Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Банктегі  стратегиялық менеджмент



Pdf көрінісі
бет60/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   144
Банктегі 
стратегиялық менеджмент
Банктің стратегиялық жоспарлауы. Стратегиялық жоспарлау 
деп ағымдағы және келешектегі жоспарларын және олардың уақтылы 
орындалуын бақылау деп айтамыз. Банктердің көпшілігінде басқару 
процесі үш деңгейде өтеді. Шешімдерді мыналар қабылдайды:
а) жоғары басшылық;
б) бөлімше басшылары;
в) мамандандырылған функционалды бөлімдердің басшылары.
Стратегиялық жоспарлар, әдетте, 3–5 жыл мерзімге дейін 


126
құрылады.
Стратегиялық жоспарлаудың кейбір жалпы жағдайлары бар:
- банктің жалпы стратегиясын сарапшылар тобы әзірлейді және 
алғашқы инвестиция бөлінгенге дейін жоғары басшылық мақұлдап, 
қолдауы тиіс;
- стратегия жасап шығару барысында нақтылы іске асатын 
мақсаттар қойылып, оларға жетудің нақты жоспарлары жасалады;
- ұсынылатын жұмысты орындайтын мамандар аясы анықталады;
- қызметкерлерді, менеджерлерді және техникалық еңбеккерлерді 
даярлаудың стратегиясы ойластырылады;
- стратегиялық және ағымдағы жоспарлар үйлестіріледі;
- негізгі құрам мен тиісті тәртіппен даярланады;
- жоғары басшылық тарапынан стратегиялық жоспарлар¬дың 
орындалуын үнемі бақылау жүзеге асырылады.
Банктегі қаржылық менеджмент мыналарды басқарады:
- банктің меншікті капиталын;
- активтерін;
- қарыздың (заем) қаражатын;
- пассивтерін;
- таза табысты;
- инвестициялық портфельді;
- коммерциялық банктің өтемпаздығы.
Меншікті капитал – АҚ, не болмаса ЖШС (жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік) нысанында құрылған коммерциялық банктің 
қай-қайсысының да қаржылық ресурстарының қажетті, ажырамас 
бөлігі. Меншікті капиталды жарғылық қор түрінде қалыптастыру 
дегеніміз – коммерциялық банктің іс-әрекеті басталуы алдындағы 
ізашар, міндетті түрде болатын кезең.
Меншікті капиталды басқару сапасы былайша бағаланады:
а) тартылған капиталдың (облигациялар, ұзақ мерзімді 
сипаттағы вексельдер) акционерлікке қатынасын анықтау (50%-тен 
аспауы тиіс);
ә) дивиденд төлемдерін ұқсас банктер тобы бойынша тиісті 
орташа көрсеткіштермен салыстырумен жүргізеді.
Әлемдік банк тәжірибесінде банк капиталының жеткіліктілігін 
бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:
- банк жарғылық капиталының ең аз шамасы;
- I және II деңгейдегі капитал арасындағы арақатынас (негізгі 


127
және екінші реттегі);
- тәуекелді ескеріп, I деңгейдегі капиталдың активтерге қатынасы 
ретінде есептелетін капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
- «левередж» коэффициенті;
- жиынтық капитал мен активтердің өсуі қарқының арақатынасы;
- активтердің сапасы.
Отандық тәжірибеде банктің меншікті капиталына мыналар 
кіреді:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- әр түрлі қорлар;
- ағымдағы жылдың таза табысы.
Банктің белсенді операциялары банктің елеулі және белгілі бір 
бөлігін құрайды.
Активтерді басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:
- активтер құрылымының мақсатқа сәйкес жөн-жосығын сақтау;
- белсенді операцияларды әртараптандыру (диверсификациялау);
- тәуекелділікті бақылау және резервтер құру;
- активтердің табысты болуын қалау.
Басқару жүйесіндегі коммерциялық банк. Стратегиялық 
менеджмент коммерциялық банкті басқару мәселелерін қаржы 
нарығының объектісі ретінде қамтиды.
Отандық банк жүйесін реформалау процесі елдің қаржылық 
секторын дамытуда өзінің жетекші орында екендігін көрсетті. 2003 
жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жұмыс істейтін банк¬тердің 
жалпы саны 38-ге жетті, оның ішінде мемлекеттік – 2.
2002 жылдың ішінде банктердің жиынтық мемлекеттік капиталы 
32%-ға (37,9 млрд теңге) асты және 161,2 млрд теңгені құрады. Банк 
капиталдануының айтарлықтай өсуі жалпы банк жүйесінің баянды 
тұрақтылығының артуын айғақтайды. Сонымен бірге, 2003 жылдың 
1 қаңтарында 33 банктің жиынтық меншікті капиталы 1 млрд 
теңгеге тең болды немесе артты. Капиталдандыру мен банктердің 
ресурстық базасының өсуі жағ-дайында депозиттердің едәуір түсімі 
есебінен банк активтерінің ұлғаюы жалғаса береді. 2002 ж. ішінде 
банктің жиынтық активтері 40,2%-ке өсті және 1145 млрд теңге 
сомасын құрады.
Республикада банк жүйесінің нығаюы мен қаржылық қызмет 
көрсететін қазақстандық сатушылардың тұтынушыларының 


128
мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануда. Оларға 
мыналар жатады, мысалы:
- халықтың және зейнетақы қорларының ақшалай салымын 
1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын енгізу кезінде құнсызданудан 
қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді айырбастау (конвертация) 
(бір валютаны қолданыстағы валюталық бағам бойынша басқасына 
айырбастау; қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);
- депозиттердің (оның ішінде заттай және талап етілгенге) 
кепілді міндетті сақтандыру қорының пайда болуы;
- 2000 ж. наурызында «ҚР банк құпиялары мәселелері жөніндегі 
кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы» ҚР Заңын қабылдау.
Коммерциялық банк стратегиясын құрудың типтік сызбасына 
мыналар кіреді:
а) жалпы мақсат;
ә) уақытша ауқым;
б) стратегиялық бағдар: банктің болашақтағы рөлі; басқару 
міндеттері;
в) банк жағдайын талдау: банк мәртебесін бағалау; бәселестік 
ұстаным; тұтынушылармен қарым-қатынас; қаржылық жағдай;
г) іс-әрекеттің жаңа ауқымын игеруде артықшылықтарды 
анықтау: жаңа қаржылық қызмет көрсету; жаңа қаржылық құралдар; 
жаңа тұтынушылар;
ғ) жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;
д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;
е) банктік әлеуеттің дамуы;
ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;
з) қосарланушы талдау жүргізу.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын басқаруға 
мыналар кіреді:
1) несиелік қатынастар технологиясы;
2) несиелік тәуекелділік.
Коммерциялық банктің пайдасын басқарудың құрамдас 
элементтері – бұлар:
- банк кірістерін басқару;
- банктің таза табысын қалыптастыруды бақылау;
- сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы 
мен таза табыс деңгейін бағалау;


129
- банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау.
Коммерциялық банктің өтеу алатындығы (өтемпаздығы) оның 
іс-әрекетіне берілетін сапалық сипаттама болып табылады. Ол 
коммерциялық банктің активтерді ақшалай қаражатқа уақтылы 
және шығынсыз есебінен салымшылардың қажеттілік-тілектерін 
қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет