245
Барлық көптеген қажеттіліктерді алғашқы және қосымша реттегі
деп жіктеуге болады.
Алғашқы қажеттіліктер табиғаты жағынан физиологиялық,
әдетте туа бітті болады. Тамаққа,
суға деген қажеттілік, тыныс
алуға, ұйықтауға қажеттілік және т.б. мысал бола алады.
Қосымша реттегі қажеттіліктер жаратылуы бойынша
психологиялық. Мысалы, табысқа,
сыйластыққа, бауыр басып
үйренісуге, билікке деген қажеттілік және біреуге немесе бір
нәрсеге
қатысты қатарында болу, тиістілік қажеттілігі. Алғашқы
қажеттіліктерге генетикалық жағынан негіз қаланған, ал қайталама
әдетте тәжірибе арқылы сіңеді, білінеді.
Адам
қажеттілікті сезінсе; сол сезім оны алға жетелейді.
Қажеттілік
адамды
соны
қанағаттандыруға
шақыратын
болғандықтан, менеджерлер адамдарға ұйымның мақсаттарына
жетуге жетелейтін мінез-құлық түрі арқылы өз қажеттіліктерін
қанағаттандыра алатынын сезінуге мүмкіндік
беретін жағдайлар
жасауы тиіс.
Екінші ұғым – марапаттау. Адам өзі үшін нені құнды деп
санағанның бәрі сондай. Ішкі және сыртқы жақ марапаттау болады.
Ішкі марапаттау жұмыстың өзі береді. Мысалы, бұл – нәтижеге
жету сезімі, орындалған жұмыстың мағыналылығы мен елеулілігі,
өзін-өзі құрметтеу сезімі.
Сыртқы жақ марапаттауы жұмыстың өзінен емес,
ұйымнан
беріледі. Сыртқы жақ марапаттауына мысалдар – еңбекақы, қызмет
бойынша жоғарылау, мақтау және өзгелердің мойындауы.
Достарыңызбен бөлісу: