239
Табыстау дегеніміз:
-
тапсырма, билік, жауапкершілік беру;
- біреудің алдына мақсат қою және сонымен бір уақытта оған
қорытынды сапасына жауапкершілік, мақсатқа жету үшін құралдар
ұсыну;
- басқару жүйесінде міндеттерді ұзақ уақытқа бөлу үшін негіз;
- басқарушыны артық жұмыстан құтқару;
- басқарылу үшін қосымша жұмысты күштеп міндеттемеу.
Табыстау ережелері:
- атқару мен талап етілетін іс-әрекет деңгейін анық айқындау;
- нәтижелер
туралы есеп уақытын анықтау;
- табысталатын билікке қатысты ұжымды хабардар ету;
- бағыныштыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- бағыныштыларға тапсырылатын тапсырмаларды таңдауға
мүмкіндік беру.
Қолданылатын тетіктер шегінде үйлестіру
тапсырылған
өкілеттіліктер жүйесі болып табылады. Яғни, табыстау жәрдемімен
бастықтың бағыныштыларға өз жұмысының біразын тапсыра алуға
жәрдемдесетін құралы болып шығады.
Өкілеттіктерді сәтті өзгеге беру жауапкершілік, өкілеттілік және
есеп берушілік жүйесіндегі тепе-теңдікті талап етеді.
Жауапкершілікті өзгеге беру бағыныштыларға белгілі бір
мәселелерді шешуге арналған құқықты немесе белгілі бір шешімді
қабылдау құқығын беруді білдіреді. (Менеджер осы мәселені
зерттеуді және оны шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырады.
Осындай бұйрық бере отырып, ол бағыныштысына мәселені шешу
жауапкершілігін табыстайды).
Өкілеттіктерді өзгеге беру бағыныштыларға шешім қабылдау
мен қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге
асыруда билік беруді
білдіреді.
Есеп беру деген сөз бағынышты өз жұмысының нәтижесі үшін
жауапкершілік көтеруге тиісті екендігін: егер нәтиже жақсы болса
мақтау алатынын, егер нашар болса, бетіне басылатынын білдіреді.
Өкілеттіктерді өзгеге беру мынандай болады:
–
толық – бағынышты жұмысты орындайды және ол үшін
жауапкершілік арқалайды. Бастық бұл жұмысқа тартылмайды;
–
шектеулі – бағынышты
жұмысты бастықпен бірлесіп
орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды;
240
–
нөлдік – бағынышты жұмысты орындайды, бірақ ол үшін
жауапкершілікті бастық көтереді;
–
керісінше табыстау – бағынышты жұмысты бастыққа қарай
ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: