Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Менеджменттегі мотивация теориялары



Pdf көрінісі
бет115/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   144
33. Менеджменттегі мотивация теориялары
Мотивация және негізгі ұғымдар
Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін менеджерлер 
тәжірибе жүзінде мотивация қағидаларын қабыл алады.
Мотивацияның әр түрлі анықтауы мен түсінуі бар. Менеджмент 
негіздерінде ол ұйымның жеке мақсаттарына жету үшін іс-
әрекетке өзін және басқаларын жетелейтін, түрткі болатын үрдіс 


243
ретінде түсіндіріледі. Басқа көздерде басқаша анықтама берілген. 
«Мотивация адамды іс-әрекет жасауға және өзін-өзі белгілі бір 
тәртіппен ұстауға мәжбүр етеді». Бұл сіздің барлық күш-жігеріңіз 
қандай бағытқа жұмылдырылатынын, сіздің нақты оқиғада 
қаншалықты батыл түрде іс-әрекет жасайтыныңызды алдын ала 
болжайтын зияткерлік, физиологиялық және психологиялық 
үрдістердің ұштасуы.
Адамның мінез-құлқын сансыз көп себептер айқындайды. 
Себептер мен қажеттіліктерді түсіну ұйымдастырушылық қызметтің 
барлық түрлерін, ең алдымен кәсіпкерлікті түсінуге жол ашады.
Дат елінің психологы К. Б. Мадсен он тоғыз негізгі себептерді 
бөліп көрсетеді. Ол төрт топқа бөлінеді.
I. Табиғи (органикалық) себептер:
1. Ашығу.
2. Шөлдеу.
3. Жыныстық құмарлық.
4. Аналық сезім.
5. Ауруды сезіну.
6. Суықты сезіну.
7. Ыстықты сезіну.
8. Дәрет (денеден бөлініп шығатындар).
9. Тыныс алу қажеттілігі.
II. Эмоционалдық себептер:
10. Қорқыныш немесе қауіпсіздікке ұмтылу.
11. Агрессивті немесе өжет қасиеттер.
III. Әлеуметтік себептер:
12. Қарым-қатынасқа ұмтылу.
13. Билік құмарлық (өзінің әрекетін қолдау).
14. Іс-әрекет жасауға құмарлық.
IV. Әрекет ету себептері:
15. Тәжірибеге қажеттілік.
16. Дене қимылына қажеттілік.
17. Қызығу (зияткерлік қызмет).
18. Қызынуға деген қажеттілік (сезімді, әсерлі іс-әрекет).
19. Шығармашылыққа деген кұштарлық (кешенді іс-әрекет).
Адамдардың әр түрлі тәртібі, мінез-құлқы (мысалы, сатып 
алушылардың мінез-құлқы) әдетте себепкер болатын күштердің 
тұтас қатарының бір мезгілдегі іс-әрекетінің нәтижесі болып 


244
табылады. Осылайша мотивация жүйесі тәртіп, мінез-құлық 
үлгілерін анықтайтын әр түрлі себептер жиынтығы ретінде 
қалыптасады.
Қайсыбір іс-әрекетті жүзеге асыру үшін адам қызығушылық 
танытады. Қызығушылық – өте қуатты қозғаушы күш, шын мәнісінде 
өзіне-өзі мотивация жүйесі. Бұл жүйе былайша бейнеленеді:
біріншіден, іс-әрекет себептері жұмыстан ең көп қанағаттану 
сезімін алуға мүмкіндік беруі маңызды;
екіншіден, атқару себептерін жүзеге асыру үшін мүмкіндік 
жасау қажет. Американдық менеджмент теоретигі Фредерик 
Тейлордың пікірінше, міндеттер керекті адамды керек жерге қоюға 
сайып келеді. Сонда әрбір адам өзінің барлық күшін толығымен 
пайдаланады.
үшіншіден, 
қатынасуға, 
деген 
қажеттіліктің 
де 
қанағаттандырылуы маңызды. Егер еңбек жағдайлары мұндай 
мүмкіндік бермесе, жұмыстан тыс уақытта қатынас жағдайларын 
жасаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет