қазақ метрология институты» РМК Метрологиялық қызмет. Қазақстанда ол 1923 жылы құрылған. Бұл Семейдегі шағын метрология зертханасы болатын.
Метрологияның заңнамалық базасы – бұл «Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» ҚР-ның кодексі, 2000 жылы 7 маусымда қабылданған «Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» ҚР-ның заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет