Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Метрологияның экономикалық базасы



бет57/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Метрологияның экономикалық базасы. Мемлекеттің қаражатына Мемстандарт және өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында Мемлекеттік бағдарламаларды құрады.
Келісім қаражатына, яғни жеке қызметтің өзінен алынатын қаражаттарға: 1. Өлшеу құралдарын (ӨҚ) салыстырып тексеру; 2. ӨҚ-н калибрлеу; 3. ӨҚ-н мемлекеттік сынау; 4. Өлшеуді жүргізу әдістерін (ӨЖӘ) аттестаттау; 5. ӨҚ-н метрологиялық аттестаттау; 6. Құжаттамаларды метрологиялық сараптау; 7. Метрология саласында мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату жұмыстары жүргізіледі.
Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.
ҚР-да өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету қызметтеріне:
1) Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;
2) Стандартты үлгілердің мемлекеттік қызметі;
3) Физикалық тұрақтылар туралы анықтамалық мәліметтер стандартының мемлекеттік қызметі;
4) Заңды тұлғалар мен мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтері;
5) Метрологиялық қызметтің ведомствалық бөлімдері мен Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық кіретін мемлекеттік метрологиялық қызмет жатады.
Метрологиялық қызметтің міндеттеріне:
1) Азаматтардың қызығушылықтарын қорғау және ҚР-дың экономикасын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінен қорғау;
2) Энергетикалық және материалдық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебімен қамтамасыз ету;
3) Алғашқы зерттеулерде өлшеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету;
4) Науқастарға диагноз қоюда және емдеуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
5) Отандық және сырттан әкелінетін өнім мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) Адамдардың еңбек және тұрмыстық шарттарының қауіпсіздігін бақылауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
7) Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
8) Қоршаған ортаны қорғауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету кіреді.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмыстарының бағыттарына:
1) Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша саясатты ұстау;
2) Шама бірліктерін орнату;
3) Шама бірліктерінің эталондық базасын дамыту және жетілдіру;
4) ӨҚ-ның өндірісінің, қолданылуының және жөнделуінің реттілігін анықтау;
5) Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізу;
6) Метрология саласында ҚР-дың ведомствалары мен министрліктерінің қызметтерін орталықтандыру;
7) Метрология саласында зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру;
8) Нормативтік құжаттамалардың дайындалуы мен бекітілуінің ретін анықтау;
9) Мемлекеттік өлшеу құралдарының (МӨҚ) реестрін жүргізу;
10) Метрология саласындағы кадрларды даярлау мен қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;
11) ҚР-ды метрология бойынша халықаралық және аумақтық ұйымдарда таныстыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет