Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет123/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   144
Тиімділік дегеніміз – бұл жүйедегі кез келген өзгерістер 
экономикалық тұрғыдан негізделуі керек деген ұғым. Егер қосымша 
деректер жинау керек деген ұсыныстар жасалынса, онда мұның 
қандай шығындар керек ететінін және басқару міндеттерін шешуде 
қандай тиімділікке жеткізетіндігін бағалау керек. 
Тиімділік қағидасынан, ақпаратқа деген қажеттілікті шын 
түрде негіздеу керектігі, оны әр түрлі әдістер арқылы алу кезіндегі 
шығындарды зерттеп білу, ақпарат жүйесін жетілдіру мақсаттарын 
дәл анықтау және олардың әр кезеңінде неғұрлым жоғары тиімділікке 
жеткізетін құралдарды таңдап алу қажеттігі келіп шығады. 
Ақпарат жүйесін жетілдірудегі қимыл – әрекет жоспары едәуір 
мөлшерде осы қағидалардан келіп туындайды.
Жоспардың бірінші кезеңі – қолда бар жүйені зерттеп білу. Ол 
кешенді түрде болуға және бұл кейінгі кезеңдерде ақпарат жүйесінің 


259
барлық элементтерін жасау үшін материал беруге тиісті. 
Зерттеу бағдарламасы басқару міндеттері мен оларды шешу үшін 
ақпаратқа деген қажеттілікті, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру 
дәрежесін, соның ішінде көрсеткіштер құрамы бойынша олардың 
нақтылығын және уақыт жағынан тығыздығын талдауды да қамтуы 
керек.
Екінші кезең – алынған материалдарды талдау. Ол ақпарат 
жүйесін жетілдірудің техникалық – экономикалық жағынан 
негізделуімен қоса негізгі бағыттары туралы негізгі ұсыныстарды 
дайындаумен аяқталуы тиіс. Осы кезеңде, ақпарат жүйесінің осал 
жерлерінің табылуы, оны жетілдірудің мақсаттары мен оларды 
жүзеге асыратындай құралдар анықталуы керек.
Үшінші кезең – ақпарат жүйесінің жобасын дайындау. Ол 
бірнеше шағын кезеңдерге және тарауларға бөлінуі мүмкін. Жобада 
жаңа жүйенің ақпараттық түрі (моделі), ақпарат тасқындарын 
тәртіпке келтіретін ережелер мен нұсқаулар, көрсеткіштер жүйесі 
мен оларды алудың әдістерін суреттеу, жинақтық белгілері бар өзара 
байланысты жіктелулер мен номенклатуралар, сәйкестендірілген 
терминдер сөздіктері, құжаттама жасау формалары мен құжат 
айналымының үлгілері, құжаттаудың ережелері болуға тиіс. Ақпарат 
жүйесін енгізу мен дамытудың әр кезеңдік жоспары – жобаның аса 
маңызды бөлімі болып табылады.
Егер ақпараттық жүйені ұйымдастыру ісінде ақпараттың сапалық 
сипаттамалары сақталмайтын болса, онда ол жүйені ұйымдастыру 
мүмкін емес және тіпті ол мағынасыз болар еді. Ақпараттық 
жүйені ұйымдастыру кезеңінде қамтамасыз етілуге тиісті аса 
маңызды сапалық сипаттамалардың қатарына жататындары мына 
төмендегілер:
- ақпараттың дұрыстығы;
- ақпараттың жеткіліктігі;
- ақпараттың оңайлығы;
- ақпараттың бір мағыналылығы;
- ақпараттың оперативтілігі.
Әрбір өндірісте немесе кәсіпорындарда жай қарапайым және 
күрделі ақпараттық жүйелері болады.
Жай қарапайым хабарлама жүйелері деп – ақпарат пайда болған 
жерден оны басқарушы адамға ешбір өңдеусіз жеткізуді қамтамасыз 
ететін жүйелерді айтамыз.


260
Бұл радио, телефон арқылы берілетін бір жолғы хабарлар 
болуы мүмкін. Шығыс құжаты тұжырымдау және соның негізінде 
басқарушы ықпалдағы ақпаратты беруді тікелей басқарушы адам 
жүзеге асырады.
Жай қарапайым ақпараттық жүйелер звено, бригада, бөлімшелер 
дәрежесіндегі басқару үшін сипатты нәрсе. 
Күрделі ақпараттық жүйелер деп – оларды құрастырушы 
ақпараттық үлгілер ақпараттың өңдеуін, бастапқы ақпараттың 
негізінде туынды ақпарат алынуын, талдау, күрделі есептеулер 
жасалуын керек ететін жүйелер айтылады. Осы замандағы өндіріс 
пен оны басқару дәрежесі, әдетте, күрделі ақпараттық жүйелерді 
ұйымдастыруды көздейді.
Бұл жүйелерде ақпаратты алудың, жинақтау мен берудің 
техникалық құралдарымен қатар электрлік (механикалық) есептеу 
машиналарынан бастап электронды есептеу машиналарына дейінгі 
түрлі есептеу техникасын кеңінен қолданылады. 
Сондықтан, күрделі ақпараттық жүйелер қайда өңделетіндігіне 
қарай орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелер 
деп бөлінеді. 
Қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің дамуы күрделілігі 
неғұрлым аз жүйелерден күрделілігі анағұрлым жоғары жүйелерге 
қарай жүреді.
Күрделілігі неғұрлым аз жүйелер дегеніміз – ақпараттық 
үлгілер көрсетілген технология бойынша ақпаратты алу, жинақтау, 
беру, өңдеу және тұжырымдау ісін адам жүзеге асыратын 
жүйелер. Ақпаратты өңдеген кезде адамның қарапайым байланыс 
құралдарын және шығын есептеу техникасын қолдануына ерік 
беріледі. Шартты-тұрақты ақпарат аумағының тұжырымдалуы 
айқын көрінбейді. Қазір бұл жүйелер кәсіпорындарда, мейлінше,
кеңінен қолданылады.
Күрделілігі орташа ақпараттық жүйелер дегеніміз – 
ақпараттың өңдеу жөніндегі бір технологиялық операцияны 
адам жүзеге асыратын, ал екінші біреулері механикаландыру мен 
автоматтандыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар арқылы 
жүзеге асатын жүйелер. Мұндай жүйелерде бастапқы ақпаратты 
алу ісін арнайы бөлінген есепшілер немесе мәлімет берушілер 
жүргізеді, ол мұны тиісті есеп құжаттарына жазып тіркеу арқылы 
немесе тіркелмеген хабарды беру түріндегі оперативті ақпарат 


261
бойынша жасайды. 
Ақпаратты оның жинақталатын және өңделетін жерлеріне, 
сондай-ақ басқарушы адамға бастапқы есеп құжаттарын жөнелту 
арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттың бір бөлігі, әсіресе 
техникалық-экономикалық есептер бар шығыс құжаттарын 
тұжырымдау, қажет болған жағдайда, автоматтандырылған түрде 
өңделуі мүмкін.
Кәсіпорындардың анағұрлым күрделі, сонымен қатар анағұрлым 
нәтижелі ақпараттық жүйелері дегеніміз – ақпаратты өңдеудің 
бүкіл технологиялық үрдісі түгел автоматтандырылған жүйелер.
Мұндай жүйелерде ақпаратты алу, жинақтау, беру, өңдеу ісі 
шығыс құжатты тұжырымдауды қоса алғанда прогресті техникалық 
құралдардың жәрдемімен автоматтандырылған жолмен жүзеге 
асырылады. 
Өндірісте ақпараттық жүйелердің бір түрі автоматтандырылған 
жүйелер кездеседі. Оларда ақпаратты алудан бастап, басқарушылық 
нұсқауларды жасап шығаруды қоса алғандағы, бүкіл цикл 
техникалық құралдар кешені арқылы жүзеге асырылады. 
Ақпараттық жүйелердің ықпалын оңтайландыру бірнеше 
бағыттарда болады. 
Оңтайландырудың негізгі қағидалары кәсіпорындағы құжат 
айналымының бірлігіне жетумен байланысты. Ол қағидалар мына 
төмендегілер:
- бастапқы ақпаратты тіркеудің бір реті болуы;
- жазбалардың қысқа болуы мен формалардың дәлдігі;
- түрлі құжаттарда көрсеткіштердің аз қайталануы (және тіпті 
болмауы);
- ақпараттың қайталап келіп түсуін азайту және болғызбау;
- құжаттардың бөлімдерін барынша бір ізге салу және бастапқы 
ақпараттың бірыңғай формаларын енгізу;
- шығыс құжаттардың көрсеткіштерін оңтайландыру және 
басқалары.
Жоғарыда аталған қағидаларда соңғысының – шығыс құжаттың 
көрсеткішін оңтайландырудың ерекше маңызы бар. 
Қорыта айтқанда, басқарудың негізгі басқарушы ықпалдар 
ақпараттарын жасап шығару мақсатымен басқарушы адамның 
басқарылатын көмекші жүйенің жай-күйі жөнінде мәліметтер мен 
хабарламалар алып, өңдеу үрдісі болып табылады.


262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет