253
түсінікті болып, бірақ қабылдаушы оны ақпарат ретінде ұғынбауы
мүмкін, себебі ол өзінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін
мазмұнды қажет деп есептемейді, оның маңыздылығын бағалайды.
Объективті жағынан алғанда, бұл мәліметтердің пайдалы болуы,
бірақ қызметкер оларды ұғынуға даяр болмай тұрып,
оларға
өзінің теріс бағасын беруі мүмкін. Бұл жағдайларда деректердің
пайдалылығына қарай берілетін бағамен және олардың ішінен
басқару міндеттерін шешу үшін маңыздыларын таңдап алуына
байланысты
прагматикалық (ұйымдық) шуыл пайда болады.
Сонымен,
ақпарат дегеніміз – белгілі міндеттерді шешу үшін
пайдалылар ретінде бағаланылған, қабылданылған және түсінілген
жаңа мәліметтер болып табылады
немесе қандай да бір оқиға
туралы, біреулердің қызметі туралы, т.б. жағдайлар туралы хабардар
болуды, мағлұматты түсіну керек.
Деректердің ішінен ақпарат алынуы үшін, олар үш қабатты
сүзгіден (фильтр) өтуге тиіс:
1. алдын ала белгіленген өткізу қабілеті бар, табиғи байланыс
жолы;
2. семантикалық (мазмұндық) фильтр-тезаурус (білім
қазынасы), яғни түсініктер осында туады.
3. прагматикалық (ұйымдастырушылық) фильтр – мұнда
деректердің пайдалылығы бағаланады.
Әрбір қабат деректердің бір бөлігін сипаттай отыра, шуылдарды
жоюға тырысады.
Егер табиғи, семантикалық және прагматикалық шуылдар
неғұрлым көбейген
сайын немесе басқаша айтқанда, басқару
органының техникалық жағынан жарақтану дәрежесі мен беріктігі,
қызметкерлердің кәсіби дәрежесі төмен болған сайын және
деректерді тіл тәртібі жеткіліксіз болған сайын, басқару органының
атқаратын қызметтеріне ешқандай қатысы жоқ деректер оған
неғұрлым көптен түскен сайын, басқару органының өткізу қабілеті
соғұрлым төмендей түседі.
Шын мәнінде, ақпараттық тұрғыдағы басқару жүйесін оқып
үйренудің міндеті, әр түрдегі шуылдардың
табиғаты мен шығу
көздерін зерттеп, оларды жоюдың шараларын жасау деп есептеген
жөн.
Қазіргі кезеңде ақпаратты зерттеу негізгі үш тұрғыда жүруде.
Олардың біріншісі,
синтактика деп аталады, ол оның мазмұны
254
мен
құндылығын ауытқи отырып, деректерді қайта өңдеу мен
жеткізу құралдарының өткізу қабілеті мен табиғи шуылдарды жою
тұрғысынан зерттейді.
Екінші,
семантика – ақпараттың мазмұны мен оның көріну
формасын зерттейді.
Үшіншісі,
прагматика – ақпараттың пайдалылығы мен
тиімділігін зерттеумен байланысты түрі.
Өндірісті басқару ақпараттың
жоғарыда көрсетілген жақтар
бойынша талдағанда, ол мазмұндылық (семантикалық) және
ұйымдық (прагматикалық) белгілер бойынша топқа бөлінеді.
Мазмұндық белгілер ақпаратты былай бөледі:
- бейнеленетін объектілер бойынша (халық, еңбек ресурстары,
табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары,
өнім және қызмет
көрсету, ақша қаражаттары және т.б.);
- ұдайы өндіріс сатылары мен процестері бойынша (өндіріс,
айналым, бөлу, тұтыну туралы ақпарат);
- халық шаруашылығының салалары бойынша (өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, транспорт, құрылыс және басқалары).
Мазмұндылық
белгілері
ақпаратта
бейнеленілетін
технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. қатынастардың
түрі бойынша оны бөлетін маңызды белгі де жатады.
Өндірістің әр түрлі факторларының арасындағы техникалық,
технологиялық қатынастарды қоғамның өндіргіш күштерінің
элементтері ретінде бейнелейтін ақпаратты
техникалық-
Достарыңызбен бөлісу: