Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет96/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   144
Менеджмент және бәсекеге 
қабілеттілік жетістігі
Біз бәсекелестік, бәсекелестік күрес, бәсекелестік нарығы 
секілді терминдерді әдетте жиі ұшырастырып жүрміз. Оларға әр 
түрлі мағына беріліп жүр. «Экономикс» курсында бәсекелестік күрес 
және бәсекелестік нарығы ұғымдары бөліп көрсетіледі. Мұның 
біріншісіне жекелеген фирмалардың нарықта қалай әрекет ететін 
тәсілі жататын болса, екіншісі – фирмалардың қызметі мен қалай 
әрекет ететініне өз әсерін тигізетін кез келген тауар нарығының 
барлық аспектілерін қамтитын нарықтық құрылымға қатысты 
(фирманың саны, өндіріс технологиясы, сатылатын тауардың 
типтері және с.с. аспектілер).
Нарық бәсекелестігі жекелеген фирмалардың нарыққа ықпал ету 
қабілетімен анықталады, яғни фирма өз өнімін өткізуге мүмкіндік 
беретін жағдайға, ең алдымен ондағы (нарықта үстемдік еткен) 
баға әсер ете білуі керек. Жекелеген фирмалар өз өнімдерін сатуды 
жүзеге асыратын нарыққа неғұрлым әсер ететін болса, нарық 
соғұрлым бәсекелестікке толы болады.
Нарық бәсекелестігінің ең жоғары деңгейінде жекелеген 
фирмалардың нарыққа әсері жүрмейді. Бұл жағдайда тауар 
нарығында көптеген фирмалар әрекет ететіндіктен, олардың 
ешқайсысы да тауар бағасына әсер ете алмайды әрі қалыптасқан 
бағаны нарықтың сұранысымен және ұсынысымен анықталған 
шама ретінде қабылдайды. Мұндай нарық бәсекелестігі жетілген 
нарық деп аталады.
Жетілген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін фирмалар өзара 
бәсекелестік күрес жүргізе алмайды.
Егер жекелеген бір фирма өз өнімінің сатылу жағдайына 
(ең алдымен бағаға) әсер ете алатын болса, онда мұндай нарық 


207
бәсекелестігі жетілген нарық деп саналмайды.
Әйгілі америкалық экономист П. Самуэльсон еркін нарық 
жағдайындағы бәсекелестікті былайша сипаттайды:
«Бәсекелестік жүйесі нарық пен баға жүйесі арқылы саналы 
түрде жүзеге аспаса да үйлестіруге әкелетін кейінге шегерілген 
тетікті білдіреді. Ол, сондай-ақ, миллиондаған адамдардың танымын 
кеңейтіп, күш-жігерін ұштайтын коммуникациялық құрылғыны да 
еске түсіреді. Бәсекелестік бір орталықтан жоспарланып жатпай-ақ 
мыңдаған белгісіз өзгермелілерді қамти отырып, барлық мәселені 
шеше алады. Оны ешкім жобалай алмайды: ол өзгерістерге ұшырауға 
бейім адам табиғаты тәрізді табиғи жолмен пайда болады. Алайда, 
бұл жүйе барлық әлеуметтік ұйымдардың сын тезінен сүрінбей өтті 
– ол өмір сүруге қабілетті екенін көрсетті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет