Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет72/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

3- кесте. Эксперименттік зерттеулер



Операция атауы

Аттестаттау бағдарлама-сының тармақ нөмірі

Өлшеу құралдарының, сынау жабдықтарының атаулары және олардың метрологиялық сипаттамалары

Сыртқы келбетін тексеру

3.2.1.

визуалды

Байқап көру

3.2.2.

визуалды

30-дан 1500С температураға дейінгі термометрдің метрологиялық сипаттамасын анықтау
-30-дан 00С температураға дейінгі теромометрдің көрсеткіштерін анықтау
0-дан 950С температураға дейінгі теромометрдің көрсеткіштерін анықтау
95-дан 1500С температураға дейінгі теромометрдің көрсеткіштерін анықтау

3.2.3.
3.2.3.1.

3.2.3.2.



3.2.3.3.

Кездейсоқ қателіктердің орта квадраттық ауытқуы 0,01К аспайтын, өлшем шегі 193,15-тен 273,15К аралығында болатын КС80 креостаты
2 разрядты өлшеу шегі 77-ден 273,15К аралығында болатын МКО типті үлгілік мысконстанталы термоэлектрлік термометр
кездейсоқ қателіктердің орта квадраттық ауытқуы 0,003К аспайтын, өлшеу шегі 263,15-тен 368,15К аралығында болатын ТПВ-6 типті сулы термостат
Өлшеу бағасы 0,1°С, өлшеу шектері 0-ден 50°С және 50-ден 100° С аралығында болатын ТЛ-4 типті майлы теромстат
Қателігі 0,025 аспайтын, өлшеу шегі 95°-тен 300°С аралығында болатын ТМС типті майлы термостат
Өлшеу бағасы 0,01°С, өлшеу шектері 100-ден 150°С аралығында болатын ТЛ-4 типті үлгілік сынап термометрі

Термометрдің негізгі салыстырмалы қателігін анықтау

3.2.4.

Есептеу жолымен



Электрондық блоктың габариттік өлшемін және жалғастырғыш кабельдің ұзындығын анықтау.

3.2.5.

МСТ 427-81бойынша 0-1000 мм ұзындықты темір сызығыш



Қоршаған ортаның температурасын өлшеу кезіндегі термометрдің жұмысқа жарамдылығын тексеру

3.2.6.

Температураны -30º-тан 50° аралығында ұстап тұруды қамтамасыз ететін жылыту және суыту камерасы



3. Эксперименталды зерттеулер
3.1. Зерттеуді жүргізу шарттары
Аттестацияны жүргізу барысында төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:
– қоршаған орта температурасы ˚С (25±10);
– қоршаған ортаның салыстырмалы ылғалдығы, 45% -дан 80% дейін;
– атмосфералық қысым, кПа (мм.рт.ст.) 84-тен 106,7-ге дейін (630-дан 800-ге дейін);
– сыртқы электрлік және магниттік өрістердің және дірілдердің болмауы;
– термометрді 9 вольттық «крони» блогымен қоректендіру;
– аттестация кезінде қолданылатын тексеріс және қосалқы құрылғылар эксплуатациялық құжатарға сәйкес іске қосылуы тиіс.
3.2. Зерттеулер жүргізу
3.2.1. Сыртқы көрінісін тексеру
Нәтижесінде механикалық зақымдану болмауы қажет (майысу, деформация). Паспортқа сәйкес термометрдің құрылымы, таңбалау дұрыстығы, «Крон» электрлік батареясының болуы және жұмысқа дайындығы, батарея клеммаларында кернеуді тексеру.
3.2.2. Сынақтан өткізу
Термометрді құрылғы элементтерімен сезімтал ұшын тигізбей, паспортта көрсетілгендей қосу. Термометр қоршаған ауаның температурасын көрсетуі қажет.
3.2.3. Термометрдің температура өлшеу диапозонын тексеру
3.2.3.1. –30-дан 0ºС-ға дейінгі температурада термометр көрсеткіштерін анықтау
Келесі тәсілмен іске асады:
1) МКО мысконстантталы термоэлектрлік нұсқасын КС-80 криостатына орнату;
2) Криостатта оның қолдану инструкциясына сәйкес –30 ºС температурасына келтіру керек;
3) Термометрді қосып, 5 с-тан кем емес ұстап, термометрдің сезімтал ұшын криостатқа орнату. 10 с-тан кем емес ұстап, түйісуді өшірмей, көрсеткіш тақтада темпетарураны анықтау (Т). Өлшеуді минут сайын 10 рет жүргізіп, кестеге енгізіп отыру керек;
4) Үлгілі термометрмен криостаттағы температураны өлшеу керек;
5) Криостатта 0ºС температурасын орнатып, 3.2.3.1. пунктіндегі 3,4- бөлімдерін қайталау керек;
Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізу керек.
3.2.3.2. 0-ден 95ºС интервалындағы температураны анықтау.
ТВП-6 термостатында кезекпен 40,70, 95ºС температураларын қолдану инструкциясына сәйкес орнатып, 3.2.3.1. пунктіндегі 3,4-бөлімдерін қайталау керек. ТВП-6 термостатында температураны ТЛ-4 типіндегі сынапты термометрмен өлшеу керек. Нәтижесін кестеге енгізу керек.
3.2.3.3. 95-тен 150ºС интервалындағы температураны анықтау.
ТМ-С майлы термостатында кезекпен 110,130,150ºС температураларын қолдану инструкциясына сәйкес орнату керек, содан кейін 3.2.3.1. пунктіндегі 3,4 бөлімдерін қайталау керек. Температураны ТЛ-4 типіндегі сынапты термометрімен өлшеу керек. Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізу керек.
3.2.4. Термометрдің негізгі салыстырмалы қателігін анықтау.
3.2.3. Пунктіндегі өлшеу негізінде температураның әрбір өлшеуі бойынша орта арифметикалық мәнін есептеу керек:



Стьюдент критерийі бойынша орта квадраттық ауытқуы есептеледі σ:

Δ = +теңдігіне сәйкес Δ қателік диапозоны анықталады, (t – Стьюдент коэффициенті,10 өлшем үшін, t = 2,262 және Р = 0,95 сенім ықтималдылығы).
алынған нәтижелер келесі шартты қанағаттандыру керек (паспорт бойынша термометрдің қателігі + 2 0С)



3.2.5. Электронды блоктардың өлшемін және дәнекер кабельдің ұзындығын анықтау
Термометрдің электронды блогының габаритті өлшемін және дәнекер кабельдің ұзындығын сызғыш арқылы анықтау. Электронды блоктың габаритті өлшемі 126*68*27 мм-ден, ал кабель ұзындығы 0,8 м-ден аспауы керек.
3.2.6. Қоршаған ортаның температурасы өзгерген кезде термометрдің жарамдылығын тексеру
Термометрді жылу камерасына орнату керек. Камераның температурасын 50ºС-ға дейін көтеріп, термометрді ішінде 2 сағат ұстау. Сақтау уақыты біткен соң, термометрді камерадан шығармай, тумблерді «өзгерту» жағдайына орнату керек, 5 секундтан кейін таблода 50ºС температураның мәні шығуы тиіс.
–30 ºС температурасында сынақтан дәл осылай өткізу керек.
Термометрды камерадан шығарғаннан кейін қоршаған ортаның температурасын көрсетіп тұрған болса және сыртқы ақаулары болмаса, сынақтан өтті деп есептейді.
Метрологиялық аттестацияға кіретіндерге:
1) Өлшеу құралдарының куәлігінде көрсетілген талаптарға, метрологиялық сипаттамасына сәйкес анықтау және орнату;
2) Тексеріс кезінде бақылауға алынатын ӨҚ метрологиялық сипаттамалары тізімін орнату;
3) Тексеріс әдістемесін байқау;
4) Зерттеу нәтижелерін рәсімдеу жүктеледі.

6.3. Өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу



Өлшеу құралдары өте дәл, жасау күрделілігі жоғары приборларға жатады. Олар қолданыста қолайлы болуы, ұзақ функционалды қасиеттерін жоғалтпаулары қажет. Әрбір мекеме осы жағдайды жасай алмайды. ӨҚ өндірісін, тексеруді және жөндеуді жүргізуге мүмкіндік алу үшін, мекеме ӨҚ сияқты өте қиын құрылғыларды шығару талаптарына сәйкес екендігін дәлелдеу керек. Ол үшін мекеме Мемстандарт қатарында тұрғандығын дәлелдейтін құжаты болуы және осындай жұмыспен айналысуы үшін лицензия алу керек. Бұл жұмысты жүргізу реті ҚР СТ 2.9-2000 «ӨҚ өндіру, тексеру және жөндеу жұмыстарын лицензиялау реті» стандартында анықталған.
Өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу мүмкіндігіне тексеріс өткізуге тапсырыс беру кезінде мекеме өндірістік және қосалқы ғимараттары, біліктілігі жоғары мамандары туралы, өлшеу құралдарына сәйкес нормативті-технологиялық құжаттардың болуы, ӨҚ өндірісіне, тексеруге және жөндеуге келісілген шарттарды ақпараттарды беруі керек.
Мемстандарт тапсырысты қарастырады, егер мекеменің сапалы түрде өндіріп, тексеріп және жөндеуге мүмкіндігі болса, лицензия 3 қызмет: жасау, тексеру мен жөндеу және басқа да түрлеріне беріледі, Мемстандарт лицензия берілген мекемені бақылайды, егер келісілген шарттар орындалмаған жағдайда, лицензия жұмысын тоқтатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет