Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет58/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Мемлекеттік қадағалау
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – бұл ӨҚ-ның шығарылуына, жағдайына және қолданылуына, ӨЖӘ-нің қолданылуына, метрологиялық нормалардың, ережелердің сақталуына қадағалауды ҚР Мемстандартымен жүзеге асыратын қызмет.
Заңнамалық база:
1) «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы» заңдарды толығымен алмастырған ҚР-дың «Техникалық реттеу туралы» заңы;

      1. «Өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы;

      2. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР заңы;

      3. Әкімшіліктік кодекс,

      4. Азаматтық кодекс;

      5. Қылмыстық кодекс.

Ұйымдастыру және жүргізу реті ҚР СТ 2.15-2000 «Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау» стандартына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері:

  1. ҚР-ға әкелінетін өнімдердің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына және сертификаттау ережелеріне сәйкестігіне тексеру жүргізу;

  2. Өнімді өндіру кезеңінде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына тексеру жүргізу;

  3. Тұрғындарға қызмет көрсетуде және жұмыс жүргізуде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізу;

  4. Аккредиттелген сынау зертханаларының және сертификаттау органдарының қызметіне тексеру жүргізу;

  5. Аккредиттелмеген зертханаларда өнімдерге сынау жүргізуде нормативтік құжаттар талаптарының, метрологиялық ережелердің сақталуына және ӨҚ–ның жағдайына тексеру жүргізу;

  6. Сертификаттау ережелерінің және нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының бұзылуын анықтау бойынша жекелей және көтерме саудамен айналысатын өндірістерге рейд жүргізіп тұру;

  7. Аккредиттеу және аттестаттау алдында сынау зертханаларына, сертификаттау органдарына тексеру жүргізуге қатысу;

  8. Қолдану мен өндіруге жарамсыз болып табылған өнімдер мен тауарларды қайта өңдеу немесе жою жұмыстары бойынша комиссияларға қатысу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет