Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Өзара әрекет жасауды ұйымдастыру және



Pdf көрінісі
бет112/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   144
32. Өзара әрекет жасауды ұйымдастыру және 
өкілеттіліктер
Ұйымдастыру менеджменттің 
функциясы ретінде
«Экономикстің» түсіндірілуіне сәйкес (Кэмпбелл Р. Макконнелл, 
Стэнли Л. Брю) өндірісті ұйымдастыру – «нарықтық экономикада 
өндіріс қалай ұйымдастырылуы тиіс?» деген сұрақты шешеді. Осы 
іргелі міндет үш сұрақтан тұрады:
- Жекелеген салалар арасындағы ресурстар қалай бөлінуге 
тиісті?
- Әрбір саладағы өндірісті нақ қай фирмалар жүзеге асыруы 
керек?
- Әрбір фирма ресурстардың қандай тәсілін, қандай технологияны 
қолдануы тиіс?
Ресурспен жабдықтаушылар нарықтық жүйе талаптарын 
сақтауға және тұтынушылық сұранысты басшылыққа алып, өз 


237
таңдауын жасауға мәжбүр. Олар тұтынушылардың тілектерін 
қанағаттандырмайтын тауарлар өндірісіне өзінің ресурстарын 
бағыттауға «ерікті» емес. Тұтынушылар өнім нарығында 
ұсынылатын сұраныс түріндегі өздерінің қалауларын айқын 
көрсетеді, ал өндірушілер мен жабдықтаушылар өздерінің 
мүдделерін қамтамасыз ету үшін осы сұранысқа сәйкес жауап 
береді. Нарықтық жүйе тұтынушылардың тілегін кәсіпорындар мен 
ресурспен жабдықтаушыларға береді және олардан тиісті жауап 
алуға тырысады.
Нарықтық жүйе осы өнім өндірісінің пайдалы болуы үшін 
тұтынушылар жеткілікті дәрежеде жоғары сұраныс танытқан өнім 
салаларына ресурстарды бағыттайды.
Екінші және үшінші сауалдар өзара тығыз байланысты. 
Экономикалық ең тиімді өндіріс технологиясын қолдануға қабілетті 
және соны қалайтын фирмалар ғана өндірісті жүзеге асырады. Ең 
тиімді технология немен нақтыланады? Экономикалық тиімділік 
мыналарға байланысты:
- қолда бар технологиядан, яғни қалайтын өнімді шығаруды 
қамтамасыз ететін өндіріс факторларына немесе баламалы ресурс 
тәсілдерінен;
- қажетті ресурстар алуға болатын бағалардан.
Ұйымдастыру түсінігі туралы жоғарыда айтылғандарды 
түйіндей келіп, өндіріске қатысты ол толыққанды нақты мағынаға 
ие және нарықтық жүйе талаптары тұрғысынан менеджменттің 
қажетті атрибуты болып табылады.
Менеджменттің осы функциясын АҚШ пен Англияда байланыс 
мәселелерінің жиынтығын және кәсіпорындағы бар құрылымдардың 
жұмыс істеуін анықтау үшін тәжірибеде қолданады.
Жұмысты ұйымдастыру үш кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – жұмысты бөлу. Менеджер өзінің барлық жұмысын 
шағын бөліктерге бөледі. Олардың әрқайсысының міндеті бар және 
бір адам жүзеге асыра алады. Осылай жасай отырып, біз әрбір 
адамның жіктелуін ескеруіміз керек.
Екінші кезең – міндеттерді қисынды блокторға топтастыру. 
Көптеген компанияларда бірге жұмыс істейтін екі және одан да көп 
адамнан құралатын топтар болады.
Егер адамдар жеке бөлімдер мен секторларға жиналса, жұмыс 
неғұрлым тиімді болады. Ұйымдастырудың бұл бөлігі топтар 


238
бойынша мамандану деп аталады.
Үшінші кезең – жұмысты үйлестіру, яғни әр түрлі бөлімдердің 
жұмысы үйлестірілуі тиіс. Үйлестіру қайшылықтарды болдырмауға, 
оларды реттеуге, фирма құрылымын нығайтуға мүмкіндік береді. 
Үйлестірілген механизм басшылық пен бақылауды жүзеге асыруға 
жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет