Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет126/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   144
Шешімдерді әзірлеудің және 
қабылдаудың негізгі сатылары 
Шешім қабылдау, ұзақ үрдіс. Бұл үрдіс бірнеше сатыларды: 
әзірлік, негізгі, қорытынды сатыларды қамтиды. 
Әзірлік сатысы жағдайға жалпы сипаттама берумен және оны 
бағалаумен, мақсатты айқындап алумен, шешім қабылдау үшін 
қажетті бүкіл ақпараттармен танысып, шешімнің болуы мүмкін 
баламаларын белгілеумен байланысты. 
Негізгі саты – шешімнің түрлі варианттарын салыстырып, 
олардың ішінен ең жақсысын таңдап алу үшін шешімді құжат 
түрінде тұжырымдау үшін қажет. 
Қорытынды саты – шешімді орындаушыларға жеткізу жөніндегі 
жұмыстар, шешімнің орындалуын ұйымдастыру, шешімнің 
орындалу барысын бақылау және оның қорытындыларын шығару 
жөніндегі жұмыстардың кешені болады.
Шешім қабылдау үрдісінің бүкіл бастама кезеңі, жағдайды 
анықтау (бағалау) болып табылады. Жағдай дегеніміз жүйені жаңа 
қалыпқа көшіру үшін шешімдер қабылдауды талап ететін сыртқы 


269
және ішкі шарттардың жиынтығы. Жағдай қарапайым болуы 
мүмкін. Жағдайды дер кезінде біліп, оны дұрыс бағалау керекті 
шешімді дер кезінде қабылдау деген сөз. 
Басқарушылық шешім қабылдаудың әзірлік сатысының негізгі 
жұмыстары төмендегідей бейнеленген:
10-cурет. Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі
Өндіріс басшылары мен мамандары шешім қабылданбас 
бұрын жағдайды жақсылап біліп алуға міндетті. Шешімнің әзірлік 
сатысының бірінші кезеңінің мәні осында. Жағдайды айқындағаннан 
кейін шешімнің мақсаттары тұжырымдалады. 
Мақсат дегеніміз – іс-әрекеттің қажетті және болуы міндетті түпкі 
нәтижесі. Мақсатты айқын, нақ тұжырымдау, шешім қабылдаудан 
кейінгі болатын бүкіл үрдісі үшін өте маңызды. Мақсат 
тұжырымдалғаннан кейінгі жерде жұмыстың өзара байланысты қос 
қабат екі кезеңі – шешімді ақпаратпен қамтамасыз ету және оның 
нұсқаларын бағалайтын өлшемді белгілер кезеңі болады.
Шешімді ақпаратпен қамтамасыз ету – шешім қабылдау үшін 
қажетті мәліметтерді іріктеп өңдеу, осы мәліметтердің ішінен 
оның мынадай маңызды түрлерін: ғылым мен озық тәжірибенің 
жетістіктері туралы деректер, алға қойылған мақсатқа жету үшін 


270
керек болатын ресурстар туралы деректерді бөліп көрсету керек. 
Шешімдердің нұсқаларын бағалау үшін белгі жасап шығару.
Әзірлік жұмысының өте жауапты және өте күрделі кезеңі. Әдетте 
белгі деп соның негізінде шешімнің түрлі нұсқаларын салыстырып 
қарайтын көрстекішті атайды. Белгіде әрқашан санаттық шама 
бола бермейді. Мақсат пен белгі арасында тікелей байланыс бар. 
Белгі алға қойылған мақсатқа жақындаудың немесе соған жетудің 
дәрежесін көрсетеді, мұнда сол үшін жұмсалған ресурстарды есепке 
алады. 
Әзірлік сатысы шешімнің мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын 
жасап шығаруымен аяқталады. Шешім неғұрлым көлемдірек болса, 
ол неғұрлым көп мәселелерді қамтыса, оның мүмкін болатын 
нұсқалары соғұрлым көбірек жасалмақ. Жағдайды бағалаудан бастап 
шешімдердің нұсқаларын жасап шығаруға дейінгі жұмыстардың 
бүкіл кешені шешімдерді қабылдаудың негізгі сатысына жеткізеді 
(11- суретте көрсетілген).
11-cурет. Басқару шешімдерін қабылдау сатылары


271
Бұл саты шешімдер нұсқаларын жүйелі талдаудан бастайды. 
Талдаудың барысында белгілі бір себептер бойынша жарамсыз 
болатын нұсқалар алынып тасталынады. 
Қалдырылған варианттар үшін оларды орындау болжамдары 
белгіленеді. Ресурстармен қаматамсыз етушілігі, шешімді 
белгіленген мерзімде орындау мүмкіншілігі есепке алынады. 
Бұл сатыдағы маңызды жұмыс шешімдердің болжанылып 
отырған қортындыларын және олардың орындалу ықтималдылығын 
есепке ала отырып, шешімдердің нұсқаларын таңдап алынған белгі 
бойынша салыстыру болып табылады. Белгі бойынша артықшылығы 
бар, орындалу ықтималдылығы көп және жанама теріс зардаптары 
жоқ шешім ең жақсы шешім деп танылады. 
Талданылып отырған нұсқалардың тәуір деген біреуі шешімнің 
жобасы түрінде тұжырымдалады, бұл жоба мамандарды және 
болашақ орындаушыларды қатыстырып талқыланады. 
Шешімді тұжырымдау шешім қабылдаудың негізгі сатысын 
аяқтап, қорытынды сатыны бастайды (бұл 12- суретте көрсетілген).
12-cурет. Басқару шешімдерін қабылдау сатыларының үрдісі


272
Шешімнің жобасы талқыланып, анықталғаннан кейін шешімді 
басқару жүйесіндегі осы іс өз міндетіне жататын орган немесе адам 
қабылдайды. 
Қабылданған шешім белгілі бір құжат түрінде немесе ауызша 
жарлық түрінде тұжырымдалады. Шешімнің қабылданғандығын 
көрсететін құжаттарға жататындар: бұйрықтар, жарлықтар, 
қаулылар, нұсқаулықтар, хаттамалар. 
Бұйрық – сызықтық басшы қабылдаған және осы бұйрыққа 
қатысы бар адамдар міндетті түрде орындауға тиіс шешімді 
тұжырымдау формасы. 
Қаулыларды жалпы жиналыс (конференция) қабылдайды. 
Нұсқауда – қызмет бабындағы міндеттерді орындау туралы, 
жұмыс көлемдерін белгілеу, белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет туралы 
жарлықтар болады.
Жарлықтарды сызықтық басшылардың орынбасарлары мен бас 
мамандар жекелеген мәселелер жөнінде береді. 
Хаттама - қандай бір коллегиялы органның кеңестерінде, 
мәжілістерінде, жиналыстарында мәселелерді талқылау барысында 
қабылданатын шешімдерді жазу формасы. 
Қабылданған шешімнің қалай жазылу формасына қарамастан 
шешімнің тұжырымдалуы мына төменгі міндетті талаптарға: 
мақсатты белгілеуде айқындық болуы; кімге арналғандығы
орындалу мерзімі; орындалу жолдары мен құралдарын көрсету 
талаптарына сай болуы тиіс. 
Басқару үрдісінің жоғары тиімділігін қаматамыз ету үшін басшы 
шешімдер қабылдаудың сол бір уақыт аралығында, мейілінше, 
тиімді болатындай процедураны ұйымдастыруы тиіс. Шешімдердің
нұсқауларын зерттеу, әдетте, түрлендіру (модельдеу), әсіресе 
иммитациялық (еліктеушілік) түрлендіру, экстраполяциялау (басқа 
салаға тарату), сараптамалық бағалау және т.б. әдістер арқылы 
жүзеге асырылады. Уақыт пен мүмкіндіктер бар жағдайда – ғылыми 
тәжірибелер (технологиялық, экологиялық, әлеуметтік, құрама) 
қолданыла алады. 
Еңбекті көп қажет ететін есептеулерді жасау үшін, жекелеп 
айтқанда, сандық жағынан өлшеуге келетін параметрлердің 
(тұрақты шамалардың) өзгеруін болжау кезінде электронды 
есептеуіш машиналары, ұйымдастыру техникасының құралдары 
кеңінен пайдаланылады. 


273
Күрделі мәселелерді шешудің әрүрлі әдістері бар: үрдістер мен 
құбылыстарды түрлендіру (модельдендіру), күрделі мәселені жеке 
бөлімдерге бөлшектеу, құрамдастыру, стандарттау (бір үлгіге салу) 
мен классификациялау (топтастыру) және басқалары. 
Модель дегеніміз – объектіні бейнелей немесе оның суретін 
елестете отырып, оны алмастыра алатындай жүйе, себебі бұл 
жүйені оқып үйретудің өзі осы объекті туралы ақпаратты береді. 
Әдетте, модель объектіге қарағанда оңайырақ болады, себебі 
ол модельдендіру арқылы көзделіп отырған мақсаттарға жету 
үшін объектінің тек елеулі жақтарын ғана бейнелейді. Мұның өзі 
күштердің, құрал-жабдықтардың және уақытты аз жұмсай отырып, 
шешімдердің әртүрлі жолдарын алуға мүмкіндік береді.
Алайда, адамда өте күрделі мәселені ойша түрлендіру қабілеттері 
шектеулі келеді. Сондықтан олар суреттемені және таңбалық жазу 
арқылы модельдендіруді пайдаланады.
Суреттемені (немесе ауызша) модельдендіру дегеніміз болашақ 
қимыл-әрекеттің, жағдайдың, оқиғалардың алдынала шамаланған 
дамуының ауызша суреттемесі болып табылады. 
Күрделі проблемаларды шешудің сценарийлерін жазуда
морфологиялық (құрылыстық-түрлік) талдау үлкен пайда келтіреді. 
Оның мәні – оқиғалардың дамуы өтетін барлық мүмкін ситуациялар 
мен жағдайларды анықтап, белгілеу мен топтарға жіктеуде. 
Графикалық модельдендіруде шешімді қабылдау мен жүзеге 
асыру моделі диаграммалар, графиктер, сызбалар және т. б. түрінде 
көрінеді. Шешім қабылдау үшін практикада мыңдаған әртүрлі 
жағдайларды қарастыру қажет. Әрине, бұл жерде электронды 
есептеуіш машинасыз іс бітпейтіндігі түсінікті. 
Кезкелген модель шартты түрде алынады, сондықтан да 
объектінің шын мәніндегі қызметін ол толық белгілей бермейді. 
Сол себепті қабылданған шешімнің дұрыстығы шектеулі, әрі 
бақыланып отыратын төжірибе жүргізу жағдайларында тексеріледі. 
Біздің шаруашылық практикамызда тәжірибе жүргізілуде, 
оларды жүргізу үрдісінде бұрын жасалған шешімдердің нұсқаулары 
сыннан өткізіледі. 
Талдап тексеру де күрделі мәселелерді шешу жолдарының 
бірі болып табылады. Бұл жағдайда бөліктерді бөліп қарау тәсілі 
үлкен рөл атқарады. Дұрыс талдап тексерудің ең маңызды шарты – 
бөлінген бөліктердің бұрынғы бүтін құрамдағы қасиеттерін сақтауы 


274
болып табылады. 
Болшақты дұрыс болжай білу әрқашанда өткендегі мен қазіргі 
үрдістерге терең талдау жасауға сүйенеді. 
Болжау әдістері сандық болжау және сапалық болжау әдістері 
болып екі топқа жіктелінеді. Сандық болжау әдістеріне талдап 
тексеру, себеп-салдарлы модельдендірулер жатады, ал сапалық 
болжау әдістеріне қазылар алқасының ой-пікірі, тұтынушының 
үлгісі, сараптамалық баға беру және т.б. жатады. 
Нақты күрделі шаруашылық мәселелерін шешуде жоғарыда 
аталынған әдістер кешенді түрде пайдаланылады. 
Шешімдерді жүзеге асыру үрдісінде оларға түзетулер енгізу 
мына төмендегі себептерге байланысты болуы мүмкін: шешімді 
ұйымдастыруды нашар ұйымдастыру, сыртқы себептерге 
байланысты, жағдайдағы күрт өзгерістер, шешімнің өзінде кеткен 
елеулі қателіктер және т.б. 
Шешімді жүзеге асырудың қорытындыларын міндетті шығарып 
отыру – басқарудың заңы болуы тиіс. 
Шешімдерді қабылдау ең алдымен және негізінен алғанда 
басқару жұмысының мазмұны болып табылатындықтан, 
шешімдердің сапасына қарап басшының шеберлігі туралы пікір 
түюге болады. Мұның өзі экономикалық ғылымның маңызды 
міндеті – қабылданатын шешімдердің сапасын және орындалу 
дәрежесін бағалау негізінде басқару еңбегінің нәтижелілігін, 
бағалау әдістемесін жасап шығару болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет