Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет71/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Бақылау автоматтары. Бұл аспаптар массалық және сериялық өндірістерде пішіні қарапайым және өлшемі үлкен емес бөлшектерді жүз пайыздық бақылау үшін кеңінен қолданылады.
Автоматтар тағайындалуына қатысты ақауларды шешуші, яғни бұйымдардың жарамдылығына бақылау және талдау жүргізеді және ақау түрі бойынша саралаушы, өлшемі бойынша бұйымдарды саралауды орындайды, мысалы, селективті жинақтау үшін аттестаттауға және жинақтауға арналған автоматтар пайдаланылады, мысалы, алдынала шариктермен топтарға сарапталған сырғанау мойынтіректерінің сақиналарына аттестаттау және жинақтау жүргізеді.
Иілмелі өндірістік жүйелердегі автоматтандырылған бақылау жүйесі.
Автоматтандырылған бақылау жүйесі (АБЖ) иілмелі өндірістік жүйеде (ИӨЖ) өндірілетін бұйымдардың барлық номенклатурасын толық геометриялық бақылау үшін дайындалған.
Бұл бұйымдардың номенклатурасы бірнеше мыңға жетуі мүмкін.
Бұл функциядан басқа АБЖ ИӨЖ-нің барлық жүйелеріне жиынтықтық бақылау жүргізеді, кесу режимдерін, құралдарды таңдайды және олардың жағдайларына бақылау жүргізеді, майлайтын-суытатын сұйықтықтарды, дайындаманы береді және өшіреді, т.б.
АБЖ-н енгізу кезең-кезеңімен максималды экономикалық және техникалық тиімділіктің есебімен жүргізіледі. Бірінші кезеңде – иілмелі өлшемдік модульдерді, электрондық бақылау құралдарын, координатты-өлшеу машиналарын қолдану жүзеге асырылады; екінші кезеңде – жұмыс істейтін технологиялық комплекстер мен иілмелі өндірістік модульдер деңгейінде АБЖ-нің құрылымы енгізіледі; үшінші кезеңде – функцияларын біртендеп кеңейту арқылы АБЖ-нің элементтерін толық жинайды.


Бақылау сұрақтары:

1. Сызықтық өлшемдердің механикалық өлшеу құралдарын атаңыз?


2. Ұзындық өлшегіштің жұмыс істеу қағидасын түсіндіріңіз?
3. Сызықтық өлшемдерді өлшеуге арналған қандай электрлік аспаптарды білесіз?
4. Пневматикалық аспаптар қандай қағидалар бойынша жұмыс істейді?
5. Координатты өлшеу машинасы дегеніміз не?
6. ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ӨМҚ дегеніміз – бұл стандарттарға сәйкес талап етілген өлшем бірліктері мен дәлдіктеріне қажет ережелер мен нормалардың, кешенді ғылыми және техникалық құрал-жабдықтардың жиынтығы.


Өндірісті метрологиялық турғыда тиімді қамтамасыз етуде, стандарттаудың рөлі өте зор. Ол үшін Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесімен стандарттар өңделіп, «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. ӨМҚ стандарттаудың өнімді бақылау және сынақтан өткізу объектілерімен тығыз байланысты. Бұл объектілер үшін бақылауға алынатын метрологиялық параметрлері қатарын құру маңызды. Ол өлшенетін параметрлердің номенклатуралары мен өлшеу дәлдігінің оптималды нормаларынын құру, талап етілген өлшем дәлдігін жүзеге асыру тәсілдерін жасау. Жаппай, бір типті өлшеу тәсілдерін реттеудің қорытындысы стандарттау арқылы жүзеге асырылады.
Өлшеу үрдісі қажет өлшеу құралынсыз мүмкін емес (ӨҚ). Өлшеу құралының типін дұрыс таңдау, олардың пайдаланудағы күйін бақылау, уақытылы және объективті тексерістер қамтамасыз ету өте өзекті өндірістік мәселе.
Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің негізгі ережелерін реттейтін Мемлекеттік стандарттау жүйелері болады.
ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.2-2001. ӨМҚ жалпы түсініктері – өлшеудің талап етілген дәлдігіне және бірлігіне жету үшін қажет ережелер мен нормалар, техникалық құралдарды, ғылыми, ұйымдастырушылық негіздерді ендіру және құру.
Өлшеу ақпараттарына келесі талаптар қойылады:
1. Өлшем нәтижелері заңдастырылған бірліктерде көрсетілу қажет.
ӨМҚ-ның ғылыми негізі метрология. ӨМҚ ұйымдастырушысы – Мемлекеттік және ведомствалық ұжымдар. Ал техникалық ұйымдастырушысы – физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі, жүйе құру, өндіріске қою және шығару, өлшеу құралдарын сынау мен метрологиялық аттестациясы, өлшеу құралдарын мемлекеттік және ведомствалық тексеру.

6.1. Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтасыз етудің (ӨМҚ) басты мәселелері


1. Метрологияның негізгі даму бағыттарын анықтау және бұл саладағы ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалану, ӨМҚ-ның ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін құру.


2. Физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру. Мемлекеттік эталондар – барлық өлшемдердің негізі.
3. Қазақстан Республикасында қолданысқа рұқсат етілген өлшеу құралдарын жоспарлау және мемлекеттік сынақтарды өткізу.
4. Өлшеу құралдарына мемлекеттік тергеу, өндірісті, құралдардың күйін, қолданылуын және жөнделуін бақылау және метрологиялық ережелерді сақтау.
5. ӨМҚ саласында стандарттаудың дамуы мен жетілдірілуі.
6. Метрология саласында халықаралық қызметтестік жұмыстарын ұйымдастыру.
ӨМҚ өнімдерін бақылаудан басқа конструкторлық және технологиялық құжаттар тексеріледі. Сараптама және метрологиялық бақылау – өлшенетін, дәлдік нормаларын құру, параметрлерді таңдауда техникалық шешімдерді талдау және бағалау және өңдеу, дайындау, сынақтан өткізу, қолдану және жөндеу үрдістерінің өлшеу құралдары мен әдістерімен қамтамасыз ету. Метрологиялық сараптама өңдеу, дайындау, қолданыс және жөндеу үрдістерінде өнімді бақылауда өлшеулер нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Метрологиялық сараптаманың негізгі мақсаты:
1. Өлшенетін параметрлердің оптималды номенклатурасын анықтау;
2. Бұйым конструкциясының тексеруге жарамдылығын бағалау;
3. Өзара ауыстырымдылық және бақылаудың нәтижелілігі талаптарына өл-шеу дәлдігінің көрсеткіш сәйкестігін жасау;
4. Технологиялық үрдістердің оптималды режимін қамтамасыз ету талап-тарына өлшеу дәлдігінің көрсеткішін сәйкестеу;
5. Өлшеу операцияларының дәлдігін, автоматтандырылуын сақтай отыра, оның еңбек сыйымдылығын азайту және өзіндік құнын арзандату мүмкіндіктерін қарастыру;
6. Өлшеу процесінде компьютерлер қолдану, мүмкіндігін анықтау.
Сараптама нәтижелері ГОСТ 3.114 – 81 арқылы рәсімделеді.

6.2. Өлшеу құралдарының мемлекеттік реестрі


Өлшеу құралдарының мемлекеттік реестрі мемлекеттік сынақтардан өткен, ҚР аумағында Мемлекеттік стандартта қабылданған және өндіріске және қолданысқа жіберілген, аттестациядан өткен өлшеу құралдарын тіркеу үшін арналған. Реестр:
1) Өлшеу құралдарының тиімді номенклатурасын, үлгілердің мемлекеттік стандарттарын қалыптастыра отырып, өлшеу құралдарының жаңа типтерін уақтылы өндіріске ендіру және ескілерін өндірістен шығарып тастау;
2) Құрал жабдықтарды және үлгілердің бекітілген типтерінің Мемлекеттік стандарттарын тіркеу;
Құрал-жабдықтар жайындағы орталық Мемлекеттік ақпараттар қорын құру;
Өндіріске жіберілген, қолданысқа ұсынылған үлгілердің Мемлекеттік стандарттарын құру;
3) Шетелдік әріптестерге қолданыстағы өлшеу құралдары туралы қажетті ақпараттар тарату мақсатында жүргізіледі.
Өлшеу құралдары метрологиялық аттестация өткізу негізінде реестрге енгізіледі. ӨҚ метрологиялық аттестациясы – ӨҚ зерттеу, метрологиялық органмен ӨҚ-ның метрологиялық қасиетін анықтап және алынған нәтиже көрсетілген құжаттың беріліп және оны реестрге тіркеу үшін. Метрологиялық аттестациясын өткізу реті МСТ ПР РК 50.2.25-96 «өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясын өткізу тәртібі» нормативті құжатына сәйкес жүргізіледі. Осы құжатқа сәйкес келешекте метрологиялық аттестацияны жүргізу бағдарламасын және әдістемесін жасап, тағайындау қажет, жалпы бұл құжаттарға:
1. Жалпы нұсқаулар, өлшеу құралдарының қолданыс аумағы, қызмет ету принципі, қолданыс орны;
2. Техникалық құжаттарды қарастыру, құжаттар тізімі – құралдар күйінің инструкциясы, өлшеу құралдарының қолдану инструкциялары және т.с.с. тармақтар кіреді
Эксперименталды зерттеулер, кесте және сипаттама түрінде беріледі, онда метрологиялық зерттеулерді өткізудің әдістемесі көрсетіледі. Төменде
–30-тан +1500С-ге дейін өлшеу диапозонындағы электронды термометрдің метрологиялық аттестациясын өткізу үшін кесте мен сипаттамасын рәсімдеу нұсқасы ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет